Материалдар / Ұйымдастырылған іс -әрекеті

Ұйымдастырылған іс -әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын арттыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін__________

Түлкібас ауданы адами

әлеуетті дамыту бөлімінің

«Арайлым» бөбекжайы МКҚК

меңгерушісі: Н.Керимкулова



Музыка әлеміне саяхат!


Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге , музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.


Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады.

Сәлемдесу:

Музыка жетекшісі: Балаларға алдындағы қағаздан бір бірден таратып береді.

(Балалар қолдарына бір бір қағаздан алады).Енді қолдарыңдағы қағаздың түсі қандай сол түсті ноталардың қасына барып жайғасыңдар.

Ойын: «Аспаптарды құрастыр», «Көлеңкесін тап» «Басты әріпті тап»

(Балалар үстелдің үстіндегі қиынды суреттерден музыкалық аспапты құрастырады.)

Балалар енді қараңдаршы қандай аспаптар құрастырдыңдар.

Балалар: Домбыра, асатаяқ

Біз домбыра, асатаяқтан басқа да аспаптарды білеміз ғой?
Балалар: Балалар білетін аспаптарын атайды,
Қазақтың Ұлттық аспаптар туралы жалпы түсінік беру.

Сазсырнай – қазақтың ұлттық аспабы. Саз балшықтан, күйдіріліп жасалады. Үрмелі аспаптар қатарына жатады.

Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы.

Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. 

Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі.

Қыл Қобыз  — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті, ысқышпен ойналатын аспабының бірі.

Музыка жетекшісі: Балалар, осы аспаптарда ойнап ән айту үшін бізге ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Кәнекей, енді өзіміз нота болып музыка әлеміне саяхатқа шығамызба? Жақсы балалар, ендеше ноталар пойызына мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) бірінші аялдамаға келіп тоқтайды. (Аялдамада хат болады)
Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: сендердің алдыларыңда музыкалық аспаптар шығады сол аспапда ойнап беріңдерші.

Музыка жетекшісі:Ал кәне олай болса осы аспаптармен оркестр құрамызба?

(Балалар қолдарына аспаптарды алып ойнайды.)

Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) екінші аялдамаға келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:
Музыка жетекшісі: «Көңілді-мұңды» дидактикалық ойыны

Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
Ханшайымның тапсырмаларын аяқтайық.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)
- Сазсырнай қай аспап түріне жатады? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (Домбыра)
Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (шертпелі)
Аспаптардың аттарын балалар тәрбиешімен бірге дұрыс табады. Тәрбиеші оларға аспаптарды танытырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.

Музыка жетекшісі: Балалар музыка ханшайымының тағы бір тапсырмасы бар екен. Қазақтың ұлттық аспаптары туралы тағы не білесіңдер дейді.

Ендеше балалар осы аспаптар туралы әнімізді айтып берейікші.
( Залға Ханшайым кіріп келеді )
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді).

Ханшайым: Ендеше сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар!

( шығып кетеді.)
Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Кәнекей пойызымызға мініп бөбекжайымызға қайтайық, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)
Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.)

Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік.
Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, тапсырмаларды орындадық. Ендеше балалар музыка ханшайымы сендерге қандай сыйлық тастап кеткенін білгілерің келеме? Ондай болса тақтаға қараңдар . (Балалар тақтаға қарап қандай сыйлық бар екенін көреді.)

Мукзыка жетекшісі:Балалар, ендеше бәріміз бірге қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар !- деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ