Материалдар / ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар туралы түсінік беру және ойынның шығу жолдарын түсіндіру. Ойынды ойнай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шығыс Қазақстан облысы білім басқарамсы

Семей қаласы бойынша білім бөлімінің

21 жалпы орта білім беретін мектептің

Шағын орталық тәрбиешісі

Серикова Айгул Сериковна





ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ



ХХІ–ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ойөрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні-мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дйінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар-қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының
шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.

Ұлттық ойындар-ата-бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: ойынсыз ақын – қаншалықты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастық шақ өмірімен ұштырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай жасаған оты. Міне, ойын дегеніміз-тынысын кең алысқа мегзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық екпілі, өмір тынысы.

Ұлттық ойындардың мектеп жасына деінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «орамал алу», «тақия жасыру», «алтын қақпа», «ақсерек-көксерек», «айгөлек», «АҚ САНДЫҚ-КӨК САНДЫҚ», «АҚ СҮЙЕК» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып
жіберіп, іздеу т.б.ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі.

Сондықтан да бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді. Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып
көзіне көрсете өтырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге-құрмет, кішіге-қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай ісв-әркеттер жасайды, оларды тілімізде қалай
айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды ілесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.

Әтеш-шақырады
Есек бақырады
Күзен шақылдайды
Бақа бақылдайды
Шыбын-ызылдайды
Шіркей ызыңдайды
Ойынды орындау барысында балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. Әртүрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:
Ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;
Ойынның бастауымен ойналу барысы
Ойынның аяқталуы.


Дене тәрбиесі-әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулық нығайтып, ақыл-ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!