Материалдар / Ұжымды біріктіру және қарым-қатынас дағдыларын бекітуге арналған бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұжымды біріктіру және қарым-қатынас дағдыларын бекітуге арналған бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен студенттерді топ ішінде ұжымдастыруға арналған бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2024
212
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ












Ә.Марғұлан атындағы ППУ 1- курс студенттеріне арналған тренинг


ЖОО студенттерін топ ішінде ұжымдастыруға арналған бағдарлама

















Өткізген: Садвакасова.А.М

Тексерген: Утегенова.М.С










Павлодар қаласы, 2023


Түсіндірме жазба


Өзектілігі. Топтық келісім - бұл топтық жұмыстың өнімділігіне қажетті шарт. Тек бір тұтас топ қатысушылардың өзін-өзі ашуына ықпал етеді және пікірлердің ашық айтылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар көзқарастарды түзету, қатысушылардың мінез-құлқы мен ұстанымдарын өзгерту құралдарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде жастар арасында қарым-қатынас дағдысы нашарлауда және әлеуметтік топтар ішінде буллинг мәселесі кең етек алуда. Осының бәрі топ ішіндегі адамдардың бір-бірімен коммуникациялық байланыстарының әлсіз болуынан туындайды.

Топтық ұйымшылдыққа: басқа топтармен бәсекелестік; қабылданған мақсаттар бағытында және қатысушылар үшін жеке маңызды міндеттерді шешуде дұрыс ұйымдастырылған бірлескен қызмет; топтық қызметпен байланысты қатысушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру; топтағы достық атмосфера; қатысушылар арасындағы оң қарым-қатынас пен жанашырлық; олардың тренингке қатысудан сөзсіз пайда күтуі жатады; Осылайша, топта қолайлы микроклимат құрылған кезде оның қатысушылары сенімділікке ие болады, жұмыс істеуге ұмтылады. Ойындар - мұндай атмосфераны құрудың ең тиімді әдістерінің бірі.

Тренинг мақсаты: ұжымды біріктіру, студенттердің өзін-өзі бағалауын арттыру, қарым-қатынас дағдыларын бекіту, ойын арқылы сезімдер мен эмоцияларды білдіру.

Міндеті:

-ұжымда қолайлы психологиялық климат құру;

-студенттердің өзін-өзі тануына және жағымды қарым-қатынас тәжірибесін алуға ықпал ету;

-студенттерге бірлескен қызмет тәжірибесін алуға ықпал ету.

Тренинг ережелері:

- Белсенділік таныту;

- Бір – бірінің ойларын бөлмей тыңдау;

- Тек өзінің атынан сөйлеу;

- Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

- Құпиялықты сақтау;

1 сабақ

Сабақтың мақсаты: Ұжымды біріктіру, студенттердің өзін-өзі бағалауын арттыру, студенттерге бірлескен қызмет тәжірибесін алуға ықпал ету.


1. «Танысу» (10 мин)

Мақсаты: Студенттің ұжымдағы өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру.

Студенттер топқа бөлініп, шеңбер құрап отырған күйінде,оларға парақтар үлестіріп беріледі. Әр студент өз есімінің әріптерін бағана түрінде жазып жанындағы студентке береді. Жанындағы студент есімінің әрбір әріпіне сәйкес келетін мақтау сөздер жазады.

2. «Мен кіммін?» жаттыуы (10 мин)

Мақсаты: Топтағы сиуденттердің өзара қарым-қатынасын нығайту.

Топ ішінде бір студент ортада орналасқан орындыққа отырады. Бір студенттің артында оған көрінбейтіндей кез келген заттың немесе жануардың суреті көрсетіледі. Ортадағы адам топқа сұрақтар қою арқылы, суреттегі затты табуы керек.

Рефлексия: Ортада отырғанда қандай сезімде болдың? Басқалар саған дұрыс бағдар бере алды ма?

3. «Жұптық сурет» жаттығуы (10мин)

Мақсаты: Басқаларға құрмет көрсетуге, серіктестің тілектерін түсінуге үйрету.

Жаттығуды орындау үшін жұптасу керек. Екі адамға бір парақ қағаз бен бір қалам беріледі. Студенттердің міндеті, серіктеспен келіспей, сюжеттік сурет салу. Жұмыс аяқталғаннан кейін студенттер суретеріне атау береді.

Рефлексия: Сіз қазір қандай эмоциялар мен сезімдерді сезінесіз? Тапсырманы орындауға не көмектесті және не кедергі болды? Функцияларды қалай бөлдіңіз? Сіздердің қайсыларыңыз көшбасшы болдыңыз? Сіз өзіңіздің қандай идеяларыңызды жүзеге асыра алдыңыз және не істемедіңіз?

4. «Факс» жаттығуы (10мин)

Мақсаты: Топта жұмыс істей білу дағдысын дамыту.

Барлық қатысушылар бірінен соң бірі тізіліп тұрады. Соңғы топ мүшесі топқа белгісіз хабарлама алады. Ол хабарламаны бір әріппен немесе символмен жеткізеді (саусағыңызбен тұрған адамның артқасына сурет салады). Әрбір қатысушы алынған әріпті (таңбаны) келесіге дәл солай көрсетеді. Бірінші тұрған қатысушы алынған әріптерді жазады. Егер қатысушылардың біреуі оған берілген хатты түсінбесе, онда ол өзін иығынан ұрады, сондықтан оны қайталау керек.

Рефлексия: Сіз топтағы жұмыс нәтижесіне ризасыз ба? Тапсырманы тиімді орындауға не көмектесті және не кедергі болды? Топ жұмысының үйлесімділігі туралы не айтуға болады? Сіз өз функцияларыңызды жауапкершілікпен орындадыңыз ба?

5. «Тілектер» жаттығуы. (5 мин)

Мақсаты: Студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Қатысушыларға парақтар таратылады және топтағы белгілі бір адамға тілек жазу ұсынылады. Жазған соң парақтар иесіне беріледі. Жазылған тілектер позитивті, жақсылыққа бағытталған болу керек.

Рефлексия: Тілекті жазғанда және өзіңе жазылған тілекті оқығанда қандай сезімде болдың?

Қорытынды рефлексия: Қоштасу. Тренинг барысын талқылау. Бүгінгі өткізілген тренинг сендерге ұнады ма? Тренинг барысында қандай көңіл күйде болдыңдар? Сендер үшін қай жаттығу қиындық туғызды?

2 сабақ

Сабақтың мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын бекіту, ойын арқылы сезімдер мен эмоцияларды білдіру.

1. «Менің тобым» жаттығуы (10 мин )

Мақсаты: Ұжымды жақындастыру.

Әр қатысушыға топтағы студентке байланысты сұрақтар беріледі. Сұрақты оқығаннан кейін, қай қатысушы жауапқа сәйкес деп тапса, соның есімін атауы қажет. Мысалы: Сен үшін топтағы ең ақылды студент?

2. «Aлфавит» жаттығуы (10 мин)

Мақсаты: Студенттерді бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету.

Ортаға қатысушылар шығып, олардың арқаларына әріптер жазылған қағаз жапсырылады. Жүргізуші оларға бірнеше сөзден айтып отырады, қатысушылар бір-бірімен тек жест, мимика арқылы байланысып әріптер арқылы, қатарласып тұрып, берілген сөздерді құрастырып отырады.

Рефлексия: Ойын ұнады ма? Ойын барысында қандай қиындықтар болды?

3. «Поезд ойыны» (5 мин)

Мақсаты: Топтың көңіл-күйін көтеру, физикалық қозғалысты қамтамасыз ету.

Әрбір топтан 5-6 студент шығады және олардың әрқайсысына бір парақтан беріледі. Студенттер бір-бірінің артына сап болып тұрып, тек парақтарды жерге қою арқылы топпен мәреге жылжулары керек. Алдыға қарай жүру үшін ең сонындағы адам өзіндегі парақты алдыда тұрған қатысушыларға беру керек. Қағаз міндетті түрде топтың барлық қатысушыларына табысталып қана алдыдағы студентке беріледі.

4. «Көңілді әріптер» жаттығуы (10 мин)

Мақсаты: Студенттерді бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету.

Ортаға бірнеше студент шығып, екі топқа бөлініп тұрады.Оларға әртүрлі әріптер көрсетіледі. Олар берілген әріптерді барлығы бірігіп, қимыл арқылы көрсетеді. Кімнің әріпі ең әдемі болса, сол жеңіске жетеді.

Рефлексия: Ойын ұнады ма? Ойын барысында қандай қиындықтар болды?

5. «Қауіпті аймақ» жаттығуы ( 10 мин)

Мақсаты: Студенттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

Бөлмеге кедергілер ретінде жерге төңкерілген стакандар орналастырады. Топ ішінен бір студент шығып, көзіне байлауыш байлап, кедергілерден өтуі қажет. Ал басқалары қатысушыға бағыт беріп отырады.

Рефлексия: Жаттығу барысында қандай көңіл күйде болдың?

Қорытынды рефлексия: Қоштасу. Тренинг барысын талқылау. Бүгінгі өткізілген тренинг сендерге ұнады ма? Тренинг барысында қандай көңіл күйде болдыңдар? Сендер үшін қай жаттығу қиындық туғызды?

3 сабақ

Сабақтың мақсаты: ұжымда қолайлы психологиялық климат құру;

студенттердің өзін-өзі тануына және жағымды қарым-қатынас тәжірибесін алуға ықпал ету;

1. «Ассоциациялар» жаттығуы ( 5 мин)

Мақсаты: коммуникациялық дағдыны дамыту.

Қатысушылардың бірі есік сыртына шығып тұрады. Топ өзара келісіп, қалған қатысушылардың ішінен бір адамды таңдап алады, ал жүргізуші оны табу керек. Жүргізуші топ мүшелеріне сұрақтар қояды және олардың жауаптары бойынша адамды табуға тырысады. Жұмбақ адамға байланысты, сұрақтар ассоциаацияға беріледі: Бұл адам қандай аңмен ассоциацияланады?

Қандай ауа-райымен? Өсімдікпен? Түспен? Музыкамен? Т.с.с.

2. «Жеміс-жидектер» жаттығуы (10 мин)

Мақсаты: топ ішінде қолайлы атмосфера орнату

Ойынға ойыншыларға қарағанда бір орындық аз қажет. Барлығы орындықтарға отырады, біреуі шеңберде қалады. Ол барлығына жеміс-жидек, көкөніс атауларын береді. Шеңберде тұрған адам бір атауды айқайлайды: алмұрт! Бұл жемісті алғандар өз орындарын өзгертуі керек. Тағы бір қосымша қалады. Ол сондай-ақ жемістің атын айқайлайды, мүмкін бірден екі. Егер "жеміс-жидек" сөзі айтылса, онда барлық ойыншылар орындарын ауыстыруы керек.

Рефлексия: Жаттығудан алған әсерлеріңмен бөлісіңдер.

3. «Жұбынды тап» ойыны (10 мин)

Мақсаты: студенттердің көңіл-күйін көтеру, топтағы ұйымшылдықты дамыту.

Барлығы шеңбер құрап отырады. Оларға жануарлардың аттары жазылған карточкалар таратып беріледі. Атаулар екі карточкада қайталанған. Қатысушылар өздеріне берілген жануарды іс-қимылмен көрсетуі керек және сол арқылы өздерінің жұптарын табады

5. «Онға дейін» жаттығуы (5 мин )

Мақсаты: топ мүшелерінің бір-бірін сөзсіз және мимикасыз түсіну.

Тренингке қатысушылар сигнал бойынша барлығы көздерін жұмып, бастарын төмен түсіріп, 1-ден санауға тырысады. Бірақ бұл санау біреу "бір" санын айтса, басқа адам "екі", үшіншісі "үш" және т.б. Ойында бір ереже бар: сөзді тек бір адам айтуы керек. Егер екі дауыс "төрт" десе, санау қайтадан басталады.

4. «Топтық сурет» жаттығуы. (5мин)

Мақсаты: топтағы көшбасшыларды анықтау, топта жағымды атмосфераны қалыптастыру.

Бұл жаттығуды орындау үшін студенттерге үлкен ватман парағы мен қаламдар беріледі және бірлескен сурет салу ұсынылады (топқа арналған кеме, топқа арналған үй). Олар бұл қандай сурет болатынын өздері шешіп, оны құру процесінде рөлдерді өзара бөлулері керек.

6. «Тілектер» жаттығуы. (10 мин)

Мақсаты: студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Қатысушыларға телефон суреттері таратылады, оған есімі жазылған досына тілек жазу ұсынылады. Жазған соң тілектер иесіне беріледі. Жазылған тілектер позитивті, жақсылыққа бағытталған болу керек.

Рефлексия: Тілекті жазғанда және өзіңе жазылған тілекті оқығанда қандай сезімде болдың?

Қорытынды рефлексия: Қоштасу. Тренинг барысын талқылау. Бүгінгі өткізілген тренинг сендерге ұнады ма? Тренинг барысында қандай көңіл күйде болдыңдар? Сендер үшін қай жаттығу қиындық туғызды?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!