Материалдар / Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу,оның жұғу жолдарын,одан сақтану,қорғана білу туралы түсіндіру,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Көрнекілігі: бүктемелер,газет-журнал,кітапшалар,интерактивті тақта слайд,қабырға газеттері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
1049
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы СПИД - ғасыр індеті

«Ұлт денсаулығы-біздің табысты

 болашағымыздың негізі»

Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу,оның жұғу жолдарын,одан сақтану,қорғана білу туралы түсіндіру,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бүктемелер,газет-журнал,кітапшалар,интерактивті тақта слайд,қабырға газеттері.

1-жүргізуші: Құрметті ұстазадар мен оқушылар,1-желтоқсан-Халықаралық ЖИТС-пен күресу күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамыуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер,яғни мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі-халық денсаулығын нығайту.

2-жүргізуші: Бүгінгі күнгі үлкен қатерлі жағдайдың бірі аурулардың көбеюі,соның ішінде СПИД-тің кең етек алуы. Оның шығу тарихы жөнінде айта келе осы жағдайды бейнетаспадан көрейік.

Бейнетаспа қосылады.

1.Ауырудың жұғу жолдары мен белгілерін таныстыру.

2.Ауруд ың алдын алу мүмкіндігін көрсету.

3. Аурумен қарым-қатынастың қалай болу керек екенін түсіндіру.

4.Аурудың қауіптігін сезіндіру.

5.Әңгіме арқылы оқушының ойлауға жетелеу.

Қорытындылау.

1-жүргізуші: Адамның ақыл-ойын,денсаулығын,қабілетін дамыту мәселелерін тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ғалымы Әбунасыр әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз мен сіздердің болашақтарыңзды айтып берейін» деген екен. Олай болса біздің болашағымы неге байланысы?

АҚТҚ-ЖҚТБ дегеніміз не?

Бұл дерті,яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естілді.1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье  бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықталды. 1986 жыл бұл ауруға «Адам иммун тапшылығының вирусы» деген ат берді. СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті. Содан жылжып 1970 жылдары Африкаға  да жеткен. «Құлақ естігенді,көз көреді» деген. Көп күттірген жоқ,Қазақстаенда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды,Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.1987 жылы 23-сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып,өз жұмысын жүргізе бастады.

АҚТҚ-адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды.

АҚТБ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.

ЖҚТБ-жұқтырған қорғаныс тапшылық  белгілері.АҚТБ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ-АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы.Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр.Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады.Өкінішке  карай, кез-келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып  алуы мүмкін,алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп тәуелден бас тартсаң,АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.

АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады.

1.АҚТҚ-мен зақымдалған донрдың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

3.Медециналық манипуляциялар кезінде заласыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

4.Жыныстық қатынас арқылы.

АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды.

Қол алысқанда,құшақтағанда.

Ыдыс-аяқтан,тамақтан,дәретхана заттарынан.

Су мен ауадан.

Ойншықтардан,қолданыстағы заттардан.

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білеміз?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады.

Ауру қалай асқынады?

АҚТҚ жұқпасы-бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай,5-7 жыл ішінде білінеді.

Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Шаршағыштық,жалпы әлсіздік,бірінші топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы.Бұл ЖҚТБ-ның басталғандығын білдірмейді. Алайда арнайы емделмесе,жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де,ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

Ал,енді балалардың дайындап келген ЖИТС құрбаны (монолог) көрейік.

Мұңды музыка орындалып тұр. Сахынаға ер бала шығады.

Бала: Төбе құйқанды шымырлатып ышқына шыққан азалы да ащы әуен. Ағысы мен қағысы қатты аудын музыка аласұрып бебеулетіп өртеп әкетіп барады.Жарқ-жұрқ етіп жоғарыдан айқұш-ұйқыш,суы сорғалаған өткір сәуле астында бүйі тигендей болып дөнбекшеген біреу. Біресе ұшып тұрып,біресе қайта құлайды,құлайды да қайта тұрады.Есірік айғай,сандырақ.Жан төзгісіз ауыр азапқа түскен адам. Аласұра шыққан азалы әуен баяулап барып саябыр тапқанда,қайғы-мұң қасіретінен қажыған адам ыңырана орнынан көтерілді.

Уа,жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені?Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай,арманда кетіп бара жатқан,жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!

Сахнада адам төзбестей ауыр тыныштық,жүзін мұң шалған адам сыртқа қарай сыр шашпай,іштей тілдесіп,өзімен-өзі отыр.

Ұйықтайын десем қорқамын.

Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын,

Шіріген картоп сияқты

Бұрышында қалған бір қаптың,

Өзімнен өзім тістенем,

Шарабым да тұр ішпеген.



«Өзіңді өзің қорға немесе СЕН, ОЛ және ЕСІРТКІ менСПИД»

(көрініс)


Бүгін Жаннаның туған күні. Ол қуанышты көңіл – күймен туған күніне дайындалып үйде отырғанда, ең жақын дос қызы Дина келеді.

Дина: - Жаник, туған күніңмен! Кешке тойлаймыз ба?

Жан: - Мен туған күнімді ата – анаммен үйде тойлайтын шығармын. Сен мүмкін бізбен бірге боларсың.

Дина: - Жарайды, рахмет. Кешкі алтыда келермін.

Әкесі: - Алло, Жан үйдесің бе? Мектепке барып келдің бе? Бүгін мамаң екеуіміз бастығымның туған күнін тойлауға мейрамханаға барамыз. Кеш келеміз, үйде өзің бер.

Жүргізуші: - Жанның туған күні екенін әке әкесі есіне де алған жоқ.

Жан: - Алло, Дина, кешке келмей – ақ қой, өйткені ата – анам жұмыстан кейін , бастығының туған күнін тойлауға барады.

Ешқандай дайындық жоқ. Мен үйде жалғыз боламын.

Дина: Сен, оларға өкпелеме. Сенің туған күніңді жақсылап өткіземіз, мен

екі – үш досымды ертіп барамын.

Жүргізуші: Кешке Жанның туған күні өткізуге Дина өзінің таныстарын ертіп

келеді.

Дина: Жаник танысып қой, бұл Макс. Ал мынау Арсен.

Макс: - Жанна туған күніңді барынша көңілді өткіземіз.

Жүргізуші:(Музыка ойналады. Балалар шампан ашып, көңілдерін көтеріп би-

лейді. Туған күн иесіне тілектер айтылады.)

Дина: Жаник үшін!

Жүргізуші: Кенет Макс Арсенді бөлек бөлмеге алып кетеді. Макс қалтасынан

ине арқылы қабылдайтын есірткіні алыпөзі қабылдайды. Сонан соң

инемен Арсенге есірткі сала бастайды. Сол кезде бөлмеге Жан кіріп

келеді де аң – таң.

- Бұл не? Есірткі ме?

Арсен: - Жоқ, есірткі емес, жай көңіл көтеретін зат.

Макс: Кел, сен де көр.

Жан: - Неге сендер бір инені пайдаланасыңдар? Болмайды ғой.

Макс: Білгішін қарай көр. Қарашы, шприц те, ине де тап – таза. Қан қалдығы

жоқ.

Жүргізуші: Жанды көндірді. Осымен кеш аяқталды. Қонақтарды шығарып

салады.

Жан: - Дина, сен бүгін менің қасымда болшы. Ата – анам әлі жоқ, жалғыз

қалуға қорқамын. Тұла бойым, басым бір жаққа қарай кетіп барады.

Дина: Жарайды, сені жалғыз тастап кеткенім достыққа жатпас.

Жүргізуші: Жан Максті көрмесе тұра алмайтын халге жетті, яғни нағыз

нашақорға айналды. Бес – алты аптпдан кейін Дина жылап, ентігіп жү-

гіріп келеді.

Жан: Не болды, саған, Дина?

Дина: Кейінгі кезде денсаулығым нашарлап, әлсіреп, тез шаршаймын, терлеп

дене қызуым көтеріледі. Жасырын түрде тексерілістен өттім. Ата – анама, достарыма не деймін?

Жан: Жоқ, Дина! Мен сені ондай жолға қимаймын. Ол бәле саған қайдан

жұқты?

Дина: Жаник, есіңде ме, сенің туған күніңде.

Жан: Иә, сонда .....

Дина: Сенде ВИЧ бар.
Жан: Мүмкін емес.

Жүргізуші: Жан үнсіз отырып қалады. Дина жылап, жүгіріп кетеді. Жанның

Ата –анасы келеді.

Анасы: Балам , не болды?

Жан: (Көтеріңкі дауыспен)Ештеңе болған жоқ.

Әкесі: - Айтшы, балам, не болды?

Жан: - мен сендерге керек емеспін! Таңертең кетіп, кешке келесіңдер. Маған

Ешқандай уақыт бөлмейсіңдер.Сендер де енді маған керек емессіңдер.

Анасы: Жоқ жалғызым – ау , сен бізге керексің.

Жан: Қалай сендер түсінбейсіңдер Мен аурумын.

Анасы: Олай айтпа, сен жассың. Келешегің алда. Өмір сүруің керек.

Жан: Мен енді жазылмаймын. «Өлімнен ұят күшті» деген.

Жүргізуші: Жан ата – анасына болған жағдайды айтып береді.

Анасы: Бұл біздің кінәміз ....!

Әкесі: Иә, баламызға уақытында дұрыс тәрбие бере алмадық.

Осы орайда № 22 ЖОББМ медбиксі : Хансултанова Жанаргул Шакеновнаға сөз кезгін береміз


        Оқушы: ЖҚТБ деген тағы да бір жау шықты,

                     Жер астына жөнелтті небір албыртты.

                     Ажал себер аждаһадан аулақ бол,

                     Жастар неге сақтамайды саулықты?!

Оқушы: Уа,халқым,назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді.

Құр айтпаған ғұлама данамыз да,

Сақта халқым,денсаулықты      Алла берген,

Оң болсын десең егер тіршілігің,

Сақта халқым,денсаулығын аналардың,

Болсын десең дені сау ұрпақтарың.


Мұғлім:  ЖҚТБ адамзат алдында тұрған күрделі және қиын мәселе. Ол тек медецина ғана емес,әлеуметтік мәселе.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырады.Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша,темекі сияқты зиянды улы нәрсеге әуес,құмар болмайық,қымбатты біздің болашақ,өміріміздің жалғасы.

«Бірінші байлық-денсаулық» дейді қазағымыз.Салауатты өмір салтын жандарыңа жан  серік етіңдер!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!