Материалдар / Ұжымдық іс әрекет жағдайында бастауыш сынып оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұжымдық іс әрекет жағдайында бастауыш сынып оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстық жұмыс барлық мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2020
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жобалық, реферативтік, зерттеушілік сипаттағы курстық жұмыстар

Жоспар

1.Ғылыми жоба жазу тәртібі

2.Реферат жазу тәртібі

Әдебиеттерге сілтеме:

  1. https://present5.com/%D2%93ylymi-zhoba-zhazylu-t%D3%99rtibi-men-resimdelui/

  2. https://engime.org/kursti-jmisti-orindau-tertibi.html


ҒЫЛЫМИ ЖОБА - оқушының зерттеу жұмысы нәтижесінің ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен қорытындылануы және оқу- шығармашылық қызметінің соңғы кезеңі болып табылады.

Ғылыми жетекшінің міндеттері

оқушыларға жобаның тақырыбын таңдауға және оны орындау жоспарын әзірлеудегі практикалық көмегі;

зерттеу әдістерін таңдауда көмек көрсету;

әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуде кәсіби кеңес беру;

әзірленген жоспарға сәйкес жобаның орындалуын жүйелі қадағалау;

ұсынылған талаптарға сәйкес жобаның орындалу сапасын бағалауы және оны ғылыми жетекшінің өз жазба пікірінде көрсетуі.

Жоба мынадай элементтерді қамтуы тиіс

титул парағы;

абстракт (аннотация);

мазмұны;

кіріспе;

негізгі бөлім;

қорытынды;

пайдаланылған дереккөздердің тізімі;

қосымша

Абстракт

зерттеу немесе әзірлеу объектісін;

жұмыстың мақсатын;

ғылыми болжамын;

зерттеу әдісін немесе әдіснама кезеңдерін;

зерттеудің жаңалығын;

жұмыстың нәтижелері мен қорытындыларын;

нәтижелерді практикалық қолдану саласын.

Аңдатпа (аннотация) – белгілі-белгісіз жайтқа көзқарас , болмаса жазылған еңбек мазмұнына қатысты қысқаша тұжырым. Бұл еңбек жазылған тілден басқа екі тілде , 250 сөзден артық емес көлемде беріледі. Яғни жоба қазақ тілінде болса , аннотация (абстракт) орыс және ағылшын тілінде жазылады. Мұны жазылған жобаның халықаралық дәрежеге көтерілу жолдары және мемлекетіміздің ғылым саласындағы танытар жетістіктерінің жолдары деп түсінген жөн.

Кіріспе

1) зерттеудің өзектілігі - өзінің шешімін талап ететін ғылыми проблеманың маңыздылығы , заманауилығы , мәні.

2) Зерттеудің мақсаты – үйлестірілген іс-қимылдарды анықтау нәтижесінде қойылған ғылыми проблеманы шешудегі ғылыми зерттеудің бағыты.

3) Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатына жету үшін шешімдерді қажет ететін өзара байланысқан және келісілген сұрақтардың жиынтығы.

4) Зерттеудің объектісі – шешілуі ғылыми зерттеуді қажет ететін проблемалардың бар екендігін сипаттайтын объективті әлемнің бөлігі.

5) Зерттеудің дереккөздері – шығаруларға арналған бастапқы деректер.

Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар (Wort, 14 шрифт, 1 интервал, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, асты – 25 мм, үсті – 20 мм. Бет саны орта тұсының астыңғы жағында беріледі және титул мен мазмұны көрсетілген бетке сан қойылмайды). 1. Жоба мәтіні компьютерде басылуы керек және мынадай құрылымнан тұрады:

титул парағы;

мазмұны;

қазақ немесе орыс тілдерінде абстракты (аннотация, аңдатпа – жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады;

кіріспе;

зерттеу бөлімі;

қорытынды;

пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Титул парағында мыналар көрсетіледі:

жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;

автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;

жұмыстың атауы;

жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;

қаласы

Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [5]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:

Үлгісі: Кітаптарға: 1) Философский энциклопедический словарь. -2 -е издание. –М. : Советская энциклопедия, 1989. – 815 с.

2) Кеңесбаев I. , Мұсабаев Ғ. Қазipгi қазақ тiлi. –Алматы: Мектеп, 1975. – 304 б.

3) Уәлиұлы H. Пpофессоp Қ. Жұбановтың буын туpалы теоpиялық тұжыpымдаpы //

Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар сөз болған жетекшінің пікірі қоса берілуі қажет.

Стендті ресімдеуге қойылатын талаптар:

стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен абстракты, қатысушының тегін, жасын, мектебінің, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;

стендтегі материал жұмыстың мазмұнын айқындайтын, талғаммен ресімделген болуы керек, нөмірленген кестелер, фотосуреттер, диаграммалар, қорытындылар болуы тиіс;

мазмұнын дайындау кезінде негізінен назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аудару қажет.


2.Реферат– белгілі бір тақырып бойынша студенттің жазбаша жұмысы. Студент рефератты жазу кезінде берілген тақырып бойынша барлық әдебиеттерді жинақтап, талдау жасап ғылыми материалдарды жүйеге келтіру керек.

Рефераттың құрылымы:

  • мұқабалық бет;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі.

Рефераттың көлемі шамамен басылған 10-14 бет болуы керек.

Рефераттың мазмұнына қойылатын талаптар:

1. Кіріспеде тақырыптың актуальдық жағы, тарихнамалық шолу, зерттеудің міндеті мен мақсаты, тәжірибелік мәні көрсетілуі керек (кіріспенің көлемі 2-3 бет болуы керек).

Негізгі бөлім зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдаудан тұрады. Негізгі бөлімнің материалдары тарауларға бөлінуі керек. Әр тараудың атауы болады және ол негізгі бөлімнің тарауының мазмұнын ашуы керек (негізгі бөлімнің көлемі 4-5 бет болуы керек).

Қорытынды қысқа түрде зерттеудің нәтижесі мен нақты қорытындылардан тұруы керек (2-3 бет болуы керек) .

Әдебиеттер тізімі келесі критерийлер бойынша ресімделеді:

  • алфавиттік тәртіп бойынша;

  • тақырыптық-хронологиялық;

  • деректемелердің түрі бойынша.

Қосымшаға зерттеу кезінде қолданылған көмекші материалдар кіреді: құжаттардың көшірмесі, суреттер, схемалар, таблицалар, статистикалық есептер.

Рәсімдеу тәртібі:

Рефераттың тақырыбын қолмен жазуға және 1 интервал арқылы компьютерде жазуға болады.

Қатаң түрде келесі қашықтықтар сақталуы керек: сол жағынан -30 мм, астынан - 20 мм, үстінен - 20мм, оң жағынан -15 мм.



Үйге тапсырма:

Өзіңіздің курс жұмысының тақырыбын негізге ала отырып реферат жазыңыз. Оны интернет-сайтқа жүктеңіз. Растайтын құжат (сертификат) алыңыз, канвасқа салыңыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!