Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұла Дала Елінің рухани құндылықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұла Дала Елінің рухани құндылықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіру
Даутова Назгуль Абдуллаевна
Тараз қаласы №54 орта мектеп
тарих пәнінің мұғалімі
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
еңбегінде елді рухани жаң- ғырту мәселелерін қозғайды. «Біз қайта
түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыртуды қолға алдық. Біздің мақсаты-мыз айқын,
бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің
қатарына қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып
жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси
және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың
өзегіне айналады», – дейді Елбасы.
Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған
мына дүбірлі дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен
дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан
арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Бұл арада
рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін
әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін
қалыптастырғанымыз абзал. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық
болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз.
Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи
салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани
құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде
сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны
бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың
жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.
Жалпы, рухани жаңғыру әуелі жастарға қажет-ақ. Сондықтан жастарға рухани жаңғыруда қандай бағыт-бағдар беру қажет, қандай жұмыстар жасалуы керек, әлі толық шешімін таппай отыр. Бірінші толғандырып жүрген мәселе – тіл, тілге қажеттілік тудыру, ұлттық код осының барлығы жастардың санасында бірінші кезекте қалыптасуы керек. Екіншіден, Елбасы көтерген 100 жаңа
оқулық жобасы ғылымға серпін береді деп санаймын.
Әлемнің озық оқулықтарын аударып,
еліміздің игілігіне пайдалану құптарлық жағдай.
Бірақ әрбір мемлекет өзінің оқулығын өз
идеологиясына бейімдеп жазады. Осы мәселе қалай
шешіле тінін ойлану керек. Еліктеп кетпейміз бе деген
қауіп бар. Өзінің руханиятын түгендейтін, еліне, ұлтына қызмет
ететін патриот азаматтарды тәрбиелеу қазіргі жағдайда қиын. Себебі,
жастардың әлеуметтік желіге құмарлығы, батысқа еліктеуі, құндылық
ретінде өзгені тануы алаңдатады. Біздің ұлттық рухымызға оралу,
санамыздың жаңғыруы орнына келеді.Теріс ағымдарға кетіп жатқандар –
өзінің рухани құндылығына сусындай алмай, оны өзгеден іздегендер.
Өзіміздің өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды табу дегеніміз –
өткен ғасырларға кетіп қалу емес. Бұл – санамызда ұлттық
менталитетті қалыптастыру, төл тарихымызды жаңғырту, жастарды
патриотизімге тәрбиелеу. Бұған барлық азаматтар мүдделі болуы
тиіс.
Жарқын болашақ үшін жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеу
аса маңызды. Ол үшін жол көрсетіп, санасын ояту қажет. Елбасы
айтқандай, «Бір күнін ойлаған адам бидай егеді, он жылын ойлаған
адам ағаш егеді. 100 жылын ойлаған адам ұрпақ тәрбиелейді».
Рухани жаңғыруды қазірден бастап жастарға сіңіру – болашаққа
үлкен қадам болары анық.
Ел Егемендігін алған 26 жылдан бері экономика мен саясатта түрлі жетістіктер болды. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен руханият саласында біртұтас бағдарлама жасау мәселесі қолға алынбаған еді. Бүгінге дейін «Ұлы дала елі» сияқты идеялар жүзеге асты. Мемлекет басшысы атап отырған идеялардың қай-қайсысының мәңгілік болуына ұйытқы болатын дүние – руханият пен мәдениет. 2004 жылы «Мәдени мұра», төрт жыл бұрын «Тарих толқынында»атты бағдарламалар қабылданып, қыруар жұмыстар атқарылғаны белгілі. Ендігі кезекте, ұлттың қазақы кодын айқындау мәселесі алға қойылып отыр. Ұлт өз тамырынан ажырамай, өзіндік болмысын, мәдениеті мен салт-ғұрпын сақтағанда ғана мемлекет ретінде әлемдік аренада өзін айқындай алмақ.
Мектеп бағдарламасына «Елтану», «Тұлғатану», «Мәдениеттану» сынды қосымша пәндер енгізілуі керек. Сонда ұлттық код, қазақтың рухы, мәдениет пен өнеріміздің мән-маңызы, мазмұны түсіндіріліп отырады. Кез келген ұлтқа қатысты тәрбиенің балабақша мен мектептен бастау алатынын естен шығармағанымыз жөн..Ұзақ жылдар бойы тарихқа басқаның көзімен қарап келдік. Ақын Қадыр Мырза әлінің «Біздің тарих – бұл-дағы қалың тарих. Оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы…» дейтіні бар емес пе? Біздің халықтың тарихын өзге ұлттар жазып келді. Тарихтың кейбір қолдан жасалған керағар тұстары болғаны да жасырын емес. Біздің қазақ тарихына қатысты көптеген құнды деректер Ресейдің, Қытайдың, Өзбекстанның мұрағаттарында екені белгілі. Соңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде біраз дүние елге әкелінді. Бірақ, оған қатысты да екі түрлі пікір бар. Бір топ көптеген құнды дүниелер әкелінгенін айтса, екінші топ ол материалдардың аса бір құндылығы жоқ екенін айтады.Біздің мұрағаттық материалдардың көпшілігі сырт қолда . Неге екені белгісіз, Қытай деректері XIV ғасырдан бастап үзіліп қалады да, одан кейінгі деректер 1750 жылдардан басталады. Арасы үзік-үзік қана. Орыс деректерінде қазақтар туралы XVIII ғасырдан бастап кездесе бастайды. Оған дейінгі тарихты көп жағдайда санамызда сақтағанбыз. Батырлар жыры, дастандар, қиссалар – біздің тарихымыз. Кеңестік кезеңде ол деректерді шынайы емес деп, мойындамаған кездер де болды. Соның зардабын әлі де тартып отырмыз.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына арнап жаңа оқулықтар жазылуда. Әрине, тарихшы-ғалымдар балалардың ұғым-түсінік ерекшелігін білмегендіктен оқулықты күрделі жазатыны өз алдына, әр автор тарихи оқиғаларды әртүрлі жазатыны жиі ұшырасып келеді. Ал балаларға арналған оқулық балалардың ерекшелігіне, таным-түсінігіне орайлас жазылуы тиіс қой. Сондай-ақ түрлі оқулықтарда тарихи оқиғалар, деректер, мәліметтер түрліше болатыны да, жүйесіз жазылатыны да жиі ұшырасады. Еліміздің тарихына қатысты кез келген еңбек ұлттық тұрғыдан жазылады деп сенемін.
Дүние-жүзінде – 7 миллиард 110 миллион адам өмір
сүреді. Соны құрайтын екі мыңнан астам ұлттың бірі де бірегейі біз
– қазақтар. Әлемде жер көлемінен 233 мемлекеттің ішінде 9-орынды
алатын, жерінің асты да, үсті де тұнған байлық – Қазақстан
Республикасы.Туған тарихына бес мың жыл болғандар тек мысырлықтар,
римдіктер, гректер, жапондықтар, қытайлар ғана емес, біз, қазақтар
да, тарих тамырын тереңге жайған, келешек ұрпаққа мол, ғажап мұра
қалдырған ұлтпыз.«Біз кімбіз?» – дегенде, Алтайдан – Атырауға,
Алатаудан – Ұлытауға дейінгі ұлан-ғайыр жерді мекендеуші – ұлы
қазақ халқының ұрпағымыз деуге құқымыз бар. Нағыз қазақ бола білу
– бөлек дүние. Нағыз қазақ болу – еліңді, жеріңді сүю, ата-бабаң
сияқты бойыңдағы жаныңды берсең де, жеріңді бермеу,
салт-дәстүріңді, туған тіліңді, дініңді, діліңді сақтау.
Өткен ғасырда өмір сүрген нағыз қазақтар туған жерімізді көздің
қарашығындай қорғап, салт-дәстүрімізді сақтап, ана тіліміз бен ата
дініміздің қаймағын бұзбай, кешеден бүгінге аманат етті. Біз
болсақ, сол ата-бабалардың салт-дәстүрін, асыл қазынасын одан әрі
жалғастырушы ұрпақтардың өкілдеріміз. Өйткені бәріміз ұлттық
құндылықтардың өркендеуіне үлес қосып, өмірімізді соған арнап
жүрген жандармыз.
«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», – дейді Қазақстан Президенті. Иә, қазір «алма піс, аузыма түс» деп ағаштың көлеңкесінде көсіліп жататын уақыт емес. Заман ағымына сай икемделіп, өзімізді қолға алып, айналамызды өзгертуге белсене жұмыс істеуге міндеттіміз.
Жалпы, бізге қазір керегі – ХХІ ғасырда рухани дамудың жаңа парадигмасын жасау. Сол үшін нақты-нақты іс-шаралар керек. Шынын айтқанда, әлемдік дағдарыс болып, нарық экономикасына өтеміз, барлығын базар реттейді деп әуреленіп, біз руханиятты ұмытып бара жатырмыз. Руханият екінші сатыда қалып қойды. Дүниежүзілік дағдарыстың өзі содан. Абай «Дүниенің көрінген сырын да, көрінбеген сырын да қатар игерген адам толық адам болады» дейді. Капиталистік мемлекеттер дүниенің көрінген сырын тезірек игеріп, байып, үстемдік жасап, руханиятты ұмытып кетті. Соның «жемісі» – дүниежүзілік дағдарыс. Соған қарағанда біз рухани дүниені қайта жаңғыртуымыз керек. Ол үшін сана психологиясы өзгеруі тиіс. Жай, күнделікті айтып жүрген мәселеден аулақ болу керек. Ол үшін еліміздің барлық азаматтары психологиясын өзгертуі тиіс. Егер руханиятқа дендеп еніп, осыны жасағымыз келсе, онда Абайдың толық адамын игеруіміз керек.
Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын. Сондықтан бұл мақаласында Үкіметке нақты тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Бұл қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара болары анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен жауапкершілік артып отыр. Елбасы биылғы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау жөнінде, 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні айтылған. Әрине, бұған үлкен дайындық керек. Расында, халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жазуынан латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қалыптастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солымызды әбден танып, өткеннің кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам.
Өткен ғасырда өмір сүрген нағыз қазақтар туған жерімізді көздің қарашығындай қорғап, салт-дәстүрімізді сақтап, ана тіліміз бен ата дініміздің қаймағын бұзбай, кешеден бүгінге аманат етті. Біз болсақ, сол ата-бабалардың салт-дәстүрін, асыл қазынасын одан әрі жалғастырушы ұрпақтардың өкілдеріміз. Өйткені бәріміз ұлттық құндылықтардың өркендеуіне үлес қосып, өмірімізді соған арнап жүрген жандармыз. «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).
Пайдаланған әдебиеттер :
-
12 сәуір 2017 Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы