Материалдар / "Ұлттық ойындар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлттық ойындар"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
1109
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсінік беру.

Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру.

Балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар, таяқша, қолдан жасалынған аттар, тақия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.

ІІ. Ұлттық ойындар туралы түсінік беріп айтып өту. Ойындар ойнату.
Ұлттық қимыл ойындары:
«Айгөлек»- бұл ойында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен топталып ойнату, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік қорын, тілін дамыту мақсаты қойылған.
«Тақия тастамақ»- шеңбер жасап отырып, бала сезімін ояту, аңғара білуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
«Көтермек»- баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге, жеңе білуге үйрету.
Асық ойындары. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырамыз.

«Хан алшы»- ойын ауызбірлікке, ептілікке, зейінділікке, төзімділікке, достыққа тәрбиелеп, асықтың алшы, бүк, шік, тәйкі, хан деген ұғымдарын қалыптастырып, есте сақтау қабілетін арттыруға арналған.

Қазақ халқының ұлттық “Тоғызқұмалық” ойыны

Тарихтың терең қойнауынан бастау алған,шығу және пайда болу мерзімі әлі толық дәрежеде зерттелмеген,яғни ғылыми түрде тұжырымдас айқындалмаған,ұлтымыздың асыл қазыналарының бірі-тоғызқұмалақ.

Оның ерте замманан келе жатқанына дәлел боларлық тастарға қамшалып қалдырған.

ІІІ. Негізгі бөлім. Шығу тарихы туралы айтып өту. Ойында адам қарсыласының әлсіз және күшті жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді.

IY. Қорытынды




Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны Асық ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны Асық ойыны туралы түсінік беру.

Балалардың төзімділік , шыдамдылық қасиеттеріндамыту.

Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру.

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.

ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.Ұлттық ойындар туралы түсінік беріп айтып өту. Ойындар ойнату.Ұлттық қимыл ойындары: Асық ойыны.

Қазақта әр үйдің баласы сойған малдың, әсіресе қойдың, арқардың асығын жинайды. Асықты қыны мен бояйды. Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке үйретеді көздейді. Балалар күндіз далада ойнағанда екі бала берілген жерге асықтарды тігіп, көздеп атып тигізуі керек. Қазақ халқының ежелгі спортының бірі асық ойыны. Зерттеушілердің пайымдауынша бұл ойынның пайда болуы ерте заманғы атларымыздан келе жатқан ұлтық ойын екенін айтады.
Тақырып бойынша мәлімет беру. Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болуы керек. Асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түспен боялған болу керек. Осы
асық «хан» болуы керек. Алды мен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап аламыз. Бастаушы бала асықтың бәрін уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Қалғанымыз ханның қалай түскенін байқап отырымыз. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе ойын бастаушы бала ханның түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып бір – біріне дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықты өзіне алады. Асық ойынының тағы бір ережесі әр баланың өз сақасы болуы шарт. Сақа үлкен салмақты асықтан болады. Сақасы тиген бала асықты ұтады. Ұтылған жақ жаңадан асықты тігеді. Мұндай ойында сақа өте қымбат.

Асықтармен танысайық. Олардың 4 қыры болады. Олар алшы, бүк, шік, тәйкі деп аталады.
IY. Қорытынды. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, сабырлықты, шапшаңдықты тағыда басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне негізделген. Өйткені ойынға қатыспай тұрып –ақ оған күні бұрын тер төгіп дайындалуға тура келеді.Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындарының негізгі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық әрекетінен бастау алады. Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам жоқ.


























Сабақ тақырыбы: Асық ойынындағы сақа сайлау ережесі.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны Асық ойынындағы сақа сайлау ережесі туралы түсінік беру.

Балалардың сақа сайлауға деген қызығушылық қасиеттеріндамыту.

Асық ойыны арқылы жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Жылулық шеңбері»
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.

ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

Асық ойынындағы сақа сайлау ережесі. Ойындар ойнату.

Асық ойынының тағы бір ережесі ол сақа сайлау ережесі. Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да «сақа». Асықтарды атқанда сақамен көздейді. Асық ойынында әр баланың өз сақасы болуы шарт. Сақа үлкен салмақты асықтан болады. Сақасы тиген бала асықты ұтады. Ұтылған жақ жаңадан асықты тігеді. Мұндай ойында сақа өте қымбат. Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т.б, жатады Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған. Асық атаулары: • Құлжа - арқардың аталығының асығы • Сақа - арқардың асығы • Жабайт – еліктің асығы • Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен • Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында сақаның атқаратын маңызы зор. Кезкелген асық ойынында ойыншы сақас арқылы жеңіске жетіп немесе жеңіліс табуы мүмкін, сондықтан сақаны таңдағанда асыққа қатты мән берілуі керек.

IY. Қорытынды. Асықпен ойналатын ойынындарда сақаның болуы шарт. Кез-келген асық ойыны сақамен ойналады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс.Сақа ойыншының ең басты асығы, сақаны ірі, ауырлау болу үшін оған қорғасын құйған. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді.















Сабақ тақырыбы: «Алшы ойыны» туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны
«Алшы ойыны» туралы түсінік беру.

Балалардың алшы ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды алшы ойыны арқылы дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

Алшы ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойыншылар сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты көздеп атып асықтарды көп жинауы керек.

Ойын іс әрекеті. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады.

Ойын ережесі. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.

Құралдар. Асықтар, әр баланың сақасы.

Ойын барысы

«Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.

«Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы рет көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.

IY. Қорытынды. Алшы ойыны балаларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа үйретеді.


Сабақ тақырыбы: «Омпа ойыны» туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны
«Омпа ойыны» туралы түсінік беру.

Балалардың Омпа ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды алшы ойыны арқылы дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

Омпа ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойынның мақсаты — асық ұту.

Ойын іс әрекеті. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды.

Ойын ережесі. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.

Құралдар. Асықтар, әр баланың сақасы.

Ойын барысы

Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді.

Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алалады.

Сақа мынадай жағдайда асықты ұта алмайды • Сақа бүк жатса- бүк жатқан асықты ұта алмайды • Сақа ішік жатса- ішік жатқан асықты ұта алмайды • Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатса- алшы тұрған асықты жеңе алмайды • Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - тәукі тұрған асықты жеңе алмайды • Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - омпа тұрған асықты жеңе алмайды.

IY. Қорытынды. Омпа ойыны балаларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа үйретеді.


Сабақ тақырыбы: «Асықты тігіп ойнау» туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Асықты тігіп ойнау» туралы түсінік беру.

Балалардың Асықты тігіп ойнау ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды асықты тігіп ойнау ойыны арқылы дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

Асықты тігіп ойнау ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойынның мақсаты — асық ұту. Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады.

Ойын іс әрекеті. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады.

Ойын ережесі. Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1—1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды.

Құралдар. Асықтар, әр баланың сақасы.

Ойын барысы

Асықты тігіп ойнау. Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1—1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4—5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.

Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.

IY. Қорытынды. Асықты тігіп ойнау ойыны балаларды сабырлыққа, дәл тигізуге, байсалдылыққа үйретеді.


Сабақ тақырыбы: «Тас қала» асық ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Тас қала» асық ойыны туралы түсінік беру.

Балалардың «Тас қала» асық ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды асықты тігіп ойнау ойыны арқылы байсалдылыққа дәлдікке, ұстамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Тас қала» асық ойыны ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойынның мақсаты — асық ұту. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді.

Ойын іс әрекеті. Атушы «Тас қалаға» саңасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, саңасы түскен жерден қайта атады.

Ойын ережесі. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды.

Құралдар. Асықтар, әр баланың сақасы.

Ойын барысы

Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.

Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.

Атушы «Тас қалаға» саңасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, саңасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бүзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.

IY. Қорытынды. Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. «Тас қала» ойыны балаларды сабырлыққа, дәл тигізуге, байсалдылыққа үйретеді.



Сабақ тақырыбы: «Хан алшы» ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Хан алшы» ойыны туралы түсінік беру.

Балалардың «Хан» ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды асықты тігіп ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке, , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Хан» ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды.

Ойын іс әрекеті. ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бассалып асықтарды талап алады

Ойын ережесі. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді.

Құралдар. Асықтар, әр баланың сақасы жән хан асығы болуы керек.

Ойын барысы

Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі—«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бассалып асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың арасында «хан» ашық жатса, онда «ханмен» бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді.

IY. Қорытынды. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.



Сабақ тақырыбы: «Хан талапай» ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Хан талапай» ойыны туралы түсінік беру. Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Балалардың «Хан талапай» ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды асықты тігіп ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке, , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Хан талапай» ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойында отырғандар тез-тез жиып алулары керек.

Ойын іс әрекеті. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді.

Ойын ережесі. Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды.

Құралдар. Асықтар, әр баланың сақасы жән хан асығы болуы керек.

Ойын барысы

Хан талапай

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

IY. Қорытынды. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.



Сабақ тақырыбы: «Сақина тастау » ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Сақина тастау » ойыны туралы түсінік беру. Балалардың ойын-сауық, тұрмыс-салт жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Балалардың «Сақина тастау» ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды сақина тастау  ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке, , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Сақина
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Сақина тастау » ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойында отырғандар тез-тез жиып алулары керек.

Ойын іс әрекеті. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы сақинаны жасырып келесі ойыншыға салуы керек.

Ойын ережесі. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады.

Құралдар. Сақина болуы керек.

Ойын барысы

Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.

Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйы

IY. Қорытынды. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.



Сабақ тақырыбы: «Жылдырт-жылдырт» ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Жылдырт-жылдырт» ойыны туралы түсінік беру. Балалардың ойын-сауық, тұрмыс-салт жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Балалардың «Жылдырт-жылдырт» ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды жылдырт-жылдырт ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке, , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: орындық,
жүзік, не күміс аңша
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Сақина тастау » ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойында отырғандар тез-тез жиып алулары керек.

Ойын іс әрекеті. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы сақинаны жасырып келесі ойыншыға салуы керек.

Ойын ережесі. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады.

Құралдар. орындық, жүзік, не күміс аңша

Ойын барысы

«Жылдырт-жылдырт» — бұл ойынды орындыққа алқа-қотан отырып ойнайды. Қатынасушылар 10—15, кейде одан да көп болады. Ойын бастаушы шеңбердің ортасына отырып алып, қалтасынан не жүзік, не күміс аңшаны алады да, оның ерекше белгісімен ойыншыларды таныстырады, не сол жерде белгі салады. Содан соң отырған ойыншыларға ойын тәртібін түсіндіреді: бәрің де екі алақандарыңды бір-біріне қабыстыра ортасын қуыс етіп алға созыңдар. Егер алақандарыңа мына «жылдыртпа» түсе қалса, оны тез және өзіңнен басқаға сездірмей қабылдап ал да, үнемі оң жағыңдағы көршіңе жылдыртып жібер. Сонда қабысулы қолыңды өзіңнен оңға қарай емес, әуелі сол жақ көршінің қолымен тиістіріп ал, содан оң жақ көршіңнің қолына тиістір. «Жылдыртпаны» тап сол бірінші жолда өткізбей, оны бір-екі рет жаңылдырып барып өткізуге болады. Бәрің де қол тиістірген уақытта «Жылдырт-жылдырт»—деп дауыстап айтып отырасыңдар.

Ортадағы ойыншы «тапқыр» деп аталады. «Тапқыр» үнемі бақылап, болжап отырып, «Жылдыртпаны» ұстап алу керек. «Жылдыртпаны» алақанының қуысына салып алып, бастаушы «Жылдырт-жылдырт» деп, бір ойыншыдан бастайды да, өзгеге байқатпай өзі қалаған біреуге қалдырып кетеді.

Ендігі жерде барлық ойыншылар «Жылдырт-жылдырт» деп, қолдарын екі жағындағы көршілеріне кезекпе-кезек тиістіріп, қайтып алып отырады да, оны сездірмей солардың біріне өткермелей береді. «Жылдыртпаның» үнемі оңға қарай ауысып отыруы шарт. «Тапқыр» тауып алуға тырысады. Егер 6—7 айналғанға дейін таба алмаса, бір бала: «Жылдырт-жылдырт , жылдыртта қымқырт. Отырақалдық, жым-жырт!» дейді де, бәрі жым-жырт бола қалады. «Тапқыр» ойнаушылардың сырт көрінісі мен бет бейнесін болжап отырып, өзінше сезікті санаған бір ойыншының қолын ашады. Тауып алса, сол ойыншы екі ауыз тақпақ, не екі ауыз жаңылтпаш айтады, не екі жұмбақ шешеді де ортаға отырып, жаңадан «тапқыр» болады. Бұдан арғы ойынды сол «Тапқырдың» өзі басқарып, өзі жүргізеді.

Өлең, жұмбақ, жаңылтпаш айта алмайтын ойыншы не сиыр боп мөңірейді, не жылқы болып кісінейді, болмаса басқа бір тапсырма орындайды

IY. Қорытынды. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.



Сабақ тақырыбы: «Жануарлар қалай үндейді» ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Жануарлар қалай үндейді» ойыны туралы түсінік беру. Балалардың ойын-сауық, тұрмыс-салт жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Балалардың «Жануарлар қалай үндейді» ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды жануарлар қалай үндейді ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке, , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: орындық,
жүзік, не күміс аңша
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Жануарлар қалай үндейді» ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойында отырғандар тез-тез жиып жануарлардың қалай дыбысталуын тауып алулары керек.

Ойын іс әрекеті. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы сақинаны жасырып келесі ойыншыға салуы керек.

Ойын ережесі. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады.

Құралдар. орындық, жүзік, не күміс аңша

Ойын барысы

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?

Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?
Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.
Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей шиқылдай бере ме екен?

Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйық.

Осы арада ойынға қатынасушылар өздері білгенінше жануарлардың дыбыстарын айтады. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да қалғандарына ем айтады. Ем дегеніміз ұпайдың түрлері. Мысалы, Ермек — өлең, Боқан — жаңылтпаш, Сәрсен — көбейту кестесін айтып берсін. Таубай жұмбақ шешсін, тағы-тағылар.

Жануарлардың дыбысталу жайын ең көп білетін және дұрыс атай білетін бала, мысалы, былай деп түсіндіреді:

Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.

Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.
Арыстан — гүрілдейді, ақырады.

Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады, 

IY. Қорытынды. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Бұл ойында ойыншылар жануарлар қалай үндейді ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке үйренеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.



Сабақ тақырыбы: «Жапалақтар мен қарлығаштар» ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Жапалақтар мен қарлығаштар» ойыны туралы түсінік беру. Балалардың ойын-сауық, тұрмыс-салт жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Балалардың «Жапалақтар мен қарлығаштар» ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды жануарлар қалай үндейді ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке, , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: орындық,
жүзік, не күміс аңша
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Жапалақтар мен қарлығаштар» ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы. Ойында отырғандар тез-тез жиып жануарлардың қалай дыбысталуын тауып алулары керек.

Ойын іс әрекеті. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ойын ережесі. қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды.

Құралдар. орындық,

Ойын барысы

Жапалақтар мен қарлығаштар — ұлттық ойын.

Ойын кең, жазық алаңда, спорт залында өтеді. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы үстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады.

Ойын тәртібі: қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншы қолын тигізсе болды. Қай топтың жеңгенін ойын соңында қайсысының саны көп болса, соған қарай шешеді.

IY. Қорытынды. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Бұл ойында ойыншылар жануарлар қалай үндейді ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке үйренеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.

Сабақ тақырыбы: «Айгөлек» ойыны туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны «Айгөлек» ойыны туралы түсінік беру. Балалардың ойын-сауық, тұрмыс-салт жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Балалардың «Айгөлек» ойынына деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.

Балаларды жануарлар қалай үндейді ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке, , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: орындық,
жүзік, не күміс аңша
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі.
Балалар жылулық шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ.Жаңа сабақ . Мұғалімнің сөзі. 1.Ой қозғау.

«Айгөлек» ойынын ойнату. Тақырып туралы мәлімет беру.

Ойын тапсырмасы Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды.

Ойын іс әрекеті. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Ойын ережесі. Далада, спорт залында өтеді. Қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды.

Құралдар. топпен ойнау

Ойын барысы

Айгөлек — ұлттық ойын. Далада, спорт залында өтеді.

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Шепті бұзар ер керек.

Екінші топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Саған қандай ер керек?

дейді.

Алдыңғы топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Бізге пәлен ер керек,

деп бір ойнаушының атын атайды.

Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Сайысқанда саспайтын,
Самала күнге бастайтын,
Пәлен деген ер шыққан,

Топ бұзуға мен шыққам,

деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла бере ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс

Y. Қорытынды. Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Бұл ойында ойыншылар жануарлар қалай үндейді ойнау ойыны арқылы ұстамдылыққа, байсалдылыққа дәлдікке үйренеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.



Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар, «тоғызқұмалақ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоғызқұмалақ ойынының тарихымен ойнау әдісімен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру,біліктілік пен дағдыларын дамыту, төзімділікті қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әділеттілік, адалдық, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін жігерлендіру.
Құрал-жабдықтар: сағат, тоғыз құмалақ тақтасы, интерактивті тақта
Ұйымдастыру кіріспе бөлімі Мөлшерлеу Әдістемелік нұсқау
1. Ұйымдастыру 5 мин сәлемдесу Сабақ барысын айтып түсіндіру
сабақтың мақсатын түсіндіру
сабақтың барысы: тоғыз құмалақ ойынының ережесі мен ерекшеліктері, тоғыз құмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.
Ойын тақтасы -2 қазаннан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Жаңа сабақты пысықтау Дауыс ашық анық түсінікті болу керек.
2.1 Негізгі бөлім
Шығу тарихы туралы айтып өту
Қазақ халқының ежелгі спортының бірі –тоғызқұмалақ . зерттеушілердің пайымдауынша ьұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.
Ережесін түсіндіріп айту
35 мин
Тақырып бойынша толық мәлімет беру.
2.2 Тоғызқұмалақ ойынының ұяшықтармен (отаулармен) таныстыру
Сергіту сәті
1) Қолды белге қоямыз, басымызды жоғары көтеріп, көзімізді оңға, содан кейін солға қарай көзімізді бұрамыз.
2) 1-қолды алдыға созамыз, 2-жанға, 3-жоғары көттереміз, 4-дегенде бастапқы жағдай
5 мин
Жаттығуды толық, дұрыс жасауын қадағалау.
2.3 Ережесін сақтай отырып ойын ойнату
20 мин Оқушылардың ойынына бақылау жасап қадағалап отыру.
2.4 Бекіту
5 мин Оқушылардың өткен сабақтан түсінгендерін тексеру.
3 Қорытынды 5 мин
3.1 Сабақты қортындылау
Сұрақ-жауап
1. Отау саны нешеу?
2. Отаулардың аттарын атаңдар.
3. Ойын тақтасында неше қазан болады? Тиісті бағалаларын қою
3.2 Үйге тапсырма беру
Тоғыз құмалақ ойынының ережелерін қайталау.
3.3 Қоштасу, қайтару Сау болыңыздар

  Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары

 Ереже тақтада ойналатын зияткерлік ойынға қатысты, әрі ойын барысында кездесетін барлық жағдайды ескере бермейді және ұйымдастыру мәселелерінің барлығын қамти алмайды. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағдайлардың шешімі, ережеде қаралатын ұқсас жағдайлардың негізінде жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында қабылданады. Ереже төрешілердің қажетті құзыретке ие, ой-білімі жеткілікті және үнемі нақты болатынына сүйенеді.

Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.

Заңдылықтары:

- тоғызқұмалақ ережелерін қолданудың бір ізділігін қамтамасыз ету, жарыс  өткізу жүйесін бір қалыпқа келтіру;

- спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру;

- ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай  дамыту.

Ойыншы ұстанымы

 Ар-ұждан - бұл ойыншының басты ішкі адамгершілік қасиеті, оның айбыны, ізгі жаны және таза ары.

1. Өз отанының адал азаматы болу.

2. Шығармашыл, өз ойлары мен істерінде дербес, іс-әрекеттері мен ниеттерінде игілікті де парасатты болу.

3. Қандай жағдайда болмасын сыпайылық пен кішіпейілділік танытып, өзін-өзі ұстай білу, белгіленген қоғамдық тәртіп ережелері мен жеке адамдар қарым-қатынастарының қағидаларын

 1 Тоғызқұмалақ ойынының ережелері

 

1.1 Тоғызқұмалақ ойынының сипаты

 

1. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды.

2. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады (1 - сурет). Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады.

Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.

                                                                     

1.3 Жүрістерге түсінік

 

1. Жүріс жасау үшін бастаушы ойыншы өз жағындағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолына алып, біреуін қалдырып, оң жағындағы келесі отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта) таратады. Құмалақтарды тарату ойыншының өз отауларынан кейін қарсыластың отауына жалғасады.

2. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, оны жұп қылса (2, 4, 6, 8, 10, 12 және т.с.с.), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанына салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп, оны тақ жасаса немесе соңғы құмалақ қайтадан өз отауларының біріне келіп түссе, бұл жүріс табыссыз немесе кезекті жүріс деп есептелінеді. Онда отауда жатқан құмалақтар ұтып алынбайды.Жұп құмалақты отауды «жабық отау», ал құмалағы тақ санды отауды «ашық отау» деп атайды.

3. Ойын барысында ойыншы отаудағы бір құмалақты келесі отауға жүре алады. Отау бос қалады.

4. Ойын барысында жүріс кезегінде құмалақтарды қолына алған ойыншы сол отаудан жүруге міндетті. Отауда жатқан құмалақтарды тек қаламсаптың көмегімен түзейді. Қолмен түзеген ойыншыға төрешілер тарапынан ескерту беріледі. Отауда жатқан құмалақтарды ретке келтіру үшін қарсыласыңа «түзеймін» деп ескерту қажет. Ойыншы отауда жатқан құмалақтарды өзінің жүріс жасайтын уақыты келгенде ғана реттейді.

5. Жүріс алма-кезек жасалынады. Ойын екі ойыншының бірі 81-ден артық құмалақ жинағанша жалғасады. Ойын екі ойыншының бірі өз қазанына 82 құмалақ жинағанда тоқтатылады.

  

1.4 «Тұздық» жариялау

 

1. Егер кезекті жүріс жасағанда соңғы құмалақ қарсыластың №9 отауынан басқа 2 құмалағы бар кез-келген отауына түссе, қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, «тұздық» жарияланады.

2. «Тұздық» алынған отауға арнайы тұздық белгісі қойылады. Жүріс жасалған сайын тұздыққа түсетін құмалақ, міндетті түрде «тұздық» жариялаған ойыншының қазанына салынып отырады.

3. Ойын барысында «тұздық» тек бір рет алынады. Қарсыластың «тұздығы» бар отауының нөмірімен сәйкес келетін отаудан және №9 отаудан «тұздық» алынбайды.

4. Тұздық алынған отауға құмалақтарды жинауға тиым салынады.

  

1.5 «Атсырау» жағдайы


1. Ойын аяқталуға жақындаған сайын ойыншылардың отауларындағы құмалақтар таусыла бастайды. Қай ойыншының жүрістері бірінші таусылып, жүріссіз қалса, сол ойыншы «атсырау» жағдайына түсті деп есептелінеді. «Атсырау» жағдайына түскен ойыншының қарсыласы қосымша жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салады. Содан кейін ойыншылар ұтып алған құмалақтардың есебін шығарады.

2. Егер «атсырау» жағдайына түскен ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап үлгерсе, жеңіске жетеді. Егер қазандағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса жеңіліс табады, ал 81 болса ойын тең аяқталды деп есептелінеді.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!