Материалдар / Ұлттық ойындар денсаулыққа пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойындар денсаулыққа пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  Ұлттық ойындардың денсаулыққа пайдасы.

Мақсаты: Халқымыздың ұлттық ойындарының қалaй қалыптасқандығы,оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру.Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып,ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру.Ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге,денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сандық, кубик, карточкалар ,асық, орамал, арқан,тақия т.б

Кіріспе сөз:

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.Осындай аса құнды игіліктердің бірі –ұлттық ойындар.Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның  аталып жүруі де жайдан-жай емес.Бұрын ел қорғаушы батыр,жауынгер,халық қайраткерлері,ойын үстінде көрінеді.Сол ойын арқылы шынығып,өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.Ұлттық ойындар осылайша атадан-балаға үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отырған.Ойын тек адамның дене күш- қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа,дәлдікке тәрбиелеп қана қоймай,адамның ақыл-ойының толысуына,есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.

Музыка әуені орындалып Залға хан келіп тағына жайғасып отырады.

Тәрбиеші: Ал,балалар,кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі?

Балалар: Көкпар,күрес,теңге алу, жамбы ату,аударыспақ,қыз қуу т.б

Бұл ойындарда қандай мінез-құлықта болуды қажет етеді?

Балалар:Өжеттікті,батылдықты,шапшаңдықты,табандылықты, тапқырлықты

Хан: Уәзір барша халыққа жар сал. Ұлттық ойынан жарыс өткізгелі жатырмын. Барлық ойынға қатысушыларға сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Тыңдаңыздар-тындаңыздар ханның жарлығы бар. Ұлттық ойыннан жарыс өткізгелі жатыр. Жарысқа қатысып, жеңіпаз болған адамға ханның арнайы сыйлықтары бар. Қане жарысқа қатысушылар бар ма?

Балалар: Ия

Хан: Менің алтын сандығымдағы ойындарды акеліп орындаңдар .

Тәрбиеші: Қане олай болса мен сендерге ойындардың шарттарымен таныстырып өтейін. Кубиктің сыртында қазақтың оюы бейнеленген сол кубикті бір бала тұрып соны жерге тастап сол түскен кубиктегі оюды атын айтып тактада ілініп түрған карточканың артындағы тапсырманы айтады, келесі ойынды балалармен жалғастырады.

Балалар сендерге тапсырма түсінікті болды ма?

-Әрине

Тәрбиеші:«Орамал байлау».

Ойын шарты:Ол жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тең екі жаққа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын үстел үстінен таңдатқызып орамалдың түсіне сәйкес аріпен сөз айтып ойын солай жалғасады, бірінші төрт түрлі орамалдың біреуін таңдатқызып ойыншы алады. Ол өзінің қарсыласының біреуін барып ұстайды соған бастапқы тақан орамалының түсіне сәйкес әріпті айтып, келесі С әріпін айтады дауыстайды. Ол қарсылас бала С әрінінен құралған сөйлем құрастырып айтады. Сонда « Сәуле сәукеле сәнді сақина сезімге сыйға сыйлады» сөздер шығады, сол секілді сөздер айтылуы керек.Ойын осылай түрлі орамал таңдалып жалғаса береді.Тапаған кезде жаңағыдай сөздерді. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.

Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді

Тәрбиеші: Келесі бала келіп кубикті дөңгелетіп ойынды таңдайды.

Тәрбиеші: Омпы ойыны.

Ойын шарты:Асықты жамбасынан тұрғызуы керек соны «Омпы »дейді. Омпы ойынына 2-3 балаға дейін қатыса беруіне болады. Ара қашықтығы 10 адам (қалауларың бойынша) жерге бір көмбе сызылады көмбе, лентамен де сызуға болады . Асықты тізу үшін қасындағы екі катысушы койып калташықтан қойып беруі тиіс Көмбенің тең ортасында белгіленген сызық бойдаға көнеге келіп, Тізерлеп отырып келесі дорбадағы асықты алып асықты. Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып,қолдарыңдағы сақаларыңды көнге тізілген асықтарды тигізіп құлатса соны омпыны тигізіп құлатса, көнедегі құлаған омпы асықты құлатқан қатысушы өзімен қоса алады. Көп асықты ұтып алғандарың жеңіске жетеді. Асықты құлата алмаған қатысушы домбыра, қобызбен сол шетте суырып салма өнерін көрсетеді.

Тәрбиеші: Келесі бала келіп кубикті дөңгелетіп ойынды таңдайды, және оюдың атын ойында айтып кетеді не ойын екенін.

Көтермек ойыны.

Ойын шарты:Ортаға екі бала шығыңдар. Қарсылас қасындағы баланы таңдау үшін балалар шеңбер болып ортаға келеді. Ойын беруші бір, екі, үш деген кезде жүргізушінің касына келген ойыншы ойыншыны таңдап береді ойын оасыла жалғасады. Бір-бірлеріңе арқаларыңды тіреп қолдарыңды шынтақтастырыңдар.Жүргізушінің белгісінен кейін қайсысы бұрын екіншіңді көтеріп алсаң,ұтқан болып есептелінеді.Жеңіске жеткендерің ортада қалып ,келесі баламен сайысқа түсесіңдер.

Тәрбиеші: Келесі бала келіп кубикті дөңгелетіп ойынды таңдайды, және оюдың атын ойында айтып кетеді не ойын екенін.

Тақия тастамақ ойыны.

Ойын шарты:Ойнға бірнеше бала қатысады.Балалар ,шеңбер жасап отырыңдар. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп ,біреулерінің артынан білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар,жүгірушіні қуып жетулерің керек. Ал жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді,өнер көрсетеді.Сол жеңілген бала өзінің айыбын жаңылпаш, мақал-мәтелмен өтейді.



Тәрбиеші: Келесі бала келіп кубикті дөңгелетіп ойынды таңдайды, және оюдың атын ойында айтып кетеді не ойын екенін.

Арқан тартысы. 

Ойын шарты:Арқан тартыс — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек және жеңішке арқан ұсынылады қатысқан қатысушылар арқанды таңдайды.Ол арқанның тең ортасынан қызыл түстіні орап белгі жасайды, Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 4-4 адам болуы керек, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар тұрады. Қарсылас екі бірдей топта оң жақта тұруы тиіс. Ойын беруші «бір, екі, үш».деп белгі бергенде ойыншылар . Сөйтіп күн ілгері сызып қойған бір сызықтың ортасынада қызыл түстес белгіден жердегі қызыл түсті белгіден өтіп кетпеуі керек, өтіп кеткен топ желілгені. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа шығып тартысады. Сол жеңілген топ төрт түлік малды ретімен койып, төлін орналастырып шығады.

Тәрбиеші: Келесі бала келіп кубикті дөңгелетіп ойынды таңдайды, және оюдың атын ойында айтып кетеді не ойын екенін.




Оқтау тартыс ойыны.

Ойын шарты: Бұл ойынды ойнау үшін де ортаға екі бала шығады.Алдымен жерге сызық сызыңдар және сол сызықтың екі жағына тұрыңдар.Енді оқтаудың екі ұшын ұстап тартыңдар.Қайсысың сызықтан өтсең,жеңілесің.

Ал ,күшің басым болып тартып алғаның жеңіске жетесің.Бұда қатысушы екі балада екі аяғын көзғамай оқтауды тартуы тиіс. Келесі бала оқтауды қолына ыстауы керек. Жеңілген қарсыласын жылы сөзбен ұуантуы тиіс.



Тәрбиеші:Қазақтың кез-келген шаңырағында болған той-мереке ән-бисіз өтпеген .

Олай болса, «Қара жорға» биін тамашалайық.

Балалар Қара жорға биін билейді



  Сақина салу ойыны:

Ойын шарты:-Жеребе арқылы бір қыз, ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады.Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралап өтеді.Содан кейін  кел жүзігім кел деп шақырады. Қолында сақина тұрса сол сақина ұстап отқан қатысушы ортаға сытылып шығады. Ойыншыны тапаса ойыншы жеңіпаз болады табылмаса айыбын өтеп қазақтың ұлтық әнін айтып береді.Тапса ,сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады.Таппаса,іздеушінің өзі айып тартады.Ал айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады.Айыптың түрі:ән салу,болады.

Хан: Ой жарайсыңдар сендер бүгін барлықтарың жеңіпаз болдыңдар олай болса уәзір менің жаңағы қоржындағы атаған сыйлығымды барін таратып бер.

Тәрбиеші:Жайды хан сіздің айтқаныңызды орындаймын. Бәрекелді балалар бүгін сендер Ұлттық ойынларға жақсы қатыса білдіңдер.

Біздер шымыр,жүйрік те

Ойынменен шынықтық

Еп қана емес, бірлікте

Керек екен  соны ұқтық.

Тәрбиеші:Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар.Азғантай уақыттың ішінде олардың барлығына бірдей тоқталу мүмкін емес.Сондықтан қазір сол ойындардың ішінде  «Арқан тартыс», «Сақина салу», «Асық» ойындарын ойнап көрдік.

Қорытынды сөз:Сонымен ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен,өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз.Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып,қабілетін оятады.Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді.Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін ,ойдан-ойға жетелейтін ,адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы.

Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға қүш жинап,ақыл-ойымызды толықтырып,еліміздің туын биікке көтеретін сегіз қырлы ,бір сырлы  азаматы мен азаматшалары болып өсе берейік-дей келе «Жаса,Қазақстан!» әнімен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!