Материалдар / Ұлттық аспаптар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлттық аспаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың музыкалық аспаптарға деген қызығушылықтарын ояту. Олардың түрлерін ажырата білуді үйрету. Күй тыңдату арқылы эстетикалық қабілеттерін, музыканы қабылдау деңгейін тереңдеру. Әншілік жауысты жетілдіре отырып, әнді сипатына сай мәнерлі орындауға үйрету. Ән мазмұнына сай ырғақтық қимылдарды орындау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2018
447
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Уақыты: Білім беру саласы: ШығармашылықБөлімі: МузыкаТақырыбы: «Қазақ және орыс халқының ұлттық аспаптары»Мақсаты: Балалардың музыкалық аспаптарға деген қызығушылықтарын ояту. Олардың түрлерін ажырата білуді үйрету. Күй тыңдату арқылы эстетикалық қабілеттерін, музыканы қабылдау деңгейін тереңдеру. Әншілік жауысты жетілдіре отырып, әнді сипатына сай мәнерлі орындауға үйрету. Ән мазмұнына сай ырғақтық қимылдарды орындау.Қолданылатын көрнекі құралдар: Музыкалық аспаптар, қолдан жасалған аспаптар, музыкалық аспаптар суреттері, музыкалық киіз үй, дидактикалық материалдар, видео слайд.

Мотивациялық-қозғаушылықМузыка залына балаларды Н. Тілендиев («Отырар сазы» оркестрі орындауында) «Ата толғауы» күйімен кіргіземін.Балалар музыка ырғағына сай, саппен жүріп орындарына келіп отырады.Амандасу:
  • До-ре-ми-фа-соль-соль (Сәлеметсіздер ме?)
  • Балаларға айналасына көңіл бөлулерін сұраймын.
  • Балалар қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
  • (Балаларға аспаптарды көрсетемін).
  • Дұрыс айтасыңдар балалар, бұларды жалпы аспаптар деп атайды.
  • Қазақ және орыс халқының ұлттық аспаптары.Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылып отырған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Көңілді аспаптар» деп аталады.
    Балалар саппен, музыка ырғағына сай жүріп, орындарына келіп отырады.

  • Соль-фа-ми-ре-до (Сәлеметсіз бе?)
  • Домбыра, баян, сылдырмақ...т.бдеп жауап береді.

    Ұйымдастырушылық-ізденістікБалаларды қазақ және орыс халқының ұлттық аспаптарымен таныстырып, (домбыра, сыбызғы, қобыз, шаңқобыз, жетіген, сазсырнай ) олардың дауыстарын тыңдатамын.

    Балалар, аспаптар 4 түрге бөлінеді: 1. Шертпелі 2. Үрмелі 3. Ұрмалы 4. Ыспалы деп түсіндіремін.

    Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жауабын тауып көрейік.Ұзын мойын, екі шек, Қатар, қатар, тепкіншек. Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.(Домбыра)Жарайсыңдар балалар, бұл қазақтың ұлттық аспабы Домбыра.
  • Балалар айтыңдаршы, сендердің көңіл-күйлерің қандай?
  • Керемет, ендеше музыка да көңілді, мұңлы болып бөлінеді.
  • Кәне балалар тыңдайықшы, қазір мен сендерге музыка тыңдатамын, сендер сол музыканың көңілді немесе мұңлы екенін, және қандай аспапта орындалғанын ажыратып көріңдер.Музыка тыңдау: «Әлқисса» күйі (Н. Тілендиев)Домбыра аспабында орындалды, көңілді.«Ұшардың ұлуы» күйі ( Қорқыт)Қобыз аспабында орындалды. Мұңлы.(күйдің тарихына қысқаша шолу жасаймын).
    Балалар тыныш отырып, аспаптармен танысады.

    Балалар, аспаптардың дауыстарын, көңіл бөліп тыңдайды.









    Жауабын шешуге талпынады.







    -Домбыра





    - Жақсы





    Жақсы...

    Балалар музыканы тыңдап, көңілді немесе мұңлы, және қандай аспапта орындалғанын ажыратуға тырысады.









    Дауыс жаттықтыру: Жоғары барамыз, Төменге келеміз.

    Мен ән айтамын, Жақсы айтамын.
  • До, ре, ми, фа, соль - Соль, фа, ми, ре, до.
  • Балалар, дауысымызды жаттықтырдық, енді өткен оқу іс-әрекетімізде жаттаған әнімізді қайталап орындайық.

    Қандай ән жаттап едік, естеріңде ме?Дұрыс айтасыңдар Өткен әнді қайталау: «Топ-топ, балақан» әні(музыкасын жазған М. Арынбаев, сөзін жазған А. Асылбек).

    Балалар, кәне айта қойыңдаршы алдымызда қандай мейрам келе жатыр? Кім біледі?Дұрыс айтасыңдар 8 наурыз аналарымыздың, әжелеріміздің, қыздардың мейрамы келе жатыр.Ендеше аналарымызға, әжелерімізге арнап ән жаттаймызба?Жаңа ән: «Мерекеңмен, анашым»(музыкасын жазған Б. Қыдырбек, сөзін жазған И. Сапарбай).

    Балалар, шаршадыңдарма?Кәне, бәріміз ортаға шығып бойымызды сергітіп алайық.Әуенді-қимыл қозғалыс: «Шумовой оркестр»Балалар аспаптарды алып, оркестрде ойнайды.

    Жарайсыңдар, балалар! Оркестрде жақсы ойнайды екенсіңдер.Бойымызды сергітіп алдық енді, ойын ойнап жіберейік.Ойын: 1.«Артығын тап»Ойын шарты мынадай: Үстел үстінде аспаптардың, және басқа да заттардың суреттері берілген. Сол суреттердің ішінен аспапқа жатпайтын суреттерді алып тастауымыз қажет.2. «Аспаптарды таны» Ойын шарты: Балаларға аспаптардың суретін үлестіремін. Сол арқылы аспаптарды көрсеткенде, балалар қолдарындағы суреттеріне қарап, қолында сол аспаптың суреті бар бала орынынан тұру қажет.
  • Жарайсыңдар, балалар!


  • Балалар талапқа сай отырып, дауыстарын жаттықтырады.













    Ия

    «Топ-топ, балақан» әніБалалар, өткен әндерін қайталап орындайды.

    Аналар, әжелер, қыздар мейрамы...



    ИяБалалар жаңа әнді жаттауға талпынады.

    Ия

    Балалар оркестрде ойнап, аспаптарға деген қызығушылықтары артады.





    Балалар, ойын шарттарын мұқият тыңдайды.Артық суреттерді тауып, алып тастайды.Ойынға қызығушылықпен қатысады.Суреттеріне қарап, орындарынан тұрады.



    Рефлексия-түзетушілікБалалар, айтыңдаршы бүгін оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
  • Не туралы айттық?
  • Не үйрендік?
  • Жарайсыңдар, балалар! Оқу іс-әрекетімізге жақсы қатыстыңдар.Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

    ИяҰлттық аспаптарЖаңа ән, аспапта ойнауды...



  • Сау болыңыз!


  • Күтілетін нәтиже:Білуі керек: Аспаптардың түрлерін білуі керек.Игереді: Аспаптардың түрлерін ажыратуды, аспапта ойнауды.Білді: Аспаптардың 4 түрге бөлінетінін, берілген тапсырмаларды орындай алады, көрсетілген музыкалық-ырғақтық қимылдарды бірге орындауды меңгереді, аспаптарды тыңдап, дауыстарын тембрмен ажыратуды біледі.
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!