Тақырыбы: «Үлкенді құрметтей білеміз бе?»
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді
сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін
түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға,
көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман
қасиеттерден жирену сезімін дамыту;
Көрнекі
құралдар: Өнегелі
сөздер, мақал-мәтел, суреттер.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар сіздерді
бүгінгі
«Үлкенге – құрмет,
кішіге- ізет» атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
демекпін.
Бүгінгі өткелі тұрған
тәрбие сағатымызды топтық сайыс түрінде
өткіземіз.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан-дей отыра ортаға оқушыларымызды
шақырамыз.
Кәне, балалар бәріміз бір - бірімізге жақсы
тілек тілеп бастайық! (Жүректен-жүрекке)
1. Әдепті бол!
2. Мейірімді
бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы
бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты
бол!
7. Қайырымды
бол!
Барлығы: Біз
үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды
ұрпақтармыз!
Мұғалім: Топқа
бөлу: Тақырып бойынша (сөйлем құрау)
І
топ: Үлкенге құрмет
көрсетушілер
ІІ
топ: Кішіге ізет
көрсетушілер
Бүгінгі ашық тәрбие
сағатымыз 6 кезеңнен тұрады:
1. Екі топқа
талдау
2. Мақал - мәтелдер
сайысы
3.Тыйым сөздер
сайысы
4. Ойын «Саяхатқа
шығу»
5. «Құпия хаттарға» жауап
беру
6.
Қорытынды.
1. Екі топқа
талдау
Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай
түсінесіңдер?
Бейне баян
(Әлеуметтік баян)
Бірінші топқа үлкенге
құрмет дегенді қалай түсінесің?
Екі топқа кішіге ізет
дегенді қалай түсінесің?
(Екі топқа плакат,
фламастерлер, стикерлер, әуен жіберу)
І: Адам баласы өзгелермен
қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс -
жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай
кішіпейіл, әдепті болуы керек бұл адамгершілік
борыш.
ІІ: Ұлы істердің қандайы
болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен
кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап,
оларға жол көрсете білуі керек.
2. Мақал - мәтелдер
сайысы
Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты мақалдар айту.
Кішіпейілділік дегеніміз — өзімшілдік пен менмендіктің
болмауы. Кішіпейіл адам басқаларды өзінен төмен
санамайды.
1. Кішілік пен кісілік
– ұлылықтың белгісі.
2. Жасанды
кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.
3. Кішіпейілдің абыройы
асады,
Тәкәппардың құты
қашады
4. ...кішіпейілділік
талаптылыққа тура пропорционал.
3. Тыйым сөздер
сайысы
Мұғалім: Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым
сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл,
орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің
жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі
істерге қатаң тыйым салынған.
- Ата-анаңа қарсы
келме.
- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
- Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
- Жаман әдетті үйренбе.
- Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.
4. Ойын «Саяхатқа
шығу»
Мұғалім: «Үлкенге –
құрмет, кішіге- ізет»
көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен
қала бар:
1.
Үлкен, 2.
Құрмет, 3. Кіші, 4.
Ізет
Ал, балалар, өздеріңе қай
қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қағазда сұрақ
бар. Соған жауап беру керек.
1. Мектептен үйге қарай
жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер
едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
2. Өзіңнен үлкен
кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің
керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар
едім.
3. Көшеде біреу жөн
немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
4. Үлкен кісілермен
қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
5. «Құпия хаттарға» жауап
беру
Хаттардың
мазмұны:
1
хат. Құрметті достар!
Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып,
нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ
ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба,
айтыңдаршы?
2
хат. Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын
орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің
дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» -
дейді. Мен не істеуім керек?
Қонақтарға сөз кезегін
береміз.
Қорытынды:
Мұғалім: Адам
бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда
үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл
бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың
үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып
есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің
сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас
заң.