×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Ұжымдық қарым - қатынасты жақсартуға арналған психологиялық тренинг жаттығулар

Автор:Фазымова Аяулым Жеңісқызы
Бағыты: Психология
Бөлімі: Тренерлерге
Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-07-02

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Ұжымдық қарым - қатынасты жақсарту мақсатында пайдалануға болады


  • «Мен жайлы жаңа ақпарат» жаттығуы.
Мақсаты: тренингте өзін еркін сезіну. Бұл жаттығу арқылы қатысушылар бір бірлері жайлы жаңа ақпарат біледі. Ал жаңа ақпарат алдағы уақытта еркін қарым – қатынасқа себеп болады.Барысы: Ақ парақты үшке бүктейді: Бірінші бөлігіне есімдерін немесе осы және барлық тренингте қолданғысы келетін өзіне лақап ат жазады. Екінші бөлігіне сіз үшін маңызы, мәні бар санды жазасыз; Үшінші бөлігіне сізге қатысы бар кілт сөзді жазасыз.
  • «Суретті аяқта» жаттығуы.
Мақсаты: тәрбиешілер арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, әр қатысушының салған суреті арқылы диагностика жүргізу және жұмыстағы психологиялық климаты дамыту. Барысы: Әр қатысушы плакатқа бір элемент салып, оны одан әрмен дамыту арқылы жұмыстағы әріптестердің қарым – қатынас картинасы пайда болады. Салған суреттің диагностикасы және оны талдау арқылы қатысушылардың жұмысқа деген ынталары мен қарым – қатынастары жайлы қызықты ақпаратттар білуге болады. «Суретті аяқта» жаттығуының нәтижесінде қарым – қатынас картинасы пайда болады.
  • «Сыйқырлы қобдиша»
Мақсаты: қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас тудыру қатысушылардың өзіне сенімділігін дамыту, өзіне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Нұсқау: қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.  Оның ішіндегі кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бұл өмірдің ерекше сыйы, таң ғажайып мінсіз дүние көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек. Балабақшаны үлкен организм деп алсақ, тәрбиешілер сіздер балабақшамыздың лүпілдеп соққан жүрегісіздер. Гармонияда өмір сүру үшін жүректің жұмыс істеу қалпы және жүрекке жеткен сан түрлі сезімдер өте маңызды. Алты тәрбиеші бірігіп тұтас балабақша жүрегінің макетін құрайды. Ұжымның берік қарым- қатынасы жүректің кіршіксіз тазалығының көрінісі. Ұжымдық қарым – қатынасты нығайту мақсатында келесі «Менің көзқарасымдағы менің ұжымым» жаттығуын өткізейік.
  • «Менің көзқарасымдағы менің ұжымым»
Мақсаты: топтағы қарым – қатынасты және ұжымдағы ұйымшылдықты арттыру.Барысы: қатысушыларға жүрек макеті көрсетіліп екі түрлі стикелер таратылады. Әр тәрбиеші жүрек пішінді стикерге ұжымның жақсы қасиетін, артықшылығын жазып, жүректің бірінші жағына жабсытырады. Ал екінші күлімсіреген смайликке ұжымға қажетті қасиет немесе кеңес жазып жүректің екінші жағына жабыстырады. Әр қатысушы өзінің жазған жағымды қасиеті мен кеңесін оқып, жүрек макетіне жабыстырады. Басқа қатысушылар өз ойларын білдіреді. Қортынды: ұжымның берік қарым – қатынасына қажетті кеңестер таңдалып алынады. Әр қатысушы болашақта сол кеңесті орындап, жүректің кіршіксіз болуына өз үлесін қосуға тырсады.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.