Материалдар / Ұйымдастырылған оқу -қызметінің конспектісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу -қызметінің конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалаларға көктем мезгілінің ерекшелектері,ауа-райының өзгерістері туралы айту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу -қызметінің конспектісі

«Тамшылар» ересек тобы

Күні:31.03.2022ж

Тәрбиеші: Ибраева А.М.

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта,Шығармашылық»

Білім бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу,жапсыру»

Тақырып: «Көктемгі ауа райы»

Мақсаты: Балалаларға көктем мезгілінің ерекшелектері,ауа-райының өзгерістері туралы жан-жақты түсінік беру,қоршаған орта туралы ұғымын тереңдету.

1.Тәрбиелік: Балалардың табиғат деген қызығушылықтарын арттыру; табиғаттағы өзін-өзі ұстау қарапайым ережелеріне тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Табиғаттағы өзгерістер арқылы балалардың зейіні мен есте сақтауын, дүниетанымы мен ойлауын, шығармашылық ойлауын дамыту.

3.Оқыту: табиғаттағы өзгерістерге зейін аудара отырып, табиғат туралы білімдерін кеңейту; бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеуге үйрету; қағаздан қиылған дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды үйрету.

Сөздік жұмыс

"Көктемгі ағаштар", "Көктемгі ауа райы,"Қар еріді", "Күн жылынды", "Құстар қуанды", "Ағаштар бүршік жарды", "Жарайсың!", сөздерін пайдалану.

Әдіс-тәсілдер:

"Көктемгі ағаштар", "Көктемгі ауа райы","Қар еріді", "Күн жылынды", "Құстар қуанды", "Ағаштар бүршік жарды", "Жарайсың!сөздерін пайдалану; әңгіме, түсіндіру, ғажайып сәт, сергіту сәті.

Құрал-жабдықтар:

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Көктем қуыршағы, көктем туралы қысқаша бейнебаян, көктемгі ауа райы мен көктемгі ағаштар туралы суреттер.

2.Үлестірмелі материалдар:Желім,қыл қалам,қоюға арналған ыдыс,қағаз қалдықтарын салатын тарелкалар,баспа қағаздары.

Оқу қызметінің барысы

1.КІРІСПЕ БӨЛІМ.

Аудиожазбаны тыңдау(жаңбыр тамшылары)

- Бейнелген сурете нені көріп тұрымыз?

- Қазір жылдың қай мезгілі?(көктем мезгілі)

Балалар, көктемнің қай айы? Сәуір. Жарайсыңдар.

Көктемгі ауа-райының ерекшелегі?Ағаштар бүршік жарады,құстар ұшып келеді.

Көктемгі табиғат құбылыстар атау?(жаңбыр,бұлт,күн,кемпірқосақ)

Көктемгі өзгерістер"суретпен жұмыс

Сергіту сәті:

Ой балалар,балалар

Жылы-жылы жел соқты

Жылғалардан су ақты

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,

Жер қарайды жаз кепті

Дидактикалық ойын:

-Ал енді көктемгі ағашты жапсырамыз.

Дайын үлгіну зерттеу

Жапсыру амалдарын көрсету.

Жұмысты орындаудың реті:Көктемгі ағаш жапсыру

3. ҚОРЫТЫНДЫ
– Балалар, біз бүгін не айтық,не істедік?(Балалардың жауабы)
– Көктемгі ерекшеліктерін кім атай алады?
Күн жылынады,ағаш бүршік жарады,жаңбыр жауады,құстар қуанып, аспанда қалықтап ұшады. Жарайсың,Әрсен!
– Балалар, сендер бүгін оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар, көп рақмет, сендерге!
– Осымен оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар
!








































Ұйымдастырылған оқу- қызмтінің конспектісі

«Тамшылар» ересек тобы

Күні: 10.12.2022ж

Тәрбиеші:Ибраева .А.М.

Білім саласы: Коммуникация,Шығарамшылық.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Мен еңбекқор баламын»

Мақсаты:

Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру.

Дамытушылық: еңбек ету дағдыларын дамыту.

Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд , доп.

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру,сұрақ -жауап.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай.

II. Негізгі кезең:

Әңгімелеу.

- Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?

- Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. Әр бала кішкентай болса да, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек. Киімдерді реттеп қою, ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т.б. жұмыстар, жағымды іс – әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрін орындайтын баланы еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Сондықтан да еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал. Олай болса балалар Мәдіхат Төрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» әңгімесін бейне жазба арқылы тамашалайық.

Сұрақ – жауап арқылы бейне жазбаны талдау.

- Бейне жазба туралы түсінгендерін сұрау.

- Балалар, Хадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

- Бүгін жасалатын жұмысты ертеңге қалдыруға бола ма екен?





Ертеңге қалдыруға бола ма? М.Төрежанов

Қалима апай жұмыстан келгенде,қызы ойыншықтарымен ойнап отырған-ды. Шешесі күндегі әдетінше киімдерін аустырып, үй жұмысына кірісіп кетті. Үйді сыпырып, еден жуып жүріп:

-Қадиша,гүлдерге су құймағансың ба?-деп сұрайды.

-Апа,гүлдерге суды ертең құямын ғой.

-Анасы еденді жуып болып, терезенің шаңын сүрте бастайды.

-Қадиша,ойнаған қуыршақтарыңды неге жинап қоймадың, реттей салсаңшы...-деді қызына.

-Апа,қуыршактарымды ертең жинармын. Жарай ма? Қалима көйлек-көншек тәрізді жеңіл заттарды жууға ыңғайланып;

-Қадиша,дүкенге барып,кір сабын әкеле қойшы,-деді.

-Апа,мына көйлегімді жуа салшы,-деді.

-Қадиша ертең де кір жуамын,сонда бірге жуармын көйлегіңді.

Біраздан кейін Қадиша шешесінің жанына келіп;

-Апа тамақ істемеисің бе?Қарным ашып кетті,-деді.

-Тамақты да ертең істеимін.

-Апа,теледидир қойып беріңізші, кино көрейін деп едім,-деді Қадиша біраздан кейін.

-Киноны да ертең қарарсың. Ертең де күн бар. Қадиша:

-Бәрін де ертең-ертең дейсің,бүгін тамақ ішпеуім,теледидир көрмеуім керек пе?-деп жылап жіберді.

-Неге жылайсың?-деді шешесі. Бүгін істейтіннің бәрін ертеңге қалдырып, ертең-ертең дегенді шығарған өзің емес пе? Сенен үйреніп,мен де ертеңге сілтеп отырмын. Әтпесе,бүгін-ақ тындырып тастауға болатын істі ертеңге қалдырудың не қажеті бар?

Қадиша қарақат көздерін бір нүктеге қадап, ойланып қалды. Шынында да шешесінің айтқаны орынды екен-ау.

Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды,бір нүктеге қадап, ойланып қалды. Шынында да шешесінің айтқаны орынды екен-ау.

Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?

Балалардың жауаптары тыңдалып,қорытындылау.

Ата-аналарынның,үлкендердің айтқан сөзін тыңдап, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор,еңбексүйгіш деп атайды. Қадиша сияқты анасының сөзіне құлақ аспай, айтқанын уақытында орындамайтын,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?

Ойын. «Мен еңбекқор баламын».

Ойын шарты: Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты келесі балаға лақтырады.

Мысалы: Мен ойыншықтарымды жинаймын.

Мен гүлдерге су құямын.

Мен киімдерімді реттеймін.

Мен есіктің алдын сыпырамын.

Мен ыдыстарды жуамын.

Мен үйді реттеймін.

Мен еден жуамын, т.б.

Сергіту сәті:

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Еңбек туралы мақал -мәтелдер:

1. Еңбек бәрін де жеңбек.

2. Еңбекпен ел көгерер

Жаңбырмен жер көгерер.

3. Еңбек түбі зейнет.

4.Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.

Шығармашылық жұмыс: «Көктем ағашы» Балалар ақ қағаздағы ағашқа жапырақтарды жапсырады..

III. Қорытындылау.

Балалар біз бүгін оқу қызметімізде ата-анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!