Материалдар / Ұлттық ойындар рухани байлығымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойындар рухани байлығымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар туралы тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
594
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape4

Shape5

18.02.21 ж

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

«Shape1 ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗ » ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ

ӨНЕГЕ САҒАТЫ

Shape2

Мақсаты: халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: слайд, ұлттық ойындар бейнеленген суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Оқушылар, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты: «Ұлттық ойындар рухаи байлығымыз»


- Сіздер ұлттық ойынның қандай түрлерін білесіздер? (Көкпар, асық ату, қыз қуу, ....)


- Жақсы, сіздердің жауаптарыңызбен келісе отырып, ұлттық ойындарға анықтама беріп кетсек.

«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған.

Аударыспақ ойыны. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады.

«Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.

«Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.

«Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.

Видеоролик

  • Ал қазір сіздерге асық ату ойыны туралы видеоролик көрсетіледі.


1 – ойын. «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).

1. Қазақтың салт – дәстүрлерін ата.

2. Тұсаукесерде қандай жіпті қолданады? (ала жіп)

3. Халқымыздың сенім кепілінің көрінісі (серт, уәде)

4. Біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы (сәлемдеме)

5. Төрт түлік малды ата.

6. Сәбиге жасалынатын салт-дәстүрлер

7. Қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде (тоқым қағар)

8. Шамандық наным-сенімнен қалған, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан сақтау ұшін қандай ырымды қолданған? (аластау)

9. Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің сол адамдардай болуы ұшін қандай салт-дәстүр жасалынады? (аузына түкіру)

10. Әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде не әкелінеді? (шашу)

11. Қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық (сүйінші)

12. Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар.

13. Қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлес (енші)

14. Қызға құда түсер алдындағы салт (айттыру)

15. Бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым (тұсау кесу)


2 – ойын. «Теңге ілу» (әр топтан екі сайыскер қатысады. Шарға түйілген сұрақтардың жауабын табу керек. Қаламмен жару керек. Шарға тигізгенде, сыйлыққа ие болады.

Ел болам десең, ............ (бесігіңді түзе)

Атаңа не қылсаң, .......... (алдыңа сол келеді)

Өнерлінің қолы алтын,

...................... (өлеңшінің сөзі алтын)

Еңбек етсең ерінбей, .............. (тояды қарның тіленбей)

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың ............... (жағасы бар)

Кітап білім бұлағы,

Білім - ............ (өмір шырағы)

Көп жасаған білмейді, ............... біледі (көп көрген)

Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар,


Ұста өлсе,

............... қалар (істеген заты)

Ағаны көріп іні өсер,

..................... өсер (апаны көріп сіңлі)

Жаман сөз жылатады,

.................. (жақсы сөз жұбатады)


Сөз құрастыру. «Тоғызқұмалақ» сөзінен бірнеше сөз ойлап табу.


ІІІ. Қорытынды.

Тәрбиеші: Сонымен, ұлттық ойындар – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

























Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатында 2021 жылдың 18 ақпан күні 8 «а» - сыныбында «Ұлттық ойындары рухани байлығымыз» тақырыбындағы тәрбие сағатының

ХАТТАМАСЫ



Қатысуға тиісті:23

Қатысқаны:23


Күн тәртібінде


«Ұлттық ойындары рухани байлығымыз» атты тәрбие сағатының жоспары, мақсат – міндеттерімен таныстыру.


Тыңдалды:

Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі А.Жиенбаева сөз алып, оқушыларға тәрбие сағатының тақырыбы, жоспары бойынша таныстырып өтті. Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат берді. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттырды. Ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиеледі.

Ұлттық ойындар – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.




ХАТШЫ: А. ЖИЕНБАЕВА



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!