Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі еліне шолу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
236
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құсмұрын кенті әкімінің аппараты» ММ «Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы»МКҚК

Мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні:18. 09. 20

Тәрбиеші: Сальменова А.Х

Білім беру саласы: Таным «Жаратылыстану», «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Ертегі еліне шолу» Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Достарына көмек беруге, адамгершілікке, инабаттылыққа, жаңашырлыққа тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін дамыту ізденімпаздық қызметі арқылы ақыл ой, көз өлшемі, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: Тәжірибенің құпиясы туралы білімдерін қалыптасуына мүмкіндік беру, құрылымын тамашалау, тастың, губканың , тұзды судың қасиеттері жайында түсінік беру.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Бұршақ, манка,тұз, жұмыртқа , қағаздан жасалынған балықтар, су, ұсақ тастар, магнит, музыка, хат, стақан, тәрелке, қасық, банка.

Билингвалдық компоненті: Тәжірибе- опыт, Күлше қыз- золушка, Ер төстік- Ер төстік, балықшы- рыбак. жалқау мысық- ленивый кот.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі .

2. Негізгі бөлімі: Балалар бізге хат беріп жіберіпті, ол кімнен екенің мен білмеймін. Бұл хат ертегі елінен екен. Балалар, бізден ертегі кейіпкерлері көмек сұрауда.


1хат. Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен ертегідегі Күлше қызбын, балалар маған көмектерін қажет, менің өгей шешем: «Сен ешқандай балға бармайсын 5 қапшық бұршақты тазартып таста. Содан кейін балға баруыңа рұқсат»- дейді. Ал бес қап бұршақты кешке дейін тазартып бітірмеймін, маған әлі үй жинау, кір жуу, тамақ пісіру керек. Сондықтанда мен сендерден көмек сұрап тұрмын.

Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдерме біз Күлше қызға көмектесе аламыз ба?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Күлше қыз беріп жіберген бұршақтарды біз сендермен илеуіштің көмегімен тазартып аламыз.


1-тәжірибе:

Басқа ұсақ жармамен араласқан бұршақтарды балалар илеуіштен өткізіп , оны тазартып таза ыдысқа салады.

Тәрбиеші: Балалар біз сендермен неліктен тез бұршақты жармадан тазартып тастады?

Балалар: Бұршақ үлкен-сүзгіден өтпейді, ал ұсақ жарма табаққа құйылады.

Дұрыс айтасыңдар, Жарайсыңдар балалар!


Picture 9 Picture 18

Picture 12


2 хат: Сәлеметсіңдерме балалар мен «шұбар тауық » ертегісіндегі шұбар тауықпын. Мен өзімнің жұмыртқаларымды байқамай суға түсіріп алдым, ал судан қалай алуды білмеймін, ал ата мен әже жұмырта күтіп отыр. Балалар сендер маған жұмыртқаны судан алып бере аласыңдар ма?


2- тәжірибе:


Тәрбиеші: Су толы стақаннан жұмыртқаны алып шығуға бізге тұз қажет, балалар суға толған стақанға біз тұз қосып оны дұрыстап араластырамыз. Балалар тұзды 2-3 қасық салып араластырамыз, тұз суда ергенше.

Балалар: Суға толы стақанға тұз қосып араластырады.

Тәрбиеші: Балалар не байқадыңдар?

Балалар: Жұмыртқа су бетіне қалқып шықты.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал неге тұз салғаннан кейін жұмыртқа су бетіне шықты?

Балалар: Өйткені тұзды су тұщы суға қарағанда ауыр болады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!


Picture 15 Picture 23


Тәрбиеші: Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар кәнекей ортаға шеңбер құрып бір қимылды ойын ойнайық.

Ойын: «Тау, тас, су»

Мақсаты: Балаларға ойын барысын түсіндіріп, ойын шартын орындату.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға музыка қосады, балалар музықа қосылғанда балалар шеңбер бойы билеп жүреді, музака тоқтағанда тәрбиеші тау дегенде балалар тау сияқты қатып қалады, су дегенде қолдарымен толқын жасайды, гүл дегенде қолдарын жоғары көтеріп гүл сияқты тұрады, құм дегенде балалар отырып қалады.


Picture 26

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар денемізді сергіттік.

Ал енді тағы ертегі елінен келген хат бар.

3- хат: Сәлеметсіңдер ме балалар мен «Ер төстік» ертегісіндегі Төстікпін мен өзімнің әкемді құтқару үшін алыс жолға шыққам, бірақ мыстан кемпір менің жолымды бөгеп тастады. Ол жолға көлшік жасап қойды, енді мен бұл көлшіктен қалай өтуін білмеймін. Бірақ көл жағасында тастар бар соны суға тастап көлдің ар жағына өте алам ба ? Қалай ойлайсыңдар? Маған көмек берсеңдер.

Тәрбиеші: Балалар Ер төстікке көмектесеміз бе? Балалар: Ия Тәрбиеші: Біз тәжірибе арқылы ненің жеңіл, ненің ауыр екенін біліп аламыз.

3- тәжірибе: Су құйылған стақанға балалар тас пен губканы салады. Оны қасықпен араластырады, кейін балалар байқайтын болады не жеңіл, не ауыр екенін.

Тәрбиеші: Балалар тас жеңіл ме? Балалар : Жоқ тас ауыр ол су түбіне батып кетті. Тәрбиеші: Ал губка қандай? Балалар: Губка жеңіл ол судың бетіне қалқып шықты. Төстікке тасты басып өтуге болмайды өйткені ол суға батып кетуі мүмкін.

Тәрбиеші: Мен Төстікке хаттың жауабын жазып жіберемін .

Picture 29 Picture 30 4-хат: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен «Балықшы» ертегісінің Балықшы атамын менің балық аулайтын қармағым сынып қалды. Менің кемпіріп маған балық ұстап бер дейді, ал мен қармақсыз ұстай алмаймын. Маған сендердің көмектерін қажет.


Тәрбиеші: Балалар біз сендермен магниттің көмегімен балық аулайтын боламыз.


4- тәжірибе:

Су толы банкадан магниттін көмегімен балық аулау. Балықтардың аузында темір скрепка бар , магнитті банканың сыртынан жақындатқан кезде балықтар жылжып су бетіне шығады.

Тәрбиеші: Балалар біз кімге көмектестік?

Балалар : Балықшы атаға

Тәрбиеші: Біз ненің көмегімен балық ауладық?

Балалар: Магниттің көмегімен балық ұстадық.

Тәрбиеші: Ал неге балықтар магнитке тартылды?

Балалар: Өйткені темір магнитке тартылады.

Тәрбиеші: Ал ендеше біз балықшы атаға осы сиқырды хатта жазып жібереміз.

Тәрбиеші: Балалар жарасыңдар!


Picture 33 Picture 36


3. Қорытынды:

Балалар біз бүгін оқу қызметінде кімдерге көмектестік?

Күлше қызға қандай көмек көрсеттік?

Ал балықшы атаға?

Балықты ненің көмегімен ұстадық?

Ненің ауыр екенің қалай ажыраттық?

Шұбар тауық қандай көмек сұрады бізден?

Жұмыртқа неге тұзды суда судың бетіне қалқып шықты?

Жарайсыңдар балалар!

Сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

Жауаптарын керемет болды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ