Материалдар / Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау

Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезеңдегі сенімділігің мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.Есте сақтау қабілетін дамыту. ҰБТ – ті кезіндегі стрессті жеңе білу.Жаңылтпаштар айту арқылы, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.Әр оқушыға екі жаңылтпаштан оқиды. Көп материалды қалай есте сақтауға болады? Мысалы: Қасым хан Әз-Жәнібек ханның ұлы ма? Әз – Жәнібек хан Қасым ханның ұлыма? Әз-Жәнібек хан Қасым ханның ұлы емес,Қасым хан Әз – Жәнібектің ұлы. Талдау: «Есте сақтау » жаттығуы ұнады ма? Жаңылтпаштар арқылы есте сақтау қабілетін шыңдауға бола ма?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2018
393
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындауМақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезеңдегі сенімділігің мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.Есте сақтау қабілетін дамыту. ҰБТ – ті кезіндегі стрессті жеңе білу.

1.     «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.Мақсаты:амандасау арқылы оқушыларды тренингке бейімдеу. Нұсқау: Оқушылар өзі таңдаған шарды алып жарады, ішіндегі бес тілде жазылған амандасуды ,жүргізушінің нұсқауымен қолмен, иықпен,шынашақ саусақпен, құлақпен, аяқпен т.б. амандасады.Талдау:Жаттығу сіздерге ұнады ма?Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?2. «Есте сақтау» жаттығуыТалдау: «Есте сақтау » жаттығуы ұнады ма? Жаңылтпаштар арқылы есте сақтау қабілетін шыңдауға бола ма?

«Менің атым және қасиетім» жаттығуыҚатысушылар шеңбер болып отырады.Менің қолымдағы моншақтан алыңыздар,неше моншақ алдыңыз сонша рет өздерінің есіміңізді айтай отырып өздерінде бар қасиеттерді есімінде,тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталған қасиеттерді айтамыз.Сонымен бірге ҰБТ –де жоғарғы ұпай аламын,жоғарғы оқу орына грантпен түсемін...Әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады. Енді мына сіздердің қолдарыңыздағы жақсы қасиеттерді мына жіпке тізіп көрейікші.Көрдіңіздер ме осы жақсы қасиеттер мен армандарымызды біріктіре отырып сіздер әліде талай шыңдардан көрінетініңіздерге мен де, сіздерде сенімдісіздер.Тест. «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.Иә-2/ Кейде-1/ Жоқ-0
  • Мен өзімді бақытты сезінемін
0 1 2
  • Мен өзімді бақытты ете аламын.
0 1 2
  • Мені шарасыздық сезімі мазалайды.
2 1 0
  • Мен стрестік ситуациаларда дәрі-дәрмек пен алгогольдің көмегінсіз өзіме-өзім келе аламын
0 1 2
  • Егер мен өте қатты стресс алсам,міндетті түрде маманның көмегіне жүгінер едім
0 1 2
  • Мен қайғыруға бейіммін.
2 1 0
  • Мен кейде басқа біреу болгым келеді
2 1 0
  • Мен кейде баска жерде болгым келеді
2 1 0
  • Менің көңіл- күйім тезтүседі
2 1 0Тест кілті0-3 ұпай Сіз өзіңізді ұстай аласыз және сіз бақытты адамсыз4-7 ұпай Сіз стреспен орташа деңгейде күресе аласыз. Сіздің стрестік жағдайда көмектесетін әдістерді пайдаланғаныңыз жөн.8 және одан жоғарыұпай. Сізге әзірге өмірдің қиындықтарымен күресу оңай болмайын деп тұр. Егер сіз өзіңіздің рухани қуатыңыз бен дене қуатыңызды сақтағыңыз келсе,онда сізге стресс жағдайда көмектесетін әдістерді тиімді пайдалануды үйрену қажет.

   

«Біздің топтың жүрегі» жаттығуыМақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.Нұсқау:Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады. «Менімен бірге қайтала» жаттығуы.Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Видеороликтен көрген қимылдарды қайталап, би жаттығуларын жасайды.



Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол.2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста.4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте.5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан.6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен.7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір.8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле.9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін.Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер!Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.Психолог. ҰБТ - ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ - ға сеніммен баруға байланысты, бір біріңе тілек тілеңдер. Шеңбер бойындағы оқушылар бір шетінен бастап келесіне өз тілегін білдіреді. Барлық оқушының тілегі бітеді.

Нәтиже:* ҰБТ – ге деген оқушылардың бойында сенімділік қалыптасады;* ҰБТ – ге тиімді дайындалу жолдарын ұғынады;* Тренинг барысында ҰБТ – ге деген қорқыныш пен іштей қобалжудан арылуға мүмкіндік береді;.* Сабақ барысында ойларын ашық айтып,өздерін еркін ұстауға үйренді
  • ҰБТ – га Біз сеніммен барамыз!
* ҰБТ – ға дайындалудың тиімді жолдарын меңгерді;

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ