400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұл – түтін, қыз - күтім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі, әкенің қаталдығы мен ананың мейірімі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұл – түтін, қыз - күтім


Ел арасында «үш қыз өсіріп, бағып-қаққан ата-ана жұмаққа барады екен» деген түсінік қалыптасқан. Бұл тәмсілдің де түбінде шындық жатыр. Ислам да мұны жоққа шығармайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар (қыздарын тәрбиелеп өсіргені) сол үшін тозақ отынан қалқан болады», - деген. Сондай-ақ, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қыздар – мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла Тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі»  дегені бар.

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған. Тұрмысқа шықпаған қызды «оң жақтағы қыз» дейтіні сондықтан. «Ұрыс-керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды» деп, қыз көзінше өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген, анайы қылық көрсетпеген. «Бақыты байланады, жолы кесіледі» деп қызға қол көтермеген. Тіпті, отырған қыздың аяғынан аттамаған. Мұны кесір деп түсіндірген. Өйткені еркектің де, әйелдің де тарайтын түбі – қыз, - деп жазады.

Қызы бар үйдің берекесі бар. Ол әкенің де, ананың да мейіріміне қанық, еркелігі өз алдына, онымен қоса ақылы толық, бойға сіңірген тәлім-тәрбиесі түзу болуы тиіс. Қазір көпшілігі «қыз – қонақ, оны еркелету керек» деп есіртіп жібереді. Оның арты үлкен қателікке ұласып, ата-ананың күйінетін кездері болады. Қыз – ата-ана үшін бала, перзент. Ал бала тәрбиесінде оны еркелету барлық айтқандарын істеп, алдына түсіп кету деген сөз емес. Жөнімен жасалатын дүниелер бар. Балаға барды да, өз кезегінде жоқты да үйрету керек. Өйткені өмір жолында ол қаншама қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін.

Имандылықты үйрету бірінші орынға қойылса, қыз да, ұл да өмір жолында жаза баспайды. Өйткені имани тәрбиеде асыл қасиет, ұлы құндылықтардың барлығы тап-тұйнақтай, жұп-жұмыр күйде сақталған. Тек соларды бала бойына дұрыс сіңіре білу маңызды. ақын Ақұштап Бақтыгереева «өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген пікір айтқан. Имандылығы мен салт-дәстүрді берік ұстанған қыз қай ортада да қателік жібермейді. Қыз тәрбиесіне алдымен ана жауапты. Қыз бала айналасын таныған сәттен бастап бойжеткен шағына дейін қыз анасына қарап бой түзейді. Тәрбиенің тең бөлігін анасынан алады, көргенін санасына түйеді. Өкініштісі, қазақ қоғамында қызға жақын болу, онымен жиі сырласу, ашық әңгімелесу жақсы дамымаған. Ашық тақырыпта әңгіме айтуды менталитетке сай көрмейді. Алайда бұл – маңызды. Қыз тәрбиесінде әкенің де рөлі ерекше. Ұлтымызда «әкеден сес болмаса, балада ес болмайды» деген ұлы сөз бар. Бұл бар қаталдықты үйіп-төгіп қою деген сөз емес, ара - тұра әкеден де қыз аяғын тартып тұрардай қаталдықтың лебі есіп тұруы тиіс. Бұрын «әкең келе жатыр» дегеннен жинала қалатын тәрбиемен өстік. Ол әкеден қорқу, қорқа отырып ер адамды сыйлау, қас-қабағына қарау деген мағына еді. Қазір осы тұрғыда көп әкелер өз рөлдерін босаңсытып алғандай. Қызға еркелікпен қатар қаталдық та қатар көріну керек.

Тәрбиеге таяз түсінікпен қарау – болашаққа балта шабумен бірдей. Ертеңгі күні қыз өсіп, ұл ержетіп ата-анасына теріс қылықтармен көрінер болса, «қай жерден қателестім?» деп бармақ тістеп қалмау үшін қазірден ойланған жөн. Шыбықты қалай егіп, оны қалай баптасаң, солай өседі. Баланың да рөлі осындай. Әсіресе ертеңгі күні бір үйдің келіні, анасы, отанасы болатын қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген дұрыс.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.12.2023
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі