Материалдар / Ұлттық ойындар тәрбие бастауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойындар тәрбие бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты 2 класқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2018
699
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар тәрбие бастауы»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Ұлттық ойындары» туралы түсінік беру; ұлттық ойындардын түрлерімен таныстыру, түрлі ұлттық ойындарды ойната отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ойын тиянақты айтуға, ойындарды бос уақыттарында ойнауға дағдыландыру, ойын арқылы қабілеттерін,ептіліктерін көрсетуге дамыту.
3. Тәрбиелік:  Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.Оқушылардың бойында ұлттық сананы оята отырып елін, жерін,сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  ойын сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру,постер қорғау, ойын,ширату.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.

Ширату:

Дөңгелене тұрайық,
Киіз үйді құрайық,
Кереге болып керіліп,
Уыктар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Жарайсыңдар!

Біз жаңғыру жолында бабаларымыздан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.Ұлттық салт-дәстүріміз,ұлттық ойындарымыз, әдебиетіміз, жоралғыларымызды жаңғырта отырып өз қажеттілігімізге пайдаланып елдігімізді жоғалтпай мәңгілік ел болуымызға үлесімізді қосуымыз керек.

Балалар бүгінгі сабақта ойын ойнағыларың келе ма? Олай болса алдымен ойынға кіру үшін билет алуымыз керек. «Кір жаю» әдісі бойынша билеттерді алып сол арқылы топтарға бөлініп отырады.

Топқа бөлу:

Алдарыңыздағы қандай ойындар ?

Осы ойындар туралы не білеміз?

Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық ойындары».

Тақтаға назар аударайық (видиоролик көрсету)

Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.

Мұғалім: Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақсүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру).

1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адамқатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынныңбекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажетететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.

2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек»ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу.Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңілқұпияларын ашатын болған.

3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетінболған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарынбаптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екітопқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пенамал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.

4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бенжігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, неболмаса, бетінен сүйеді. Егержігіт жете алмаса, қыз оны қамшыныңастынаалады.


5. Теңге алу ойыны:
Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алуойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдарғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақтоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады.
Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақшүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атанып, жүлде алады.

Ханталапай: Шарты: Шеңбер құрып отырып, бастаушы «Ал, кәнеки, балақай, Кел, ойнайық! «Ханталапай»! – деп асықтарды шашып жібергенде қатысушылар көп асық жинап алады.
Топтарға тапсырма:

1-топ Теңге алу ойынын ойнайды.

2-топ Ханталапай ойынын ойнайды.

Сонымен, біз қандай ойындарды ойнадық?

Енді біз қазақтың ұлттық ойындарының бірі орамал тастау ойынын ойнайық. Бірақ бұл ойынға екі топта қатысады.

Сабақты бекіту: Орамал тастау ойынын ойнату екі топ бір- біріне орамал тастау арқылы сұрақтар қояды.

Ұлттық ойындар –ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенімізбен бүгінімізді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Ойын дегеніміз алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін,адамның қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып дүние. Ал осы ғажайып дүниені, ата-бабамыздан қалған мұрамызды өз заманымызға сай жаңғырту,сақтау ол біздің еншімізде.

Үйге тапсырма.
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы эссе жазып келу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!