Материалдар / Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды үлкенді силауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
264
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» дөңгелек үстел

Мақсаты: Жаман әдеттен аулақ болуға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға Сыйластықта қарым –қатынас жасауға үйрету

Көрнекілік : Видеоролик, слайд.

Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер. Бүгінгі біздің «Үлкенге құрмет кішіге ізет» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

Құрметті әріптестер дөңгелек үстелді бастамас бұрын назарларыңыз тақтаға аударыңыздар.

Видеоролик

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан соған лайық ықылас білдіреді. Содан барып үлкен кіші арасында жарасымды қарым – қатынас орнығады. Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.

Кәне, бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілеп бастайық!  (Жүректен-жүрекке)
1. Әдепті бол!
2. Мейірімді бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты бол!
7. Қайырымды бол!

І. «Ой жарыс».

Тәрбиеші екі топқа бөліп: Тақырып бойынша (әңгіме құрау)

І топ: Үлкенге құрмет көрсету
ІІ топ: Кішіге ізет көрсету

ІІ. «Пікірталас» 

  1. Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

  2. Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

  3. Әріптестер арасында қандай сыйластық бар?



III. «Сенімділік» ойын. 
Мақсаты: Қатысушыларда басқа адамға деген сенімділігін арттыру. 
Жүргізу жолы: Қатысушылар екі адамнан бөлінеді. Бірінші бір адам көзін жұмады ал екіншісі ол адамды қолынан ұстап бөлмені аралату керек. Көзі жұмық адам көзін ашып қойса онда ол жанындағы адамға сенбейді, ал көзін ашпаса ол жанындағы адамға сенеді. Сосын орындарын ауыстырады. Соңында өз сезімдерімен бөліседі. 

IV «Ағаш тостақ » әңгімесін әріптестерге айтып беремін.

Бір қарт адам өмір сүріпті. Көздері жақсы көрмей, құлақтары жақсы естімей, аяғынан жүре алмапты. Дастарханда отырғанда қолы қалтырап, қасығын ұстай алмайды. Сорпасын үстел үстіне төгіп,аузынан ағызыпты. Ұлы мен келіні оныңбұл жағдайына ызалары келіп,қатты ұрысып, жүрегін жаралапты.

Соңғы кезде дастархан басына шақырмай, пештің артындағы біржерге отырғызыпты. Сол жерде отырып,солжерде тамағын жепті. Қолына бір ағаш тостақ ұстатыпты.

Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты. Жанары сөне бастаған сулы көздерімен дастарханға мұңая қарайтын болыпты.

Күндердің бір күнінде қолдары қалтырап,тостағын жерге түсіріп,сындырып алыпты. Келін ауырсөздер айтып айғайлайды.

Ертеңінде атайдың ұлы дүкеннен ұсқынсыз ағаш тостақ сатып алады. Мүсәпір адамендіт амақты сол тостақтан жейтін болады.

Бір күні осы үйдің төрт жасар ұлы ағаш кесінділерін үйге алып келеді. Әкесіұлына:

-Олағаштардан не істемекшісің? – депсұрайды.

-Ағаштан тостақ жасаймын,әке… Қартайғандасіз де осы тостақтан тамақжейтін боласыз, — дейді ұлы.

Ұлының бұл сөзін естіген әке-шешесінің көздеріне жастолып,жасаған істеріне қатты ұялады. Атасын қайтадан дастархан басына отырғызады. Содан кейін тамақүстінде, дастарханға төкседе,оғансөйлемейтін болыпты.


Сұрақ:

  1. Мәтін кімдер туралы?

  2. Қандай жағдайда отбасы берік болады деп ойлайсыңдар?

  3. Отбасы жарасымды болу үшін адамдарға қандай қасиет керек?

Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз « Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет»

V. Сөйлемді аяқтау. 
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды). 
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі). 
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды). 
1. Баланы шыншылдықта өссе...(ол шыншыл болады, өтірік айтпайды). 
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі). 
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды). 
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі). 
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі). 
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді). 

VI.Қорытынды.

Бүгінгі айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келсек, тәрбие көзі – отбасы екеніне тағы да көз жеткіздік. Қыз бойжетіп ұядан ұшқанда, ұл ержетіп қияға қонған да жанұядан көрген жақсы дәстүрлер мен өнегені сақтапқалса, ол – ата-ана еңбегінің жемісі. Бала отбасы дәстүрлерін сақтай отырып, әкеден ерліктің, еңбектің, іскерліктің, имандылықтың өнеге үлгісін үйренеді, ал анадан сұлулықтың, парасаттылықтың, мейірімділіктің қайырымдылықтың өнегесін бойына сіңіреді.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ