Материалдар / "Үлкен және кіші"ұғымдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Үлкен және кіші"ұғымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Айналадағы заттарды көлеміне қарай ажырата білуді үйрету. Үлкен және кіші ұғымдарымен таныстыру.Зеректікке,шыдамдылыққа, тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
562
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Үлкен- кіші»

Мақсаты: Заттарды көлеміне байланысты ажыратуды үйрету.Үлкен және кіші ұғымдарымен таныстыру

Міндеттері: Айналадағы заттарды көлеміне қарай ажырата білуді үйрету. Үлкен және кіші ұғымдарымен таныстыру.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа, тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Көрнекі суреттер,үлкен және кіші текшелер.Үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс:Үлкен, кіші.

Билингвальді компонент: Үлкен- большой, маленький- кішкентай.

 

Оқу-іс әрекеттерінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық – қозғаушы















Ұйымдастырушылық кезеңі

Қайырлы таң балалар!

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!


Ғажайып сәт.

«Бір қорап таспасы бар аю»

Есіктен тықыр естіледі, есікті ашып, қолында қорабы бар аю ойыншықты көреді. Оны топқа әкеліп, балаларға көрсетеді.

-Балалар, аюмен амандасып, бізге не әкелгенін көрейік. Ол бізге сыйлық әкеліпті. Қорапты ашып көрейік. Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қояады.

Аю қораптан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа салыстыруды сұрайды.

«Қайсысы көп» Ойыны.

Педогогтің үстелінде  4 үлкен    көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр.

Олар бір -бірімен араласып кеткен.

Педогог қолына бір үлкен, бір кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қояды:

-Бұл не?

-Олардың түсі қандай?

-Текшенің қайсысы үлкен?

-Қайсысы кішкентай?

(Сұраған сайын педогог текшелерді бір- біріне қояды).

-Үлкен және кішкентай текшелердің тең немесе тең еместігін қалай білуге болады?


 Қызығушылық танытады.



Шеңбер бойына тұрып өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.


















Қораптан таспаларды алады.Әрқайсысы өз таспасының ұзындығын айтады.












-Текше.

-Көк және қызыл.

-Көк текше үлкен.

-Қызыл текше.



-Бір- бірінің үстіне қойып тексереміз.

Ізденушілік-мотивациялық

-Дұрыс, кішкентай текшені үлкеніне қойып тексереміз.

Педогог бір баланы тақтаға шақырады.

Одан үлкен текшелерді бір қатарға қойып шығуды тапсырады. Содаң соң екінші баланы шақырып, кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне қойып шығуды өтінеді.

-Текшелерді қай қолмен алу керек?

-Оларды қай жақтан бастап қою керек?

Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін педогог:

-Дұрыс, текшелерді оң қолмен алып, солдан оңға қарай рет-ретімен қою керек.

-Үлкен текшелер жетті ме?

-Кішкентай текше көп пе?

-Қайсысы аз?

Содаң соң педогог кішкентай текшені алып тастайды да, балалардан сұрайды:

-Енді текшелер теңесті ме?

-Текшелер теңдей дедіңдер. Неге олай ойлайсыңдар?

Содан кейін балалардан көздерін жұмуды сұрап, кішкентай текшенің тағы біреуін алып тастайды.

«Жануарларды жапсыр» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 18 -оқу іс- әрекеті,

1- тапсырма, жапсырмамен жұмыс: Үлкен және кішкентай аю.

Педогог балаларға жұмбақ жасырады:

«Қысы- жазы бір түсті».

(Шырша)

-Ол не?

Педогог балалардың назарын шыршалардың суретіне аударады.

-Сендердің дәптерлеріңде қандай шыршалардың суреті салынған?

Содаң соң педогог балаларға жапсырмаларды ұсынады.

Биік шыршаның астына- үлкен аюды, аласа шыршаның астына- кішкентай аюды жапсыру тапсырылады.

-Үлкен аю қай шыршаның астында тұр?

-Кішкентай аю қандай шыршаның астында тұр?


Билингвальді компонент: Үлкен- большой, кішкентай- маленький.

Сергіту сәті: «Аю».

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп -үлкен боп жасқанар,

Кіп- кішкентай арадан.

«Үлкен және кішкентай киіз үйлер» ойыны.

Педогог балаларға үстелдегі үлестірмелі материалдар мен жолақтар салынған тәрелкені көрсетеді.

Үлкен киіз үйлерді жоғарғы жолаққа, ал төменгісіне сонымен бірдей етіп кішкентай киіз үйлерді орналастырыңдар. Солдан оңға қарай орналастыру керек.

-Үлкен киіз үйлер мен кішкентай киіз үйлер саны тең бе?

-Үлкен киіз үйлер қайда тұр?

-Кішкентай киіз үйлер қайда?

-Енді тексеріп көрейік. Үлкен киіз үйдің үстіне кішкентайларын қойып салыстырыңдар?

-Қайсысы көп, қайсысы аз екен?

Жеке жұмыс жүргізеді.






Бірінші шыққан бала үлкен текшелерді бір қатарға қатарластырып қойып шығады. Екінші бала кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне қояады.



-Оң қолмен.

-Солдан оңға қарай.










-Жоқ.

-Кішкентай текшелер көп.

-Үлкен аз.



-Енді теңесті.

-Өйткені артық текше жоқ.


Көздерін ашқаннан кейін қайсысының көп, қайсысының аз екенін айтады.









-Шырша.



-Биік және аласа.




Балалар тапсырманы орындайды.



-Биік шыршаның.

-Аласа шыршаның.


Қайталайды:

Қайталайды: Үлкен -большой, кішкентай- маленький.



Балалар қимыл қозғалыстар жасайды.









Балалар жоғарғы жолаққа үш үлкен киіз үй, төменгі жолаққа, әр үлкен киіз үйдің астына кішкентай киіз үй салып шығады.




Жауап береді.

-Кішкентай киіз үй мен үлкен киіз үй тең.

-Жоғарғы жолақта.

-Төменгі жолақта.

Балалар кішкентай киіз үйлерді үлкен киіз үйдің үстіне қойып салыстырады.


-Олардың саны бірдей.

Қорытындылау

Аю оқу іс- әрекеті өте ұнағанын, олардың барлығы белсенді болғанын, оның достарына шыршаның түбінен орын тауып бергендеріне және тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рахметін айтып, қоштасады.

Балалар аюдың тапсырманын дұрыс орындағандарына қуанады.

 

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:Әр түрлі топтардағы заттарды санына,көлеміне қарай салыстыруды;

Түсінеді:Заттарды ұзындығына, биіктігі мен көлеміне  қарай салыстыруды;

Қолданады:Әртүрлі топтардағы заттарды теңестіру тәсілдері туралы түсінікті;

 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!