Ұйымдастырылған оқу қызмет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балауса» II - кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 06.04.2018 ж

Білім беру салалары: «Әлеумет»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Гүлдер, гүлдер, әсем гүлдер»

Мақсаты: Шалғын гүлдері және гүлзарда өсетін гүлдер туралы түсіндіру; гүлдерді бостан – босқа жұлуға болмайтындығын айтып, экологиялық түсініктерін дамыту; табиғатты сүюге баулу

Сөздік жұмыс: Түймедағы – ромашка, қоңыраугүл - колокольчик

Қажетті құрал - жабдықтар: Гүлдердің суреттері

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, бізге біреу асығып келген сияқты. Кәне, қарайықшы?

Тәрбиеші сынған гүлді көрсетеді.

- Мен түймедағымын,

Қазір шала тірімін.

Ойнап жүріп балалар,

Таптап кетті, қараңдар!

- Балалар, мына гүлге не болғанынын қараңдаршы.

- Шалғындағы гүлді

Жұлып алдым бүгін.

Неге екенін білмеймін,

Тастай салдым бәрін.

- Су құйылған стақанда ол бір күн тұрды, бірақ солып қалды. Ал гүлдер шалғында қаншама күн өсіп тұратын еді.



Қызығушылығын көрсетеді.






- Гүлді сындырып тастаған.

Іздену -ұйымдастырушылық

Білімді өзектендіру.

- Балалар, мен сендерге шалғында болған бір оқиға туралы айтып берейін. Бірде бір топ бала шалғындыққа барады. Шалғындықта көптеген қоңыраугүлдер, түймедағы сияқты гүлдер өсіп тұр екен. Балалар «Кім көп гүл жинайды?» ойынын ойнайды. Олар жүгірді, секірді, сөйтіп әбден шаршады. Әрқайсысы өздеріне гүлдерден өріп баскиім - гүлтәж жасап, бастарына киді. Бірақ ауыр болған соң гүлтәждерін лақтырып тастады.

- Қалай ойлайсыңдар балалар, дұрыс жасады ма?

- Неге гүлдерді көп жұлуға болмайды?

Сөздік жұмыс.

«Гүлдерді аяқпен баспа!» ойыны. Шарты: тәрбиеші еденге қағаздан жасалған гүлдерді жайып тастайды. Балалар гүлдерді баспай арасынан өтулері тиіс.

«Ойды аяқта» ойыны. Шарты: тәрбиеші бір ойдың басын айтады, балалар оны аяқтайды. Мысалы: Мен шалғын гүлдерін жақсы көремін, өйткені...(мен оларды жұлмаймын). Біздің бақта үнемі әсем гүлдер болу үшін, мен оларды...(баспаймын). Аулам әдемі болсын деп, мен...(анаммен гүл отырғызамын). Гүлдер аулаға әдемі көрік береді және...(ауаны тазартады).

Жеке жұмыс өткізеді.


Тәрбиешіні тыңдайды.















Балалардың әрекеттеріне өздерінің пікірлерін айтады.


Қайталайды.




Балалар ойын ойнайды.





Белсене қатысады.












Рефлексивті түзеуші

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді. Бір – бірінің жауаптарын тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Шалғын гүлдері мен гүлзарда өсетін гүлдерді ажырата білуге берілген тапсырманы

Қалыптасқан әдет: Гүлдерді бостан – босқа жұлуға болмайтындығын, яғни экологиялық түсініктерді

Істей білуі: Гүлдердің пайдасы туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдау білу дағдыларын

Тәрбиеші: Джамбаева Л.Ж.

Тексерген: _______

Ескерту: _________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі