400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойындарды оқу тәрбие жұмыстарында қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бойында ұлттық сана, қалыптасқан бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген парасатты азамат тәрбилеп өсіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық  ойындарды оқу тәрбие жұмыстарында   

                                      қолдану.

 

  Бойында ұлттық сана, қалыптасқан бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген парасатты азамат тәрбилеп өсіру міндеті үздіксіз білім берудің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы заңдылық. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу ол -- әр тәрбиешінің міндеті. Осы тұста Ұлы Абай атамыздың « Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?», - деген даналық сөзі ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті – ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында балабақшада ойынның рөлі өте жоғары.Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады. Зерттеп қарасаңыз бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Бала ешқашан жалғыз ойнағанды ұнатпайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды және ойын арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Бұл құбылыс баланың дамуы үшін оның тұлғалық қасиетінің қалыптасуы үшін ерекше маңызы бар фактор болып саналады.     

  Ойын бала бойындағы түрлі қасиеттерді дамытады десек, оның ақыл – ойының дұрыс дамуының бір белгісі жеткілікті дамыған сөздік қоры. Баланы алдымен дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Сөздердің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету арқылы олардың бір – бірімен ойын үстінде тығыз қарым – қатынас жасауына ықпал етеміз.

 Қазақтың ұлттық ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе мен өз сөзімді орыстың ұлы педагогы В.А. Сухомлинскийдің « Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров « Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатысушы келесі кезеңде үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлттық ойындарға көңіл бөлінбеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға таяу. Ұлттық ойындарды отбасы тәрбисінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану керек.

Мысалы, « Соқыр теке» ойыны, «Ақ сандық , көк сандық» арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші « Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді: « Қараңғыда көзім жоқ, маған жақын келіңдер. Тиіп кетсем сөзім жоқ, бір қыз ұстап беріңдер!....» Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап: «Соқыр, соқыр, соқырақ тотияйын, салайын, оң көзіңе топырақ. Ал, ұстап көр, батырым, топырағын алайын. Міне, келе жатырмын!» - деп, өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұсталған бала оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Ұлттық ойынның бірі  - «Ұшты – ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар қатысса қызықтырақ болады. Жалпы халық бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол – баланың еңбегі», - дейді, демек бұл жай ермек емес, бала өміріндегі кәдімгі еңбек.Сондықтан да негізгі ойындар асық, құмалақ ( түйенің, қойдың ), бес тас, доп т.б. балалар еңбегінің құралдары болады. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр – дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді.Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», « Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп шеберліктерін көрсеткендігін білеміз. « Домбыраман күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», « Балалар ойыны», « Ақсүйек»,  «Тоғызқұмалақ», «Жұмбақ айтыс», « Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Баланың ақыл – ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі – «Он бір қара жұмбақ». Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. « Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету.Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, псилогиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата – аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22.02.2023
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі