Материалдар / Ұлттық ойындар туралы не білемін? Э дыбысы мен əрпі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойындар туралы не білемін? Э дыбысы мен əрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Əріпті тану, ажырату жəне оны дыбыспен сəйкестендіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2019
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сауат ашу 1- сыныпАлияева Айнур Кошкарбаевна
Сабақтың тақырыбыҰлттық ойындар туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз , сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою
Сабақтың мақсаттарыБарлығы:Жаңа білімді меңгереді.Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлеріАйтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарытуОқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысӨнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдыларыСуреттер, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілікЭкран
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар
Ұйымдастыру3 минутЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:Бала, бала, балапанҚане, қайсы, алақан.Саусақтарың әйбат,Былай-былай ойнат.Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Шаттық шебері











Топқа бөлуТүсті гүлдер арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасын пысықтау5 минТоппен жұмыс.-Балалар паровоз вагондарды тиеп кетіп бара жатыр. Сол вагондарға тиісті сөздерді орналастыруымыз керек.1-топ. 1- вагонға (В дыбысы бар сөздер) 2-топ. 2- вагонға (Ё дыбысы бар сөздер)3-топ. 3- вагонға дыбысы бар сөздер)



Жаңа сабақ8 минут



№1 Тыңдалым.«Қызығушылықты ояту»-Қане балалар барлығымыз экранға назар аударайықшы. Бүгінгі эфирде –«Ұлттық ойын» бағдарламасы. Бағдарламаның басты қонағының кім екенін білу үшін онда тамашалайық.Суреттер көрсетіледі: элеватор, электр, эскалатор, экскаватор, экран, экипаж-Осы сөздерді менімен бірге айтыңдар. Сөздердің басында қай дыбыты естиміз-Э дыбысы.-Бүгінгі қонағымыз Э дыбысы.-Бұл Э дыбысы. Менің соңымнан бірнеше рет қайталаңдар. – Э дыбысы дауысты дыбыс. Дыбысты айтқан кезімізде ауыз қуысымызда кедергі болмайды. (Э дыбысының әріп таңбасының баспа және жазба түрін көрсету)2 Оқылым.Экран эстрада электр экскалатор эфир элеватор экипаж Экскаватор(сөздердің мағынасын түсіндіру)

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Аяқталуы18 минут





























































Сергіту сәті3 мин























Қызықты тапсырма5 минут



-Балалар сендер қандай ойындарды жақсы көресіңдер?-Балалар тағы да экранға назар аударайық. Экранда кімдіерді көріп отырмыз.уретте балалар ойнап жүр.-Олар қандай ойын ойнап жүр.Бұлар -ұлттық ойындар. Олар: «Көкпар»,«Бәйге», «Қыз қуу», «Аударыспақ» «Сақина тастау», «Ұшты-ұшты» , «Санамақ».Бұл ойындарды ертегі кейіпкерлері Қожанасыр мен Алдаркөсе де ойнаған. Қазір біз осы кейіпкерлермен бірге «Ұшты-ұшты ойынын ойнаймыз. (Ойын ережесін түсіндіремін)

"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.Жаңылысқан оқушы ойыннан шығады. Ең соңында жеңімпаз аталады.Ойын басталады:Ұшты, ұшты, ұшты — тарғақ ұшты! (ұшады)Ұшты, ұшты, ұшты — жарғақ ұшты! (ұшпайды)Ұшты, ұшты, ұшты — үкі ұшты! (ұшады)Ұшты, ұшты, ұшты — түлкі ұшты! (үшпайды)Ұшты, ұшты, ұшты — бүркіт ұшты! (ұшады)Ұшты, ұшты, ұшты — үйрек ұшты! (ұшады)Ұшты, ұшты, ұшты — бүйрек ұшты! (үшпайды)Ұшты, ұшты, ұшты — кекілік ұшты! (ұшады)Ұшты, ұшты, ұшты — кекілің ұшты! (ұшпайды)Ұшты, ұшты, ұшты — қызғыш ұшты (ұшады)Ұшты, ұшты, ұшты — сызғыш ұшты! (ұшпайды)

Дәптермен жұмыс.(Әріптерді ауада жазып көрсету)Оқушылар дәптерлеріне жазады. Көркем жазуларын қадағалау.

«Балық аулау » ойыны-Э дыбысы қандай дыбыс?-Дыбысты не істейміз?-Әріпті не істейміз-Экран сөзі неше буыннан тұрады?-Экскаватор сөзіне сөйлем құрастыр.-Электр шамының қандай пайдасы бар?








Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы5 минут

Үйге тапсырмаБағалауКері байланыс.Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді суреттер арқылы бағалау



смайликтер




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!