Материалдар / Ұлттық киім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық киім

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәніне қажет материал, көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
770
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат

Оқушылардың сабақтан алған білімін нақтылап, дамыта оқытудың бірден-бір жолы факультатив жұмыстары. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.Ұлттық киімдер біздің мақтанышымыз. Сондықтан мен бұл бағдарламамды «Ұлттық киім» деп атадым. Бұл бағдарламада оқушыларды еңбекке, түрлі ұлттық киімдерімізді жасауға, ой-өрісі мен, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар затты ұқсата білуге, ол заттың қадір-қасиетін білуге көмек көрсетеді.

Ұлттық қолөнерге тән ерекшеліктер айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста әлеуметтік тәрбиелік рөлі, алған білімдерден жасалған туындыларының көркемдік, эстетикалық талғамы қалыптасады, мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығы бар.

Пәнаралық байланыс: математика, география, экология, тарих салаларының қазіргі өмірімен ұштастыра отырып, ұлттық киімдерімізді насихаттау, ұлттық киімдеріміздің маңыздылығын, ерекшеліктерін түсіну.



Бағдарламаның мақсаты: халық өнерін игеру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу, оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау. Оқушылардың әр түрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем-эстетикалық біліктілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- Оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулып, әртүрлі бұйымдар жасауға үйрету

- Өз бойындағы шеберлік, шығармашылық ойларын өз қолдарымен жасай білуге үйрету

- Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу

- Тігілген бұйымдарды дизайн мен сәндік-қолданбалы өнердің талаптарына сай сәндей білуге үйрету

- Техника қауіпсіздік ережесін және санитарлық гигиена нормаларын орындау.

Оқытудың әдісі: - білімнің дерекпен алуы бойынша: көрнекілік, тәжірибиелілік; - түсінуді ұйымдастыру әдісі бойынша: түсіндірмелі, сарамандық.


Оқыту формасы: дәстүрлі емес сабақ нұсқалары (оқу лекциясы, топтық және жекелей жұмыс, өзіндік жұмыс), демонстрациялық сабақ.


Күтілетін нәтиже:

- оқушыларда пәнге деген қызығушылық артуы, танымдық көзқарастары кеңеюі

- ұлттық киімдердің тігілу жолдарын меңгере алуы.

- оқушыладың өз алдына мақсат қоя алуы

- басқалардың пікірімен санаса алуы

- жеке шығармашылық жұмыс жасай алады (Жоба)

- сайыстар мен байқауларға қатысуға оқушылардың белсенділігі артады.

- оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.

Оқушылар білуі тиіс: қазақтың ұлттық киім түрлерін, қазіргі заманға сай ұлттық стильдегі киімдерді тігу техникасын, интернет желісін пайдалануды, қазақтың  ұлттық  киімдері өзінің сипатына, сырымен, сұлулығымен, сәніне, бедеріне, өрнегіне мән беру.
   Жалпы киімді тігуді, ұлттық киіміміз қол өнерінің  озық  үлгісі  ретінде  ғана  емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығы мен сәнділігіне назар аударуы тиіс  


Оқушылар орындай алуы тиіс: бас киім, киім үлгілерін таңдауды, модельдеуді, тігілетін бас киім немесе киімге өлшем алуды, сызба торын құруды, пішім бойынша пішуді, бұйым бөлшектерін бір-біріне қосып тіге білуді, өңдеу жолдарын, әшекейлеуді.


Оқушылар үйренуі тиіс: бұйымның кімге арналатынын, ұлттық киімге мата таңдай білуді, бұйымға кететін материалдар шығынын есептеуді, тігілу әдістерін, мәнерін, түстерін үйлестіре білуді, бұйымды әдемі, сәнді етіп дайындауды


Оқушылардың жеткен жетістіктерін бақылау формасы және бағалау критериі:

- бақылау формасы: тест, жобалық презентация, тақырыпқа байланысты сарамандық жұмыстар, шығармашылық тапсырма (эссе, реферат, баяндама, жобалар)

- бағалау критерийі: тест («А», «В», «С» - деңгейлері) және шығармашылық жұмыс, деңгейлік тексеру















































Факультатив мазмұны

Кіріспе (1 сағат)

Қауіпсіздік ережесі. Қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік

І тақырып Бас киімді тігу технологиясы (7 сағат)

Бас киімді тігу технологиясы, бас киім түрлерімен танысады. Қыздар тақиясын тігу, тақия тігу жолымен танысады. Өлшем алу, сызба сызу. Өлшем бойынша сызбаны түсіре алады. Бас киімді матадан пішу, бас киімді матаға түсіріп, пішіп алып тіге алады. Бас киімді әшекейлеу, бас киімді сәндеп, әшекейлеп безендіре алады. Бас киімді өңдеу, өңдеу жұмыстарын жасайды. Дайын күйге енгізу, соңғы өңдеу жұмыстарын жасап, дайын бұйымды қорғау.

ІІ тақырып Қазақ халқының ұлттық костюмдерін конструкциялау, модельдеу және дайындау (11 сағат)

Қазақ халқының ұлттық костюмдерін конструкциялау, модельдеу және дайындау, ұлттық костюмдер туралы ,қазіргі кездегі киім дизайны туралы біледі. Ұлттық киім камзолға өлшем алу, камзол өлшемін ала алады. Сызба торын құру. Артқы бөлік сызбасын сызу,сызба торын құру арқылы камзолдың артқы бөлігінің сызбасын сыза алады. Алдыңғы бөлік сызбасын сызу. Бел бүкпесін сызу, алдыңғы және бел бүкпесі сызбасын сыза алады Камзолды модельдеу, камзол моделін жасай алады. Камзолды матадан пішу,матаға пішімді дұрыс түсіре алады. Камзол бүкпесін, тігістерін, әдібін, етегін өңдеу жұмыс жүргізе алады. Дайын күйге енгізу, соңғы өңдеу жұмыстарын жасай алады.

ІІІ тақырып Қазақтың ұлттық көйлегі, заманауи үлгідегі ұлттық көйлектер (14 сағат)

Қазақтың заманауи үлгідегі көйлектерін дайындай алады. Өз өлшемі бойынша көйлектің алдыңғы бой және артқы бой сызбасын, төменгі бөлік, жең сызбасын дайындай алады. Ұлттық көйлекті модельдей алады. Көйлекті матадан пішу, матаға пішімді дұрыс түсіре алады. Көйлек бүкпесін, тігістерін, әдібін, етегін , желбәршегін өңдеу жұмыс жүргізе алады. Дайын күйге енгізу, соңғы өңдеу жұмыстарын жасай алады.

ІV тақырып Шығармашылық есеп (1сағат)

Шығармашылық көрме жасайды

«Ұлттық киім» бағдарламасының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Тақырыптар

Сабақты өткізу формасы

Сағат саны

Күні

1

Қауіпсіздік ережесі. Қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік



1

5.09

2

Бас киімді тігу технологиясы. Бас киім түрлері.


1

2 сабақ 12.09 – Айт мерекесіне келуіне байланысты №3 сабақпен біріктіріліп 19.09 күні өткізіледі

3

Қыздар тақиясын тігу



1

19.09

4

Өлшем алу. Сызба сызу.


Сарамандық

1

26.09

5

Бас киімді матадан пішу


Сарамандық

1

3.10

6

Бас киімді әшекейлеу.


Сарамандық

1

10.10

7

Бас киімді өңдеу


Сарамандық

1

17.10

8

Дайын күйге енгізу


Сарамандық

1

24.10

9

Қазақ халқының ұлттық костюмдерін конструкциялау, модельдеу және дайындау.


1

7.11

10

Ұлттық киім камзолға өлшем алу.


Сарамандық

1

14.11

11

Сызба торын құру. Артқы бөлік сызбасын сызу.

Сарамандық

1

21.11

12

Алдыңғы бөлік сызбасын сызу.Бел бүкпесін сызу.

Сарамандық

1

28.11

13

Камзолды модельдеу.


Сарамандық

1

5.12

14

Камзолды матадан пішу.


Сарамандық

1

12.12

15

Камзол бүкпесін өңдеу.


Сарамандық

1

19.12

16

Иық, жан тігісін өңдеу.


Сарамандық

1

26.12

17

Камзол әдібін өңдеу.


Сарамандық

1

9.01

18

Бұйым етегін өңдеу.


Сарамандық

1

16.01

19

Әшекейлеу.Дайын күйге енгізу


Сарамандық

1

23.01

20

Қазақтың ұлттық көйлегі, заманауи үлгідегі ұлттық көйлектер


1

30.01

21

Қазақтың ұлттық көйлегіне өлшем алу

Сарамандық

1

6.02

22

Көйлектің сызба торын сызу. Артқы бой сызбасын сызу.Алдыңғы бой сызбасын сызу

Сарамандық

1

13.02

23

Көйлектің төменгі бөлігін сызу


Сарамандық

1

20.02

24

Жең сызбасын сызу


Сарамандық

1

27.02

25

Ұлттық көйлекті модельдеу.


Сарамандық

1

6.03

26

Ұлттық көйлекті матадан пішу.


Сарамандық

1

13.03

27

Бүкпе, иық, жан тігісін өңдеу.


Сарамандық

1

20.03

28

Жеңін өңдеу


Сарамандық

1

3.04

29

Жеңді қондырып өңдеу.


Сарамандық

1

10.04

30

Мойын ойындысын өңдеу.


Сарамандық

1

17.04

31

Бел қиығын өңдеу.


Сарамандық

1

24.04

32

Төменгі қиық желбіршегін өңдеу.

Бұйымның төменгі қиық шетін өңдеу

Сарамандық

1

32 сабақ 1.05-8.05 мереке күніне келуіне байланысты №33 сабақпен біріктіріліп 15.05 күні өткізіледі

33

Дайын күйге енгізу.


Сарамандық

1

15.05

34

Шығармашылық есеп. Көрме ұйымдастыру

Орындалған жұмыстардың қорытындысы

1

22.05











































Мұғалім пайдаланған әдебиет:

  1. «Шаңырақ» энциклопедиясы

  2. Интернет материалдары

  3. «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журналдар

  4. «Қазақ халқының ұлттық киімдері» Алматы, 2010ж.

  5. «Киімді пішу конструкциясы және модельдеу негізі» Кичемазова Л.Н. Малышева И.Э. 2001ж.







Оқушылар пайдаланатын әдебиет:

  1. «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журналдар

  2. «Шаңырақ» энциклопедиясы

  3. Интернет материалдары

  4. «Сен білесің бе?» кітапшалары







3 жалпы орта білім беретін мектептің 2016 жылғы 31 тамызында «Технология, бейнелеу, музыка, дене шынықтыру, АӘД» бірлестігінің №1 педагогикалық мәжілісінде талқыланып мақұлданды.






Мектеп директоры: Ш.Унгарбаева


Оқу ісінің меңгерушісі: З.Нұрған

Бірлестік жетекшісі А. Қойбағарова


Пән мұғалімі: А. Қойбағарова



Атырау облысы Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылы

3 жалпы орта білім беретін мектеп ММ















«Ұлттық киім»

















Сыныбы: 9

Бағдарламаны құрастырған: Қойбағарова Айсауле Жеңісқызы технология пәнінің ІІ санатты мұғалімі





2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!