ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР
-САБАҚТАСТЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
БІРІ
Б.А. Текенова, «Павлодар
қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі» КММ, бастауыш
сыныптар бойынша оқу ісінің
меңгерушісі
Қазіргі заманда бала тәрбиесі-
ата-ана үшін күрделі де жауапты іс. Кез келген ата-ана баласын 1
сыныпқа бергенде баласының жаңа ортада қиналмауын, басқа балалардан
оқу мен тәртібі бойынша кем түспеуін және бала бойында эмоционалды
тұрақтылықты қалайды. Ендеше, осы аспектілерді ескере отырып
мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастықты дұрыс
жүзеге асыру -басты мақсатымыз.
Сабақтастық дегеніміз,
біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер, мазмұндық
ортақ жүйе, баланы сатылы, жүйелі дамыту, бір буыннан екінші буынға
сәтті өтуіне бағыттау болса, екіншіден ол білім берудегі
әдістемелік жүйесінің әрбір компонентіндегі дұрыс құрылған
үйселесімділік. Педагогика ғылымында сабақтастық жүйелілік
принципімен ұштасады.
Білім беру деңгейлерінің
сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартымен қамтамасыз етіледі, онда сабақтастықты еске отырып,
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
деңгейлері бойынша білім мазмұнының сәйкестігі, оқытуды іске асыру
тәсілдері, жеке жас ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық
ерекшеліктері негізінде әрбір баланың дамуы қарастырылады.
[1,27]
Ә.А.Бидосов : «Сабақтастық
дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі
пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің
арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату» деген
екен.[2,67]
Демек, балабақша мен мектеп
арасында тығыз байланыс болуы керек.Мектебіміздің тәжірибесінде
сабақтастық екі аспекті арқылы жүзеге асырылуда. Біріншісі,
мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу-тәрбие жұмысының міндеттерімен
өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші
сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттейді. Осыған байланысты
мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде
балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша жұмыстар
жүргізіледі.
Екіншісі, тәжірибелік-бір
жағынан мұғалімдердің балабақшадағы өздерінің болашақ оқушыларымен
алдын-ала танысу мақсатында дайындық топтардың іс-шараларына жүйелі
қатысулары, екінші жағынан,тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерін
бақылауымен жүзеге асырылады. Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын
көбейтіп, түсінбеушілікті тудыратын фактор: мектеп бағдарламасының
күрделенуі, оқытудың формалары мен жаңа технологияларды енгізуде
мұғалімдер бірінші сынып оқушысына өте жоғары талап қояды.Бірінші
сыныпқа баратын балалардың оқи білуін, санау операциясын меңгеруін,
санның құрамын ұғынуын т.б. талап етеді. Бұл өзінің баласының «
жақсы» мектепке түсуін қалайтын ата-аналар жағынан балабақшаға осы
талаптарды қоюларын тудырады. Осы проблемалар балабақша мен
бастауыш сынып арасында түсінбеушілікті тудырып, сабақтастықтың
болмауына әкеледі. Бірнеше жыл ішінде кездескен проблемаларды
ескере отырып, бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша
тәрбиешілерінің дөңгелек үстелінде сабақтастықты жүзеге асыру
бойынша жұмыстың жоспарын құрып, «Ұйымдастырылған іс-әрекетінде
ұлттық ойындар арқылы балаларды оқуға тарту» атты тақырыпта
бірлесіп жұмыс жасауды ұйғардық. Себебі, кез келген баланың
негізігі әрекеті-ойын .Сондай-ақ, ойын- оқушылардың оқуға деген
ынтасын арттыратын маңызды құралдардың
бірі.
Ұлттық ойындар-бастауыш сынып
пен мектепалды даярлық топ балаларының негізгі іс-әрекеті, оқудық
маңызды құрамды бөлігі, дидактикалық ойынның бір түрі. Ұлттық
ойын-балалардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте дербестік пен
инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға септігін
тигізеді.Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқыту барысында баланы
қызықтыра отырып, байытады, сезімдерін кұшейтеді. Кіші мектеп
жасындағы балалардың білім алуға деген ынтасы мен мүмкіндіктерін
әрдайым дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану
дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын элементтерін қолданудың
маңызы зор. Балабақшада ұлттық ойындарды ойнатуда балалардың
қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау,
елестету, ес, ықыласын, тілін) белсендіру болып қана қоймай,
шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай
жасайды.Ойын барысында балалар қанағаттанарлық, қуаныш алады. Ойын
кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға
әкелуге көмектеседі. Балабақшада іс-әрекет барысында немесе
балабақшадан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу
үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары - жас
ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және
дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты.
Ойын-дене қозғалысы, шыныққан
денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп
әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу.[3, 42] Бастауыш мектеп
сабақтарында қолданатын ұлттық ойындардар оқушылардың
қызығушылықтарын арттыра түседі, сабақта көп жұмыс істеуге
мүмкіндік береді, оқушыларды достастырады, қарым-қатынастарын
нығайтады, ой-өрістерін кеңейтіп, жылдамдыққа үйретеді, оқушылар өз
ойын, пікірлерін ортаға салуға
дағдыландырады.
Қорыта айтқанда, қазақтың
ұлттық ойындары - баланың зерек те ақылды, шымыр да ширақ боп
өсуінің басты құралы. Оны оқыту процесінде қолдану - тиімді
əдіс. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен
табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде,
табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін,
зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар
қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл
атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады.
Ойын баласының жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін
жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін
арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен
ұйымшылдығын арттыруға негіз бола алады. Балабақшада үйренген
ұлттық ойындары бастауыш сыныпқа келгенде жалғасын тауып,
сабақтасып жатса, жаңа ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушы үшін
жаңа ортаға бейімделуге септігін тигізеді.
Қорыта келгенде сабақтастықты
жүзеге асыру- мұғалімнің даярлық топтың тәрбиешілерінің сабақтарына
барып қатысу, балаларды сырттай бақылаумен ғана шектелмейді,
даярлық топта болып жатқан іс-әрекетті 1-сыныпта ойын әрекетін
басымырақ қолданып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуге
негізделінген.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
«2023-2024 оқу жылында
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие
процесінің ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау
хат.
-
Ә.Бидосов «Математиканы оқыту
әдістемесі» , Алматы, 2007 жыл.
-
А.С.Атабаев «Ұлттық ойындар-
халық мұрасы», Кітап, 2006 жыл.