Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Ғарыш».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Ғарыш».

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Ғарыш"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Первомай ауылы.

Бітік ОЖББМБ КММ

Тәрбиеші: Рахметуллина Нұрайла Әмірғалиқызы










Тақырыбы «Ғарыш»

ұйымдастырылған оқу қызметі
































Тақырыбы: «Ғарыш»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Мақсаты:

  • Ғарыш саласында жүргізілген зерттеулер туралы, зерттеушілердің еңбегінің өзіндік жағдайлары туралы балалардың білімдерін бекіту.

  • Ойдағы жағдаятты елестету, түсіну және сол жағдаятқа сәйкес әрекет ету.

  • Ойын диалогын модельдеуге, түрлі құрастырғыштарды, құрылыс материалдарын, ауыстырғыш заттарды қолдануға үйрету.

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс:«Жұлдыздарға салынған жол» сурет салу.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар:Шоқшұлдыздар картасы; ғарыш кемесінің элементтері; дүрбілер, рациялар;Телескоп, ғаламшардың бейнеленген суреті

Қостілділік компонент /билингвальный/: Ғарыш – космос, ғарышкер – космонавт.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс - әрекеті




Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Жұмбақ жасыру:

Ұшқыш емес, бірақ

Аспан қалықтап ұшады.

Кім ол деп ойлайсыңдар?

Сендер оны «Ғарышкер» деп ойлайсыз ба?

Балалар, біз қайда тұрамыз?

«Ғарыш» деген не?

«Ғарышкер» деген кім балалар?

«Ғарышқа» немен ұшамыз?

«Ғарышкер» болу үшін не істеу керек?


Балалар ойланып өз ойларын білдіреді. Тәрбиеші көмегімен шешуін табады.


Ғарышкерлерді зымыранды басақаруға үйретеді.

Ғарышкерлер: ғарышты зерттейді, ғарыштан планеталарды фотоға түсіреді,





Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Балалармен әңгімелесу.

«Ғарыш деген не?», «Қазақтың ғарышкерлері»

Балалар біздер жер бетінде тіршілік етеміз. Біздің әрқайсымыз өз үйіміз және де туған жеріміз бар. Сол жер бетінде біз тұрып жатырмыз. Егеменді ел болып өзіміздің мақтан тұтар мерекелеріміз бар сол мерекелердің бірі 12 – сәуір «Ғарышкерлер күні». Ғарышкерлер суреттерін көрсете отырып таныстыру. Бізде қазақ ғарышкерлер ағаларымызды мақтанышпен есімдерін айтамыз. Ең бірінші ғарышкер ағамыз Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ал, екінші ғарышкер ағамыз Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы. Осы ағаларымыздан бұрын ғарыш әлеміне сапар шеккен Юрий Гагарин.

Ғарышкерлердің арнайы киімдері болады. Оны - скафандр дейді.

«Жұлдыздар, олар қандай?»;

«Күн жүйесі дегеніміз не?».

Дидактикалық ойындар

Ойын: «От, ауа, су, жер»

Мақсаты: Балаларды зеректілікке, байқампаздыққа, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Ойын шарты: От – дегенде қолды жанға созу, су дегенде – екі қолды алға сермеп жүзу, жер – дегенде отыру, ауа- дегенде қолды көтеру.

Ғарышкер киім киеді, жермен байланыс жасайды, зымыранды басқарады, аспаптың жұмыс істеуін бақылайды, жалынды аймақты анықтайды, көргендерін бас ғарышкерге хабарлайды, апаттық жағдайларды жояды, ашық ғарышқа шығады, бейтаныс планетаға кемелерін қондырады.




Ғарышкерлер ағаларымызбен танысты, суреттерін қарады.






Тәрбиеші әңгімесін мұқият тыңдады.





Скафандр- ғарышкер киімінің суретін қарады.



Балалар ойынға белсене қатысты.




Іс- әрекеттің бағалау кезеңі

Шығармашылық жұмыс: Зымыранды пішіндерден жапсыру.


Оқу іс -әрекет соңында балаларды рөлге бөліп ғарышкерлер ойынын ойнау арқылы қорытындылады.

Балалар әртүрлі пішіндерден зымыран бейнесін құрастырды.



Балалар өз рөлдерін шеберлікпен ойнай білді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Өз рөлдерінде әдемі ойнай біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Ғарышкерлер еңбегінің қиын да, қызықты жұмыстары туралы түсінік алды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үлкендер еңбегін бағалау өз ісіне деген адалдық пен шыншылдыққа.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2021
384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі