Сертификат алу үшін


Ұстаз тілегі сайтынан Сертификат, алғыс хат және құрмет грамотаны тегін алуға болады. Ол үшін: Материал тегін жариялау деген жазуды басып материал жарияласаңыз болды. Марапаттарды жетістіктерім деген бөлімнен жүктеп алуға болады

Ұлттың ұлы жоспары
Автор:
Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2017-12-18





Материал туралы қысқаша түсінік

оқушыларға арналған мақала


Ұлттың ұлы жоспары
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: Өзге өркениетті елдерде мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай болса, бізде де сондай болады, - деген еді. Ендеше, мемлекеттік тілдің ертеңіне сеніммен қарап, мәртебесін асыру – кез келген қазақстандықтың ортақ парызы. Бүгінде Елбасы жариялаған бес халықтық реформаны жүзеге асыру мақсатында қабылданған 100 нақты қадам бағдарламасынан туындайтын міндеттер қызу талқылануда.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланған 2015 жыл – Мәңгілік елдің өткенін таразылаумен бірге, болашағын бағдарлайтын, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бастайтын шешуші қадамдар жылы. Жаңа қазақстандық патриотизм туралы сөз қозғағанда, біз Мәңгілік ел ұлттық идеясынан туындайтын міндеттерді алдымен айтамыз. Ал, ұлттық идея – жаңа қазақстандық патриотизм десек, сол ұлттық идеяның тұғыры – ұлттық тіл.
Мәңгілік ел ұлттық идеясы – сонымен бірге жаңа мемлекеттік идеология. Сондықтан да мәңгілік елдің мәңгілік бірегей мемлекеттік тілі – қазақ тілі де, елдегі мемлекеттік тіл саясаты да жаңа деңгейге көтерілуі тиіс.
Әрбір қазақстандық үшін қазақ тілін білу борыш қана емес, сонымен бірге ұлтқа деген құрмет (Н.Назарбаев) деген ұғымды қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр. Ең алдымен, мемлекеттік тілдің барлық өркениетті елдердегі сияқты конституциялық мәртебесіне сай қолданылуына қол жеткізу, қуатты ұлттық идеологияның негізі болатын мемлекеттік тіл идеологиясын қалыптастыру мемлекет пен қоғамның тіл саясатына қатысты басты мақсаты екенін айтқан жөн.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет атты бағдарламасының 89-қадамында Мәңгілік ел құндылықтары туралы айтып, Нұрлы Болашақ ұлттық жобасын әзірлеуді жүзеге асыруды тапсырды. Әсіресе, адамдардың санасында қалыптасып қалған көзқарас пен ділді өзгерту үшін де қуатты тіл идеологиясы қажет және оның басты мақсаты – мемлекеттік тілді ұлттық идея дәрежесіне көтеру, қазақ тілін жалпы ұлттық тілге айналдыру. Әрбір Қазақстан азаматы осы ұлт үшін деген ұлы іске (А.Байтұрсынұлы) өз үлесін қосуға ұмтылғанда ғана бұл бағытта түбегейлі өзгерістер болатыны айқын.
Бірлігі жарасқан елдің алмайтын асуы жоқ. Ендеше, достық пен ынтымақты ту еткен еліміздің 100 нақты қадамы қарыштай беретіні анық. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ел дамуының жаңа кезеңіндегі оң өзгерістер мен игі істерге бастама болып, Мәңгілік елдің басты рухани құндылығы қазақ тілі – ұлттық идеяның негізіне айналсын!


Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы
С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бактыбаева Макпал Сериковна
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!



Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.