ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ МЕН МӘНІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ МЕН МӘНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиелік мәні бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ МЕН МӘНІ


Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.

Ұлы ғалым философ Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес , тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», -деген екен. Сонымен, баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады. Сондықтан оның мәні ерекше. Ойын-балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты, себебі бала ойынсыз өсе алмайтыны – өмір заңдылығы. Ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын-бір қарағанда , қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті. Алайда, ойынның да өзіне тән себептері болады. Мысалы, мазмұндық рөлдік, ойындар баланың зейінін, ойын, қиялын қалыптастыруда зор рөл атқарады. Ал белгілі бір ережелерді сақтап ойнайтын ақыл-ой ойындары баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейіндігін арттыру мен қатар, ерік-сезімін дамытады. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған. Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше. Ойын баланың негізгі іс - әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Ойынды көркемдік іс - әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойынға шартты түрле мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.

Ойын тәрбие құралы арқылы ақыл - ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, жақсы ұғысады және өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез - құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Ойынды сабақта қолдану оқушының ой - өрісін жетілдіру мен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы деп білген. Бос уақытта әртүрлі ойындар ойнаған баланың денсаулығы үшін өте пайдалы. Жастардың ұлттық сана - сезімнің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша.

Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2021
766
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі