Материалдар / Ұлт болашағы білімді ұрпақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлт болашағы білімді ұрпақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Білім беру аясында жастарға білім беру және тәрбиелеудің маңыздылығы қозғалады. Сонымен қатар білім алушылардың жетістіктерін арттыруды жоспарлау қаралады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2022
258
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ БІЛІМДІ ҰРПАҚ

Елдің ертеңі бүгіннен басталады. Заман талабына сай бәсекеге бейім, алар асулары көп жастарды тәрбиелеу біздің міндетіміз. Сол себепті, қазіргі таңдағы білім беру бағдарламасына қойылатын талап та жоғары. Қарт Каспийдің құшағындағы Ақмаржан қала Ақтауда орналасқан Жоғары оқу орны «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» облысымызды, сонымен бірге Республикамызды да жас мамандармен толықтырып отыр. Бүгінгі күнде дейін физика және математика білім беру бағдарламаларына ұшқыр ойымен алдыңды қатарларда орын алып жүрген студент жастарымызды тәрбиелеп отыр. Оған дәлел ретінде Профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен жыл сайынғы олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жоғары орындарға ие болып жүр. Айта кетер болсақ, Касаева Асылқаным Жоламанқызы жетекшілігімен КТИУ студенттері 2021 жылы «Графен - болашақтың материалы» тақырыбындағы ғылыми жобасы «Үздік жоба» номинациясына ие болды. 2022 жылы Урбисинова Батихан Туленжановна жетекшілігімен 6В015088(1) Математика-Физика Білім беру бағдарламасының студенті Көбейев Бауыржан Республикалық олимпиаданың 2-орын жүлдегері атанды.

Ұлт болашағына біздер қандай үлес қоса аламыз? Қазіргі жастардың еңбек майданында шыңдалып, жетістіктерге жетуге дайындау әрбір оқытушының, әрбір мұғалімнің азаматтық борышы деп айтар едім. Тәуелсіз Қазақстанды алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына қосу әр азаматтың қолында. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, еліміздің дамуына баршамыз бірдей ат салыссақ, сонда ғана үлкен жетістіктерге жете аламыз. Қазіргі жаһандану заманында жас мамандардың АК технологияларын, жаңа ұтымды білім беру әдістерін, онымен қоса елдің ертеңін жоспарлай отырып, кейінгі буын жастардың болашағына ірге қалайтындай тәрбиеге баулуымыз міндет.

Ұстаз – жастарымызға сарқымас білім, тәрбие, тәжірибенің көзі. Бүгінгі ұстаз ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын жастардың айнасындай. Өткен ғасырлардағы ағартушыларымыздың білім және ғылымға қосқан үлестері мүлгімес гранит секілді ерен орын алып отыр. Солардан тәлім ала отырып, біз де өз үлесімізді енгізуге тырысу қажет. Адамзаттың екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби атамыз «Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» деп айтып кеткендей, жастарымыздың жаңашылдықты білуге табандылығын арттыра отырып, ғылым және білім саласындағы ізденіс үрдісіне қызығушылығын қолдауымыз керек. Сонда ғана, білім және ғылым салалары жаңа есімдер толыға түседі.

Әлемдік пандемияның барша адамзатқа тигізген әсері көп. Білім және ғылым саласын да айналып өтпеді. Дегенмен, ұтымды шешімдер мен тиімді әдістердің арқасында оқу үрдісін тоқтатпай жалғастыра бердік. Жаңа процесстердің жастар санасына жаңа мүмкіндіктерге ие болу жолдарын көрсетті. Мысал келтіре кетсек, 6В01502 Физика Білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Ақбаев Абылай Бекболатұлының инициативасымен орындалған оқу материалдарын виртуальды ортада орындаудың жаңа әдістерін ұсынды. Яғни, зертханалық жұмыстарды визуалды ортаға көшіре отырып, мектеп және ЖОО зертханалық кабинеттердің аналогын жасау негізделді. Қазіргі уақытта бұл жобаны жетілдіру жолдары қарастырылуда.

Қорытындылай кетсек, жастардың бәсекеге қабілеттігі, жаңашылдығы ел болашағына үлкен үлесін қосары анық. Біздің міндетіміз – жастарды қоғамға, елдің дамуына қызмет етуге тәрбиелеу, бағыттау, білім беру. Шәкірттеріміздің жетістіктерін көре отырып, еліміздің жарқын дамуына үлек қосқанымызды көре аламыз. Болашығымыздың іргетасын бүгіннен бастап қалайық.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!