Материалдар / «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні

29.01.2024 ж

Сынып, жетекші

8 «А» Джанзакова А.Д

Сабақтың тақырыбы

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Мақсаты

Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Ұлттық мұраға ұқыпты қарау Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

Керекті жабдықтар

Слайд ұлттық ойындарға байланысты суреттер, видео роликтер

Құндылықтар

«Талап» «Еңбек»

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)











Тұсаукесер

(10мин.)


Ұйымдастыру:

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Сәлеметсіз бе!

- Көңіл күйлеріңіз қалай?

- Жақсы.

Онда біз сабағымызды психологиялық дайындықтан бастаймыз.

Тыныштық сәті. Сабырлы ән қосып, оқушылардың көзін жұмғызып, көңілдерін жайландыратын сөздер оқу.

Балалар, дұрыс отырайық, арқамызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмыңыздар.

Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіздер. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, балдың және шөптің иісін сезесіз (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстардың ән салып жатқанын естисіз (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық.Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз (тыныштық). Көк аспанның және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезініңіз (тыныштық). 1, 2, 3 көзімізді ашайық

  • Сіздерге тыныштық сәті ұнады ма?

  • Иә, ұнады.

  • Қандай сезімде болдыңыздар?

  • Табиғатты аралап шыққандай болдық.

Балалар, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты: «Ұлттық ойын – халық мұрасы» деп аталады.

- Сіздер ұлттық ойынның қандай түрлерін білесіздер?

- Көкпар, асық ату, қыз қуу, ....

- Жақсы, сіздердің жауаптарыңызбен келісе отырып, ұлттық ойындарға анықтама беріп кетсек.

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған.

Аударыспақ ойыны. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады.

«Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын. 
«Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады. 


Мұғаліммен амандасады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады







Негізгі бөлім

(15мин)




Ойындар

1.Қол күрес

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.

2. Шеңберде асық ойнау

Шеңбер сызып аламыз, асықты ортасына тізіп қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз. 4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әр баланын сақасы әртүрлі түспен боялады. Рет ретімен сосын ойнаймыз.

3.«Бестас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді



Ұлттық ойындар


Қорытынды

(10мин.)




Сонымен ұлттық ойындар - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, қабілетін оятады. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!