Материалдар / Ұжымдастыру қарсаңында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұжымдастыру қарсаңында

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәркілеу және Ұжымдастыру қарсаңындағы ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2024
224
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар

1.Гурьев округы ұжымдастыру қарсаңында.

2.Ұжымдастыруды іске асыру шаралары.

3.Ұжымдастырудың қасіреті.

4.Қорытынды.

Кіріспе

ТӘРКІЛЕУ

1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің біріккен мәжілісіне «Іpi байлар мен жартылай феодалдардың мал-мүліктерін тәркілеу туралы» декреттің жобасы ұсынылды. Мақсат байлар мен жартылай феодалдарға экономикалық жағынан тәуелді болудан босату және еңбекшілердің экономикалык, мәдени деңгейін көтеру болатын.

Тәркіленген байлардын елге ықпал етуін болдырмау үшін олар жер aударуға жатқызылды. Жер аудару тиісті органдардың қызметкерлерінің күшімен жүзеге асты. Қарақалпақ автономиялық облысы мен Адай округі және мақта шаруашылығымен айналысатын Сырдария губерниясының ірі байлары ғана жер аударылмайтын болды. Iс жүзінде қаулының бұл тармағы өрескел бұрмаланды.

Қаулы бойынша байлардың төмендегі байлық дәрежелері белгіленді:

-ipi байлар қатарына (малдарды ірі қараға шаққанда) 400 ден aca малы бар көшпелілер; 300 ден астам малы жартылай көшпелі қожалыктар; отырықшы аудандарда 150-ден аса, жеке жағдайларда 100 бас малы барларды да байлар қатарына жатқызуға рұқсат етілсін.

-жер аударуға жатқызылған отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлерінде шаруашылықпен айналысу кұкынан айыруға:

-жер аударуға жатқызылған қожалыктардан мекен-жайларының кайда болғанына қарамастан ауыл шаруашылығына тікелей және жанама қатысы бар мүліктері мен кұрал-жабдықтары белгіленген мөлшерден артығы тәркіленсін: Тәркілеуге ауыл шаруашылығына қатысы жоқ үй жабдықтары, киім-кешектер, азық-түліктер т.б. жатпайды.

- кеңес үкіметіне қарсы қызметі үшін патша үкіметінен алған бағалы сыйлықтары, хан, султан, тұқымынан болыстықпен келе жатқаны мүліктері тәркіленіп, жер аударуға жатады.

- жер аудару мерзімі 1928 жылдың 1 қарашасына дейін аяқтау белгіленсін.

Қаулының орындалуы ОГПУ oргандарына жүктеліп, оның кызметкерлері бірден республиканың округтеріне, аудандарына, ауылдарға бөлінiп, бай шаруашылықтарының есебін жүргізді. ОГПУ кызметкерлері өздерін барынша көрсету мақсатында күн-түн демей тер төкті, Кедейлер комитетіндегі әсіре белсенділерді көмекке алды.

Алғашқыда республика бойынша аса ipi байлар тобына 562, екінші топқа 134 қожалық жатқызылғандығы туралы акпарлама беріллі. Іс жүзінде орташалар да байлар қатарына тартылып, көптеген қазақ отбасы тентіреп кетті. Голощекиндік саясат халықтың мұң-зарымен санаспады.

Ф.Голощекиннін бұл «Кіші қазан» жоспары байлар мен әлділердің иелігіндегі мал, мүліктерін тәркілеуге бағытталды. Байларды тәркілеу

-қазаққа қарсы геноцидтің басы, күшпен ұжымдастыру саясатының баспалдағы болды, бұл қазақтын ғасырлар бойы дамып келе жатқан мал шаруашылығының дамуын кері кетірді. Байдан алған байлық әкелген жок, к ерісінше, кедейлердің жағдайы, қазақ ауылдарының күйі қашты.

Yкімет қаулысында Адай округінің байлары жер аударуға жаткызылмайтын аймақ екеніне қарамастан, өнірдің ауқатты адамдарына қырғидай шүйлікті, сондай-ак, «Ауыл шаруашылығына қатысы жоқ үй жабдыкқтары, киім-кешектер, азық-түліктер т.б. тәркілеуге жатпайды» дегенді ескермей, малмен шектелмей, дүние-мүліктерінің де есебін алып, үй жиһаздарын, самауырын, жезқұман, кілемдергe, әйелдер мен қыздардың әшекей бұйымдарына, шоңқайма етіктеріне дейін тартып алынды.

Округтегі тәркілеу саясатьына байланысты жүргізілген жумыстардың бірқатарына мысалдармен тоқталайық. Адай округі бойынша мал-мүлкі тәркіленген алғашқылардың қатарында 281 адам тізімге ілінген деп дерек береді өлке зерттеуші Қ.Қаражанов. №1 ayылдан 3l отбасы, №2 ауылдан-33, №4 aуылдан -20, №7 ayылдан -13, № 10 ауылдан -21 байдың мал-мүлкі толықтай тәркіленіп, малы ортаға салынды, дуниелері сатылды.

Қыдырша ауылының мысалында: жекеге тартылған дәулеттілер қатарында бұл aуылдан Асар Байжанов, Баспақ Жәлмембетов, Көптілеу Әлмембетов және Жұманазар Жанұзақов бар. Асар Байжановтан 110 кой, 10 жылкы, 6 түйе, салықтан тыс 7 жылкы, 2 түйе алынған. Бұған қоса, 413 сом 70 тиын төленген; Баспақ Жәлмембетов 140 кой, 40 жылқы, 10 түйе, 10 жылқы, салықтан тыс 10 жылқы жане 391 сом 50 тиын телеген: Көптілеу Әлмембетов 260 қой, 22 жылқы, 15 түйе, салықтан тыс 20 жылқы, 1 түйe және 1251 сом телеген; Жұманазар Жанұзақов 155 қой, 14 жылқы, 11 түйе, салықтан тыс 7 жылқы, 6 түйе және 725 сом 70 тиын төлеген; Тертеуі де № 3 ауылдың тұрғындары, қоныстары - Шорымда. А.Байжанов пен Ж.Жанұзақов 1929 жылдың 27 каңтарына берілген мәліметте бай, атқамінер және әлеуметтік жағынан қауіптілердің тізіміне ілініпті.

Шегем ауылдары жазға қарай Тайғырдың қырына дейін көтеpіліп, Басыгүрлі, Жазыгүрлі, Дауысты, Айдарлы-Қарабас маңдарыи мекен етеді. Шаруа жайымен отырған біраз мал байлығы бар Шотықбаймен баласы Аханнан 1928 жылы 3500 жылқы тәркілеген. Мал артынан өздерін тыныштыққа қоймайтынын сезген әкелі-балалылар Оңтүстік бетке кете барады.

Ахан -Ұлы Отан соғысынын ардагерi, запастағы полковник, соғыс кeзiнде даңқты Қолбасшы, Кеңестер Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың жеке хатшысы болған Аханов Жазықбайдын әкесі.

Маңғыстаулық 281 байдың бірқатары қолдан жасалған «байлар» еді. 1930 жылғы 3 жане 6 наурызында Маңғыстау ауданының 3 учаскелік халық сотының шешімімен тағы да 25 адам әлдіге жатқызып, малдары тәркіленіп, барлығы 2580 қой, 355 жылқы, 220 түйе, 50 ешкі алынып, колхозга кірістелді. Бірқатарларының күнкөрістік 1 ат, 1 түйесі тартып алынған. Бұлардың өздері колхоз есебінен көмек алуға жататындар болатын. Асыра сілтеудің айқын мысалы осындай.

1 ауыл азаматы Сәрсен Балманұлының арызын оқиық:

«Мен қашаннан кедей нағыз кара табанның өзімін. Туып-өскен жерім осы Маңғыстay, ата-бабам да кедейлікпен күн кешкен адамдар. Биылғы жылы жаздың басында мені әлдіге тартты. Менін кеңеске берген еcебімде 27 қой, 5 ешкі, 7 ipi түйе, 2 ат болды. Осы керсетілген малдардан басқа көлденең табысым жок, отбасымда 4 жан бар. Менің басқа күнелтісім жоқ, саудамен де айналыспаймын, біраздаған малым ұрланып, қолды болды. Менің жағдайымды комиссияның ескеруін сұраймын »

13 aуылдың (Керел, кейін Ортаеспе ауылы деп аталды) Қарғалық Тәженұлының арызына назар аударып керелік:

«Мен әлдіге тартылдым... маған тапсыруға жоспарланған малдарды толықтай бермедің деп, icім сотқа беріліп, маған бір жыл қара қызметкe жегілсін деген жаза берілген. Өзім қазір Голощекин колхозында балшық басып жүрмін. Дауысым алынбаған. (Сайлауда дауыс беру құқы туралы, Н.Ж.Ж.) Енді колхозға мүше етіп алсаңыз екен деген aрызыма, сенің даусың туралы білмейміз деп созбалап келеді»

Арыз иесі өзін колхозға мүшелікке алуды өтінген.

Тәркілеу кезінде үкімет жағында қызмет еткен қызыл белсенділер жағынудың әртүрлі амалдарын жасаған: малды түн ішінде санау, елді



қорқыту арқылы пара алу, айтпағанды айтты деп жала жабу, т.б. айлашарғылар ұйымдастырды. Жергілікті билік байдың сөзіне сенбей, белсенді кедейді қолдап отырған. Адай округіндеri байлар мен әлділердің мал-мүлкін тәркілеу 1930 жылдардың басында бұрынғыдан да күшейе түсті.

Байлардың алдындағы мал, мүліктерін тәркілеу саясаты басталған сәттерде солардың бір көрінісін көзімен көрген, 1911 жылы Ақмола уeзінде дүниеге келген Көшеков Сман қарт былай деп баяндайды «1930 жылдың желтоқсан айының 15 күні қашқын-құлақтар төменгі Қызылкұм, Каспий теңізінін бергі жағасындағы Адай елінен бай- құлактар екі хан сайлап, үкіметке қарсы көтеріліп жасаған деп естiдiк. Бұлар жаз бойы алдырмай, күз тұсе жеңіле бастапты. Екі ханнын бірі бағынып, бірі бағынбай соғысып, Қожбан деген біреуі 40 адаммен, 60 жылқы, 20 түйемен, қатын-балаларымен Сарысу өзенін жағалап, Көктасқа дейн жетіп, елсіз тауға барып, паналап жатпақшы болған. Қожбан ханның Боранбай, Сүлеймен, Күшікбай, Бектілеу деген мергендерімен жергілікті Кенжебай-Самай деген жердегі Тусіпбек пен Шыңғысбай дегендердің ауылдарына бөлініп қонған. Қашқындардың винтовкасы, қылыштары біршама бар деп естiдiк. Олардың бас-аяғы 40 адам. Олардың 20 шақтысы әйелдер мен жас балалар да, 20-сы соғысқа жарайтын ер адамдар. Бұлар қонған aуылдарынан азық-түлік, союға жарамды мал іздеп жүргенде екі- үш күн өтiп кетеді. Бұлардың ізіне түскен 30 жауынгері бар әскер біздің ауылға келе қалды. Күннің салқын және боран кезі еді, қар қалын, Арқаның ақ бораны соғып тур, аяз бетті қарып жүргізбейді. Біздi ауылдың басшысынан сол қашқындардың қашқан бағытын білу, жолбасшылыққа адам сұрастырғанда, мені көрсеткен. Менің жол білетін, қыста түлкі аулайтын кәсібім бар еді, осының кесipінен маған әскерге жолбасшысы болуыма тура келді.

Қалың қарға қарамастан, қашқындар тоқтаған ауылға да келіп жеттік. Әскерлер ауылдың екі жағындагы тобылғыға аттарын тастап, ауылды қоршауға алды. Әскерлер сырттан, үйлердiң сыртынан оқ жаудырды «Кашқындар» да оқ атып жатыр. Келесі күні артымыздан 80 адамы бар әскер келді. «Кашқындар» толықтай жеңіліс тауып, Боранбай мен Сүлеймен мергендер оққа ұшты. «Кашқындардың» тірі қалғандарын Жезқазғанға алып кетті де, олардың әйелдерін, балаларын түйеге киіз қоршау салып мінгізіп, бір әскердің айдауымен алып кетті. Қайда кеткенін білмеймін. 1931 жылдың аяғы мен бас кезінде біздің eлде де осындай қиыншылықтың зобалаңы келген болатын.»

Әлділер мен байларға тартылғандар, Оңтүстікті бетке алып жөңкіді. Отардың қоныс аударуларында белгілі бағыт болмады, басының ауған жағына, жандарын шүберекке түйгендей, тек осы жерден кетсе тыныштык күтетіндей көше берді. Малдарының бір бөлігін каржы жасап бір белігін азық етіп, жолға жарамдыларын алдарына салып, туған жермен қош айтысқан көптеген қандастарымыз бастарының ауған жақтарына кете барды. Олардың ертерек қозгалғандары ел шетінен aсып, Ауған, Иран жерлеріне барып паналаса, бірқатары өздерінің үйреніскен Хиуа бетіне кетті.

Маңғыстау байларының көпшілігі байлықтарын жамбасының aстына басып жатпаган. Майлан Саламатулы Сарбасты, Байназарұлы Ыбырайды, ақшакедей Жарықбасты, жетімек Жұмағазыны, тінейден Закария, Шам, Талпақты, қыдыршадан Әбіш пен Смағұлды, т.б. байлар малдарын туған-туысқандарымен бірлесіп жаратқан. Сондай Маңғыстаудың атақты байларынын бірі Саламат қажының ұлы Сарбастың есімі халықтың жадында мырзалығы мен мәрттік қасиетімен сақталған. Жұт кезінде оның 4 000 койынан 150-і қалған.

Тәркілеуден дәулетті орыстар да құтылған жоқ. Облыстық мұрағат қорында 1930 жылы Сухоруковтардың, Белуниндердің, Степашковтардын, Красавиндердің, Дубскийлердің, Трусовтардың, Беловтардың, т.б. дүние-мүліктері хатталғандығы туралы кұжаттар бар.

«Асыра сілтey болмасын, аша тұяқ калмасын» , байлардан кейінгі кезек ішіп-жемі өз үйінен табылатын қызметкерлерге келді. Зиялы aзаматтардың мал, мүліктерін тәркілеуге ОГПУ-дің қызметкерлері араласты. 1930 жылдың 19 ақпанында Форт Александровск қаласының тұрғыны, кеңестік жүйеде жауапты қызметтер аткарған, революцияға қарсы деп айып тағылған Хажы Нәубетовтің отбасынан 1 текемет, 2 кілем, 2 сандык, 2 шомадан, 1 самауырын, 1айна тәркіленді.

Сыдиық Жұбаевтың отбасынан 1930 жылы 15 акпанында l ақжапқыш (простыня), 3,2м шыт мата, 1 масахана, 1 алтын жалатылған күміс алка, 1шекпен, 1 аққұман, 1 әйелдердің іші елтіpіленген ішiгі, 1 теріден тігілген тон, 1 ер адам тоны, 1 өзбек шапаны, 1 текемет, 1 қоржын, 1 қазан, 1 шәйнек, 1 мыс шылапшын, 2 су кұятын ыдыс, 3 сандык, 9 өнделген қой терісі, 1 арба, 1 ескекті қайык, 15 м. ау тәркіленген.

Ұзақ жылдары кеңестік жүйедегі мекемелерде басшы қызметтер

 

атқарған, жұттан кейін көптеген адай ауылдарының Оңтүстік беттерге көшуіне жолдама, тіпті жолбасшы берген, малсыз күнелтіс кезі жоқ бiр топ азаматқа Қарабұғаз, Астрахань, Махачкала сияқты өндістік қалаларға жұмысқа жолдама берген Жәнібек Шомпақовтан 1930 жылы 18 ақпанда тәркіленген мал-мүліктің тізбесі: 1 ат, 15 бас кой, 1 киізүй жабдықтарымен, 2 сандық, 1 чемодан, 1aрба, 1 cамауырын. Бұл мүліктер отбасының күнделікті ұстап-тұтынатын заттары болатын.

Бүкіл Қазақстан аумағында тәркілеу кезіндегі асыра сілтеудің етек алып отырғанынан хабардар болған Халык комиссарлар Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов 1928 жылы 6 қарашада мынадай жеделхат жолдайды:

«Округтік аткару комитеттеріне.

Жер-жерден түскен материалдардан көріп отырғанымыздай, тәркілеу жүргізетін округтік комиссиялар декреттің мәніне, оған байланысты өлкелік комиссиянын нұскауына қарамастан, бірнеше қожалыктарды бір қожалыққа біріктіріп, декретте көрсетілген мал caнын көбейтiп көрсетуді көздеуде. Осындай көзқарастың арқасында бір отбасына 45-60 адам біріктірілген жайлар кездесуде. Мұның өзі мүлде өмірде кездеспейтін нәрсе.

Мұндай көзқараска жол беруге болмайды! Бұл бұрын белгіленген нұсқауларға қайшы келеді деп, есептей келе округтік атком төрағаларына, өкілдерге жеке жауапкершілік жүктеп, мұндай жағдайларды жоюдың нақты шараларын жүзеге асыруды ұсынамыз.

Халық Комиссарлар Кеңесінің терағасы Н. Нұрмақов, Қызылорда»

Алайда, тәркілеу бағытындағы ерескелдіктер тыйылмады. Халық apaсынан наразылықтар жергілікті билікті орындарға, тіпті Орталыққа дейін жетіп жатты. Сондықтан бұл жауапты шараға Қазақстан үкіметі тағы оралды.

«5/111-1930г. Из Алма-Ата

Передать через старшего председателя Окрисполкома ГУРЬЕВ

Несмотря постановление КазЦИКа и посланную 17 февраля 1930 года №71 дробь инструкцию ЦИКА СССР порядке выселения и фискации имущества баев зпт полуфеодалов зпт полупомещиков зпт кулаков имеют случай применения постановления КЦИК средняцким хозяйствам и даже хозяйствам семей красноармеецев тчк также имеются случай выселения и конфискации имущества баев, кулаков в pайонах не перешедших сплошную коллективизацию злостно неуничтожающих свой скот тчк Считая такое явление прямым нарушением постановления КазЦИКа и инструкции ЦИК СССР зпт предлагаю личную ответственность председателей Окриков изжить перегибы и исправить допущенные ошибки тчк Исполнение телегрaфно доложить мне №93/С

Председатель КазЦИКа Ерназаров.

БК(б)Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекиннің 1929 жылдың 9 сәyiрінде кұпия түрде БК(б)П Орталық Комитетіне жолдаған «КазССР бойынша аса ipi бай, жартылай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу және оларды жер аудару туралы» ақпаратына сүйенсек, «Қазақстан бойынша алғашқыда 226 мың бас мал алу жоспарланған, іс жүзінде ол 65 пайыз орындалып, барлығы 144474 бас мал тәркіленді»

Осы хабарда Голощекин қазақтарда әлі де болса тәркілеугe iлікпеген біраз малдың қалып қойгандығын айтып, оның негізгі себептерін көрсетеді. Бұл қазақтардың мал- мүлкін тәркілеуді үздіксіз жалғастыра беру керектігін меңзеп тұрғандай.

Тәркілеу науқаны байлардың мал-мүлкін тартып алумен шектелген жок, оларды өздерінің кіндік қандары тамған ата қонысынан жер аударып, халыққа үлкен кайғы-қасірет әкелді.

Одақ бойынша кулактарды Украинадан Солтүстік аймактарға, Кавказдан Қазақстанға, Белоруссиядан Сібірге, т.б. жер аудару жоспарланған болса, 1928 жылдың 24 қаңтарында Қазақ АССР ХКК жабық жиынында қабылданған, Қазақстанның өз ішінде «Байларды жер аудару» туралы қаулы бойынша мынадай схема кұрылды:

Ақтөбеден ұсталғандар -Семейге;

Оралдан - Қызылордаға, Ақмолаға;

Сырдария облысынан-Гурьев пен Ақмолаға ;

Қызылордадан - Гурьевке;

Қостанайдан-Павлодар мен Қарақалпақ облысына;

Алматыдан -Акмола мен Қарқаралыға;

Қарақалпақ облысынан-Актөбеге, т.т.

Бұл нұсқаудың калай «орындалғаны» жоғарыдағы мысалдарда айқын көрініс тауып отыр.

Ауылдық Советтер жәнe ipi бай жартылай феодалдардың

шаруашылықтарын конфискелеу. Ауылдық

Советтердің 1928-1929 жылдардағы нығаюы

Ұлы Октябрь жеңісінен кейін Коммунистік партия мен Совет өкіметінің қазақ ауылындағы езуші тап- байларга қарсы жүргізіп келген элеуметтік-экономикалық саясаты (жер туралы лениндік декрет, сальқ саясаты, шабындық пен егіндік жерлерді қайта бөлу, т. с. с.) ipi байлардың жағдайын белгілі дәрежеде әлсіретке- німен, олардың экономикалык әлқуатын және осының негізінде еңбекшілерге жасап отырған экономикалық және саяси ықпалын жоя алмап еді. Сондықтан да ірі байлардың шаруашылыктарын конфискелеп және оларды басқа облыстарға жер аудару республика еңбекшілерінің, партия-совет органдарының алдында тұрған манызды міндеттердің біpі болды. Бұл шараларды жүзеге асырудың маңыздылығы ВКП(б) Орталық Комитетінің 1928 жылғы майда Қазақстан партия ұйымының есебі бойынша қабылдаған шешімінде де баса айтылды. Орталық Комитет ауылдағы социалистік кұрылысты табысты жүргізу ушін ондагы орта ғасырлықтың қалдықтарын жою жолында қажетті шараларды жүзеге асыру керектігін анықтай келіп, былай деп көрсетті: «...байдың ауылдағы экономикалық ықпалына қарсы куресу жөнінде жүргізілген бірқатар елеулі шаралар, ...бұл курестің төңірeгіне кедейлер мен батрактарды ұйымдастыру, іс жүзінде ауылды советтендіргендік, онда Советтерді нығайтып, партия ұяларының басшылық ролін күшейткендік больп табылады». ВКП (б) Орталык Комитетінің осы нұсқауына сүйене және ірі бай жартылай феодалдардың қазақ ауылындағы құрылысқа улкен кедергі жасап отырғандығын ескере отырып, Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті Қазақ АССР Орталык Атқару Комитетіне іpі байлардың малы мен дүние-мүлкін конфискелеп, оларды тұрған аудандарынан басқа жерлерге жер аудару жөнінде директива берді .

Бұл мәселе 1927-28 жылдары ғана кетерілген жоқ, республиканың партия және совет қызметкерлерінің aрасында бұл жөнінде пікір алысу, ұсыныстар жасау 20-жылдардың бірінші жартысынан бастап-ақ орын алған еді. Мәселен, ВКП (б) Қазақстан өлкелік комитетінің үшінші пленумында (ноябрь, 1926 ж.) 0. К. Жандосов eгіндік пен шабындық жерлерді қайтадан бөлу шараларын сол кездің өзінде-ақ ipi феодалдарды жарым-жартылай экспроприациялаумен толықтыруды ұсынды. «... кедейлерге жерді бөліп берумен мәселе шешіледі деу қате, —деді О. Қ. Жандосов пленум мәжілісінде сөйлеген сезінде. -Бул жерді кедейлер толығымен шаруашылық жағынан игерулері үшін қазақ ауылының ең барып тұрған шынжыр балак, шұбар төс езуші тобының құрал-саймандарын, дүние-мүліктерін тартып алу, экспроприациялау кажет... ». Пленумға қатысушылардың көпшілігі ipi байларды экспроприациялау әлі ерте деген корытындыға келіп, О.Қ. Жандосов пен оны жақтаушылардың ұсыныстарын кабылдаған жок. Алайда, республиканың кейбір аудандарында жергілікті Советтердің шешімдеріне сәйкес іpі байлардың малын халык меншігіне алып, өздерін жер аудару шаралары 1928 жылға дейінгі кезде ішінара жүргізілгендігін архивтік документтер растап отыр. 20-жылдардың бірінші жартысында Жетісу облысында советтік кұрылысқа катерлі элементтерді анықтау және оларды жер аудару жөнінде комиссия жұмыс істеді. Сол комиссияның жұмысының нетижесінде 1924 жылы Жетісу облысынан тыс жерлерге Совет өкіметіне қарсы күрес жүргізген 32 адам, ал облыс iшінде бір уезден екінші yезге 20 адам жер аударылды . Мұндай жағдайлар Қазакстанның басқа жекелеген аудандарында да орын алды. Бірак, ipі байлардың дүние-мүлкін конфискелеп, өздерін жер аудару шарасын жаппай жузеге асыру ушін 1928 жылға дейін өлкеде қолайлы жағдайлар жетілген жоқ еді. Жоғарыда келтіpілген фактілер жарым-жартылай, ішінара жүргізілген істерді ғана бейнелейді. Ал, ipi байлардың шаруашылықтарын конфискелеу республика көлеміндегі мемлекеттік акт ретінде 1928 жылғы 27 августтағы КазАССР Орталык Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советінің декретіне байланысты жүргізiлді. Бұл декрет «Ауыл тілі» газетінің 1928 жылгы 38 санында және республиканың басқа да мерзімді баспасөзінде жарияланды. Осы саяси және экономикалық мәні зор науқанға байланысты «Ауыл тілі»газеті өлкенің барлык еңбекшілеріне, ең алдымен, батрак, кедей жане орта шаруаларға арналған үндеуін жариялады. Газет ауыл еңбекшілерін бай-шонжарлардың орташаларды коркытып, оларды конфискеге карсы итермелеуre тырысқан арандатушылық әрекеттеpінеи сақ болуға шақырды. Қазақстан ВкП (б) ауылдык ұялары мен ауыл коммунистеріне арнаған үндеуінде іpі бай-шонжарларды жартылай феодалдарды конфискелеу мен ВКП (б) XV съезі қабылдаған бай-кулактарга қарсы шабуылды шатастырмау қажеттігін ескертті. Конфискелеу іpi бай-жартылай феодалдардың ауыл еңбекшілеріне жасап отырған ықпалын жою максатында бірден жүзеге асырылатын революциялык әрекет болса, ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру жаңа экономикалық саясаттың негізінде революциялық зандылықты сактай отырып, кедейлер мен орта шаруалардың бай-кулактарга қарсы шабуылын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылуы бірнеше жылдарға созылатын шара болып табылады, делінді осы үндеуде.

Декрет бойынша малы, дуние-мүлкі конфискеленіп, өзі жер аударылуға тиiсті ipi байлардың катарына мыналар жатқызылды: а) көшпелі аудандарда ipi қараға шаққанда 400-ден астам малы барлар; б) жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы барлар; в) отырықшы аудандарда 150 бастан астам малы барлар. Бұлармен қатар сұлтандар мен хандардың ұрпақтары, Ұлы Октябрь женісіне дейін көптеген жылдар бойы ел билеген болыстар, атқамінерлер, т. с. с. да конфискеге ұшырап, жер аударылуға жатқызылды. Жер аударылғандардың меншігiнде өз еңбектерімен күн көруге жетерлік мал калдырылды, яғни көшпелі aудандарда семьяның әрбір мүшеciне 5 бас малдан, жартылай көшпелі аудандарда 3 бастан, отырықшы аудандарда 1 бастан мал қалдырылды. Ал әрбір шаруашылыққа берілетін малдың саны көшпелі аудандарда 25-тен, жартылай көшпелі аудандарда 16-дан, отырықшы аудандарда 11-ден аспауы керек болды.

Конфискеленген мал мен дүние-мүліктің басым көпшілігі (60—70 проценті) қазақ кедей шаруаларына, күрделі ауыл шаруашылық құрал-саймандар коллективті бірлестіктерге, ал қарапайым кұрал-саймандар жекe шаруашылыктарға берілмек болды. Бұрын ірі байлардың иелігінде болған тұрғын үйлерде мектептерді, оқу үйлерін, ауруханаларды, т. с. с. мекемелерді ашу көзделді.

Декретті жүзеге асыру оңайга туспеді. Өйткені ғасырлар бойы қазақтың еңбекші шаруалары байларга тек дәулетті адам деп қана қараган жок, сонымен қатар, оларды ру басшысы, ру жетекшісі деп тусініп келді. Патриархалдық-феодалдық қатынастардың үстем кезінде шаруалардың санасына әбден сінген осы түсініктен бірден арылту оңай болмады. Бұл салада Коммунистік партия мен Совет өкіметінің Ұлы Октябрь жеңіcінен кейін ауылдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы, идеологиядағы тубірлі өзгерістерді жүзеге асырулары шешуші роль атқарды. Конфиске-байлардың үлкен қарсылығын кездестірді. Ipі байларды конфискелеп, оларды жер аудару жөніндегі декретті дайындау кезінде-ақ партия-совет органдарына етіп кеткен буржуазияшыл ұлтшылдар арқылы декрет жөнінде хабардар болған байлар конфискеге қарсы әрекеттерін күн бұрын дайындаған болатын: 1) байлар малдарын сатып, қорадағы мал орнына қалталарын ақшаға толтырды; 2) байлар кедейлерге мал үлестіріп беру арқылы оларды конфискеге қарсы қоюға тырысты; 3) орта шаруаларды өз жақтарына тарту және ұлттар арасындағы араздықты қоздыру мақсатымен байлар «10 бастан артық малы барлардың бәрі конфискеге ұшырайды және тартып алынған мал орыстарға беріледі екен» деген арандатушылық сыбыстар таратты; 4) ipi байлар шаруашылыктарын бөлшектеп, мал басын жакын туған-туыстарына бөліп беру арқылы конфискеден аман қалуга тырысты; 5) олар ауыл тұрғындарының арасында түрлі арандатушы пиғылдар тудырумен қатар, контрреволюциялык yгiт жургізуге дейін барды, т. с. с. "

Конфискені жүзеге асырудың барысында қазақ байларына таптық мудделері ортақ өлкедегі орыс, украин селоларының кулактары оларға жан-жақты көмек корсетті. ВКП(б) Қазақстан өлкелік Комитетінің 1928 жылғы (декабрь) 1 пленумының шешімдерінде атап керсетілгендей, кулактар конфискеге ілінуге тиісті байлардың малы мен дуние-мүліктерін жасырысып, сатуға көмектесуімен қатар, осы шараға байланысты әр түрлі aраңдатушы пікірлер жайды. Совет өкіметі іpі байлардың конфискеден құтылу үшін істеген әрекеттерін жүзеге асыртпау үшін мынандай щаралар қолданды: 1928 жылдың 1 январынан кейін шаруашылықтардың бөлшектелінуі занды емес деп есептелініп, конфискеден бұрын іpі бай мал мен дуние-мүліктің есебі жасырын турде жүргізілді.

Коммунистік партия мен Совет өкіметі байлардың өршелене көрсеткен қарсылығына қазақ ауылының еңбекші бұқарасын ұйымдасқан түрде қарсы қоя білді. Декрет жариялана салысымен жер-жерлерге республиканың орталық партия совет органдарының, округтік ұйымдардың 992 yәкілі жіберілді.

Жерrілікті партия ұялары мен ауылдық және болыстық Советтер еңбекшілерге декреттің революциялык мәнін түcіндіріп, оны жүзеге асырудың ең ауыр жүгін көтерді. Орал, Костанай, Гурьев жене Семей округтерінде жергілікті Советтердің жанынан конфискені өткізуге көмектесу женінде 4421 мүшесі бар 266 комиссия құрылды ", Жергілікті партия ұялары мен Советтер декрет жарияланғаннан кейінгі үш айдың ішінде батырақтардын, кедейлердің жене орташалардың алты мыңнан астам жиналыстарын өткізді. Сонымен қатар конфискені жүзеге асыруға көмектесу мақсатымен 1500 комиссия құрылды. Комиссиялардың жұмысы мен жиналыстарына 400.000-нан астам адам қатынасты. Ipi байларды конфискелеп, оларды басқа аудандарға жер аyдару науқанын дайындап өткізуде қазақ ауылы ашық таптық күрестің аренасына айналды. Конфиске науқанының басында бейтарап позиция ұстаған орта шаруалар Компартия мен Советтер жүргізген кең көлемді саяси-үгіт жұмыстарының әсерімен енді Совет өкіметін қолдады. ВКП(6) Қазақстан Өлкелік Комитетінің сол кездегі бірінші секретары Ф. И. Голощекин: «Конфиске науқаны кезінде ауылда кескілескен тап күреcі өpістеді, ... ең алдымен біздер мен байлар арасындағы күрес ауылдағы бұқара үшін, орташалар үшін жүргізілді» - дейді. Бұл куресте Коммунистік партия, Совет өкіметі және еңбекші шаруалар үлкен жеңіске жетті. Ipi бай-жартылай феодалдардың малы мен дүние- мүлкін конфискелеп, өздерін басқа жаққа жер аудару науқаны 1928 жылғы сентябрьдің алғашқы күндері басталып, сол жылдың 1 ноябріне дейін негізінен аякталды. Декреттегі шарттарға сәйкес іpі бай-жартылай феодалдардың, сұлтандар мен хан ұрпактарының, Совет өкіметіне мейлінше қас баска да байлар мен аткамінерлердің 696 шаруашылықтары конфискеленіп, өздері жер аударылды. Конфискелеудің нәтижесінде іpі бай- жартылай феодалдардан іpі қара малға шаққанда 145 мың бас мал алынды, олардың 73,3 проценті әлсіз кедей жене орташа жеке шаруашылыктарға, 25,7 проценті колхоздарға берілді. Жаңадан кұрылган 292 колхоз бен 5 совхоз ірі бай-жартылай феодалдардың конфискеге ұшыраған малының, кұрал-сайманының, тұрғын үйлеpінің есебінен үлес алды.

Г.Ф. Дахшлейгердің келтірген мәліметтері бойынша конфискеден кейін қазақ ауылындағы орташа шаруашылықтар саны 43-44 процентке жетті, ал кедей шаруашылықтары ауылдағы барлық шаруашылықтардың 50 проценттейіне тең болды. Ал, А. П. Кучкиннің eсебі бойынша конфискенің нәтижесінде қазақ ауылындағы орташа шаруашылықтар саны 30 проценттен 73,3 процентке дейін өсіп, кедей шаруашылықтардың саны 60 проценттен 18,2 процентке дейін төмендеген. Осы екі зерттеуші келтірген мәліметтердің арасындағы аздаған айырмашылықтарға кейін қазақ ауылындағы орташа шаруалардың санының көбейіп, кедей шаруашылықтар мен бай шаруашылықтардың азайғандығын байқауға болады. Конфискенің барысында оны жүзеге асыруға белсене араласуы арқылы еңбекші шаруалардың таптык сана-сезімі өсті, дүние танымы мен психологиясына айтар- лықтай өзгерістер енді. Ауыл еңбекшіcінің әлеуметтік пішініне социалистік революция енгізген сапалы жаңалық айқын көрінді, қазақтың еңбекші шаруасы жаңа қоғамдық тәртіпті орнатып, нығайтуда өзінің басты тұлғалардың бірі екендігін толығырақ сезіне бастады. Ipi байлардың шаруашылығын конфискелеу буржуазияшыл-ұлтшылдарға да үлкен сокқы болып тиді. Өйткені бұл шараны жүзеге асыру арқылы Коммунистік партия мен Совет өкіметі буржуазияшыл-ұлтшылдардың ауылдағы әлеуметтік негізінің тамырына балта шапты.

Ipi байлардың шаруашылықтарын конфискелеуге белсенді түрде араласулары арқылы ауылдық Советтер таптық күрестің тағы да бір маңызды мектебінен өтті. Осы күрестің нәтижесінде қазақ ауылында орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, еңбекші шаруалардың сана-сезіміндегі сапалы жаңалықтар ауылдық Советтерді бұрынғыдан әрі ныгайтып, совет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!