Ұл мен қыз айтысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұл мен қыз айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұл мен қыз айтысы туралы факультатив сабақтарға немесе музыка пәніне пайдалануға болатын қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Класы: 6В

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Ұл мен қыз айтысы . Қайым айтыс

Дағды


Айтылым

Оқыту мақсаттыры

Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,...оның пікірінше,.,оның айтуынша,..,кейбір адамдардың ойынша,)салыстыра отырып


Тілдік міндеттер


Айтыс, шаһар, шідехана

Сабақтың барысы

С.кезең.і


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе




Мұғалім тақтадан «ақын» деген сөзді көрсетеді.

«Топтастыру немесе кластер стратегиясы» арқылы оқушылар өз ойларын жинақтап, топтастырады (өздері білетін ақындарды айтулары мүмкін).

-Қазақстандық қандай ақындарды білесіңдер?-деген сұрақпен ой өрбітіледі. Сол арқылы жаңа тақырып ашылады.


  1. «Жаңа сөз үйрен» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.«Бұл не?» әдісі арқылы меңгерту. Мұғалім жаңа сөзді немесе сөз тіркесін айтады, оқушылар сұрақтар қою арқылы анықтайды.

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»

АЙТЫС- Қазақ халқының ежелден келе жатқан музыкалық-поэтикалық жанры. Басқа елдерде мұндай жанр кездесе бермейді. Тек екі елде Қазақ пен ағайын Қырғызда ғана бар. «Айтыс» Қазақтың төл сөзі, айту, сайысу, пікірталасу деген мағнада. Оқушылар оқулық бойынша таныса отырып, «Қыз бен жігіт» айтысынан үзінді тыңдайды

1 тапсырма: Тыңдау және талдау:

Айтыс түрлері көп. Сондай салт айтыстардың бірі, «Қыз бен жігіт» айтысы. Ол әзіл-қалжыңнан тұрады. Бір-біріне силас, құрбылар ретінде орынды қалжыңмен айтысқан. Әдетте амандасудан басталып, бір-бірінің осал тұсын әжуа етіп, сол арқылы адм бойындағы жетістіктермен, кемшіліктердің бетін ашып, тыңдармандардың қошаметіне бөленген. Бұл айтыстың негізгі құрылымы, 11 буынды өлең түрінде кезігеді. Өлеңнің бастапқы екі жолын қызда, жігітте қайталай отырып, ойларын 3-4 тармақтар арқылы білдіреді. Мүндай айтысты «Қайым» айтыс дейді.

Қыз бен жігіт айтысы — айтыстың бір түрі. Бұл айтыстың басқа айтыстардан негізгі айырмашылығы — айтысқа түскен қыз бен жігіт арасында әзіл-қалжың, сондай-ақ әлеуметтік жағдай көбірек сөз болады. Қыз бен жігіттің өнер жарысы кейде қайымдасу не жұмбақтасу түрінде болады. Мысалы, Әсет пен Ырысжанның, Ұлбике мен Күдерінің айтыстары жұмбақ айтыстың озық үлгілеріне жатады. Сара Біржанмен айтысқанда “Тамағым жас баланың білегіндей, Иығым тік сандалдың тірегіндей, Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей, Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей”, — деп айтыс өнерінің көркемдік деңгейі жоғары болатынын дәлелдей түседі [1]. Сүйінбай — Күнбала, Ұлбике — Күдері, Біржан — Сара, Әсет — Ырысжан, Жамбыл — Салиқа, Омарқұл — Тәбия, Ләтипа — Кенен, Әжек — Шәріпжамал, Мұсабек пен Манат, т.б. айтыстар Қыз бен жігіт айтысының шынайы үлгілері.

Қайым айтыс - қайым өлең, қайымдасу – айтыстың бір шумақ өлеңмен қайырып отыратын шағын түрі.
“Қайыра айту”, “қайта жауаптасу” деген ұғымнан шыққан. Қайым айтыс көбіне қыз бен жігіттің қарама-қарсы мәндегі сұрақ-жауаптарына құрылады. Бұл шумақтардың алғашқы екі жолын 
қыз да,жігіт те қайталап айтуы мүмкін. Осы жайт алғашқы қайым айтыс үлгілерінің тым қарапайым, жанынан қосып айтуға жеңіл болып келетінін көрсетеді.


3 мин











Мұғ-Сынып

суреттер

Оқулық.

Негізгі бөлім


Бәдік айтысы

Жануарлар мен адамның айтысы

Жұмбақ айтысы

Салт айтысы

Айтыстың ең көне түрі.Бәдік айтысы адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде,шаманизм діни нанымына байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.

Қазақ халқының күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болды.Сондықтан әр жануардың иесі бар. адамның төрт түлік мал жайындағы ойы, көзқарасы, арманы мен тілегі көрінеді.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-салтына байланысты туған айтыс өлеңі. Бұл айтыс ойын-сауықта айтылатын болған.Жұмбақ айтысы тапқырлықты,білгірлікті, білімділікті, шапшаңдықты талап етеді. Жұмбақ өмір шындығынан алынады.

Қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы болып бөлінеді.

Қыз бен жігіт айтысы әдетте, екі жастың амандасуынан басталып,жұртты күлдіру үшін әзіл-қалжың ретінде, айтыла береді, бір-бірінің бойындағы кемшіліктер де сөз болады.

Ақындар айтысы- айтыс жанрының ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделі.

Қайым айтыста әзіл-оспақшымшыма, астарлы сөздер қатар жүреді. Қайымдасулардың басым көпшілігінде бір-бірін әжуалап, іліп-қағыту да, сыпайы мақтаулар да орын алады. Айтыстың ақыры қыздың жұмбақ айтуымен, жігіттің оған жауап беруімен аяқталады. Жігіт қыз жұмбақтарын толық шешсе, қыз оған орамалсақинажүзік, кейде күміс түймесін беріп, кәде жолын жасаған.

1.Айтысқа 1_______ көп келеді.

2. Айтыста 2_______ ел туралы айтады.

3. Ақындар 3_______туралы көп біледі екен.

4. Ақындарға Ақшабай 4 __________берді.


Тапсырманыбарлығыорындапболғанжағдайда

«Қатесінтап»ойынынойнатуғаболады.Оқушыларға

бір-бірініңжұмыстарынтексерутапсырылады.


10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

оқулық


«Біргеойлаймыз»стратегиясы. Оқушылар тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.

Мысалы:

1.Суретттен кімдерді көріп тұрсың?

2. Балалар қайда келді деп ойлайсың?

Осы сияқты сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары сөйлем немесе шағын әңгімеге айналады. Әр суретке жеке тоқтап талқылайды. Әртоп өз нәтижелерін көрсетеді, басқа топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.






«Оқы және жауап бер» айдарында берілген мәтін мазмұны бойынша

сShape1 өйлемдердің «дұрыс» немесе «бұрыс» екенін айтады.


  1. Сұлтан шілдеханаға барды.

  2. СShape2 ұлтан айтысқа қатысты.

  3. Сұлтан ақындардың өнеріне таңғалды.

  4. Сұлтан айтыстан ел жаңалықтарын білді.






«Кел сөйлесейік» айдарында ұсынылған тапсырмада оқушылар жұптасып бір-біріне сұрақ қою арқылы өз пікірлерін білдіреді.

Мысалы,Үлгі: Кеше мен Шілдеханаға бардым. Мен онда айтыс көрдім.


6-мин

Мұғалім-сынып

оқулық


Рефлексия «Бес саусақ»

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық

Сұқ саусақ – маған қиын болды

Ортаншы саусақ – сұрақтарым бар

Төртінші саусақ – менің көңіл күйім

Бесінші саусақ – білгім келеді


3 мин


Сынып-мұғалім


Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру


Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор.


Бағалау критерийлері

  • Айтыс өнері туралы біледі.

  • Жаңа сөздерді меңгереді.

  • Етістіктің шақ формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады.

  • Мәтінді мазмұны бойынша өз пікірлерін айтады.

  • Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады

Пәнаралық байланыстар

музыка

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Оқыту ортасы қандай болды?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2022
1511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі