Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Үй жануарлары.
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:
Білімділік: балалардың үй жануарлары, олардың пірлері, адамға тигізетін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: үй жануарлары мен
олардың төлдерін атауын дұрыс айтуға, зейінін, есте сақтау
қабілетін дамыту. Белгілі ереже бойынша өзара әрекет ету дағдысын
жетілдіру.
Тәрбиелік: үй жануарларына
сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері, Әли мен Ая және атасы мен апасының суреттері.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын технологиясы, Мнема кестелері
Сөздік жұмыс: Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Сексеката, Шопаната
Үштұғырлық: Үй жануарлары-домашние животные-Domestic animals
Іс-әрекет |
Тәрбиешініңіс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- |
Балаларды шеңбер жасауға шақырады: Еліміз аман
болсын! |
Қызығушылық танытады. Еліміз аман
болсын! |
Ұйымдастыру- Рефлекциялық-түзетушілі |
-Балалар, бүгін біздің топқа көптеген қонақтар келіпті. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Үй жануарлары».Ондай болса амандасып алайық. ҒАЖАЙЫП СӘТ: -О-о-о балалар қараңдаршы бізге тағы кімдер қонаққа келген екен? -Балалар, Әли мен Ая ауылдағы әжелеріне қонаққа баруға ұсыныс жасап отыр, сендер барасыңдар ма? Ондай болса, автобусқа отырыңдар. Балалар бұл автобуста көңілімізді көтеретін әуенде бар екен. -Балалар, бұл әнді бізде айтып көрейік?! Не туралы айтылған? -Дұрыс айтасыңдар. Балалар, үй жануарлары орысша, ағылшынша айтып көрейік.-Өте жақсы. Апамыз бен әжемізге жеткенше әлі біраз жүреміз, сондықтан саяхатымызды әрі қарай жалғаймыз. Жол жөнекей көп қызықтар болады. Балалар мына жайылып жүрген үй жануарларына қарңдаршы. Бұл қай жануарлар? -Дұрыс айтасыңдар бұл қой мен ешкі ғой. Қой мен ешкінің адам өміріне қандай пайдасы бар? -Өте жақсы бұл отра-отар қой мен ешкінің пірі, атасы кім? -Ал қой мен ешкі қалай дыбыстайды? Қойдың төлі не? Ешкінің ше? Өте жақсы ал біз қойды пұшайт-пұшайт деп, ешкіні-шөре-шөре деп шақырады екенбіз. Өте жақсы төрт түліктің пірілері сендерге алғысын білдіріп жатыр. -Ой балалар, автобусымыз неге тоқтап қалды екен? Тағыда жолымызға үйір-үйір жылқы кездесіпті. Балалар біз осы жылқы туралы не білетінімізді Әли мен Аяға айтып берейікші. Әрі қарай әндетіп кетеді. -Мәссаған мына жерде не боп жатыр? Үй жануарлары мен дала жануарлары бір жерде мекен етеді деп кім айтты? Балалар қараңдаршы бұл дұрыспа? Осы жерде біз сендермен «Мекеніне апар» ойынын ойнасақ қалай қарайсыңдар? Ойын шарты: Үй жануарлары мен дала жануарларын ажыратып, өз мекеніне орналастыру. Планелеграф қолдану. -Өте жақсы балалар! Әрі қарай жолымызға аттанайық. (Әндетіп кетеді) -Балалар, табиғат қандай тамаша! Керемет! Ой автобусымыз неге тағы тоқтап қалды? -Ойбой мынау жайылымда жүрген Әли мен Аяның әжесімен атасының үй жануарларымына өзеннен өте алмай тұр екен. Олар сүрінбей өтіп кету үшін сендер төрт түлік туралы тақпақ айтып беріңдер. Балалар үй жануарларының төлдерін қалай шақырамыз? -Өте жақсы, қандай зерек ақылды балалар едіңдер, тамаша! -Ал енді балалар, мына жерде біраз демалып алайық. СЕРГІТУ СӘТІ Балалар біз сендермен достық туралы сергіту сәтімізді орындайық иә! Ренжітпе досыңды, Мен қостаймын осыңды Тату ойнап әрқашан, Көтер көңіл қошыңды. Ойнайықта күлейік, Көңілденіп жүрейік. Бақыт кілті достықтың, Татулық деп білейік. -Балалар, Әли мен Аяны апалары құлыным, қозым деп еркелетеді екен. Апаларың мен аталарың сендерді қалай еркелетеді? -Ары қарай сапарымызды жалғастырайық! Ой балалр, автобусымыз тағы неге тоқтап қалды екен? -Мына жерде көп түйелер жайылымда жүр ғой. Олар жолымыздан өткенше олар туралы не білетінімізді айтып өтейік. Ол үшін Мнема кестесін қолданып өтелік! -Бұлар не? -Түсі қандай? -Дене мүшелерін атап беріндерші. -Денелері немен қапталған? -Дауыстарын анықтап өтелік! -Өте жақсы балалар тамаша! -Немен қоректенеді? -Тұратын мекені қай жер? -Төлдерін қайтадан бір еске түсіріп жіберейік. -Адамға тигізер пайдасы қандай? -Балалар біз Әли мен Аяның үйінеде жеттік. Иә, балалар өрістен қайтып жатқан көрінеді. Оларды бағып қағатын пірілерде бар екен. Балалар біз сендермен бір ойын онап жіберейік! «Үй жануарларын тап!» Шарты: мен сендерге сурет көрсетемін егер үй жануарын көрсетсем, қол шапалақтайсыңдар жарайма! Балалар сабағымызды түйіндеу мақсатында Сурет
көрсетеді. Сөздік жұмыс
атқарады: -Өте жақсы. Міне ауылғада келіп жеттік. Әли мен Аяның әжесіне сәлем берейік. -Ауылға келген қонаққа ақ тамақ ұсынылады екен балалар. Қараңдаршы бізге Әли мен Аяның әжесі не құйып берді? -Дұрыс айтасыңдар! Енді біз тәжірибе жасап көрейік. -Түсі қандай? -Иісі қандай? -Дәмі ше? -Сұйық па, әлде қою ма? -Жарайсыңдар, балалар! Әли мен Аямен қоштасатын сәтте келіп жетті! -Балалар біз қайда бардық? -Не туралы әңгіме қозғадық? -Үй жануарларын атап беріңдерші! Қонақтарымызбенде қоштасатын сәт келді. Өз бала-бақшамызға оралайық. Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгінгі келген қонаққа, Сау болыңыз деп айтамыз! |
Таң қалады, амандасады. -Бізге қонаққа Әли мен Ая келді. (Балалар Әли мен Ая болып киініп кіреді) -Иә, барамыз. Әли мен Ая мультфиліміндегі Ән қосылады, балалар бірге әндетіп орындайды. Мнема кестесі бойынша сұрақтарға жауапбереді. -Үй жануарлары туралы айтылған. .-Бұл үй жануарлары қой мен ешкі ғой. -Сүтін ішеміз, етін жейміз, жүінінен киім- кешек тоқимыз. -Отар-отар қойдың атасы – Шопан ата! Ешкі атасы-Сексек ата! Балалар таң қалады. -Қой мен ешкі маңырайды. Қойдың төлі-қозы, ешкінің төлі-лақ. -Жарайды. Жылқы атасы Қамбар ата, жылқының төлі-құлын. Біз оны құрау-құрау деп шақырамыз. -Иә, бұл дұрыс емес қой. Үй жануары үйде, орманда мекен ететін жабайы жануарлар орманда тұрақтайды ғой. Ойнаймыз! Балалар кезекпен әр жануардың мекенін анықтайды. (Әндетіп кетеді) Балалар таң қалады. -Біз үй жануарларына өзеннен өткенге болысамыз! - Жылқыны – «құрау-құрау» деп шақырамыз. Балалар өздері білетін өлең жолдарын кезекпен орындайды. Балалар сергіту сәтін жасайды. (Мультфильмнен алынған әннен үзінді) Ренжітпе досыңды, Мен қостаймын осыңды Тату ойнап әрқашан, Көтнр көңіл қошыңды. Ойнайықта күлейік, Көңілденіп жұрейік. Бақыт кілті достықтың, Татулық деп білейік. -Ботақаным, қошақаным, тентегім деп еркелетеді. -Малдар өрістен қайтып жатыр ғой жолдан өтіп жатыр. -Малдардың дыбысы естіледі. -Олар үй жануарлары. -Ақ, қара, қоңыр. -Басы, денесі, төрт сирағы. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. -Шөппен қоректенеді. -Терімен қапталған. -Қорада мекендейді. Мнема кестесі бойынша балалар сұрақтарға жауап береді. -Сүтін ішеміз, терісінен былғары етік дайындаймыз, жүнінен байпақ тоқимыз. Етін жейміз. Балалар ойын шарты бойынша жабай жануарлар мен үй жануарларын анықтайды. Балалар амандасады. Суретке
қарайды. Сөздік жұмыс
қайталайды: -Апасы бізге айран мен сүт құйып берді. -Жасап көрейік! -Ақ. -Иісі жоқ. -Дәмі тәп-тәтті. -Сүт сұйық, айран қою! Қоштасады. -Әли мен Аяның апасына қонаққа бардық. -Үй жануарларына: түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы. Балалар қонақтармен қоштасады. Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгінгі келген қонаққа, Сау болыңыз деп айтамыз! |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:малдың енесі өз төлін қалай еркелетіп атайтынын жеткізе білуді;
Нені игереді:толық сөйлеммен немесе тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді, өз досының жетістіктеріне қуана білуді, өздеріне баға бере алуды.
Нені меңгереді:талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып, білдіруді;