Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындарымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
өз ойын, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы оқиғалармен салыстырады. -берілген шығармашылықжұмысты сызба, диаграмма түрінде ұсынады, талқылайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің аты-жөні:

Қалдыбекова Әйгерім Ерболатқызы

Күні:

23.11.2022ж.

Сыныбы: 4 «В»

Қатысушылар саны: 17

Қатыспағандар саны:

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Ортақ тақырып

Мәдени мұра

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық ойындарымыз

Бөлім:

Оқылым, жазылым

Бөлімше:

1.5 Тыңдалған шығармалар бойынша пікір білдіру

3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.1.5.1 өз ойын, сезімін көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

4.3.3.1 шығармашылық жұмысын, сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну

Сабақтың мақсаты

-өз ойын, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы оқиғалармен салыстырады.

-берілген шығармашылық жұмысты сызба, диаграмма түрінде ұсынады, талқылайды.

Ойлау деңгей

Түсіну, қолдану, талдау, бағалау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Басы






























Жаңа білім

Ортасы

































































































































Сабақты қорытындылау.







Кері байланыс



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәттілік! тренингі

Біліктілік өрісі

Ой-санаңды жақсы күт.

Сабақта да келесі

Серік болсын сәттілік!

Сәттілік! Удачи! Good luck!

II.Үй тапсырмасына шолу.

«Ақылды тақия» әдісі арқылы

1. Зерделі қандай адам болған?

2. Қария мен Зерделінің сөздерін неге жолдастары түсінбеді?

3. Аңыз әңгімеде өзіңе әсер еткен тұстары бар ма?

4. Аңыз әңгіменің ұнаған бір бөлігін әңгімелеп бер.

5. Қарияның бақытты екенін қай жауабынан байқадың?

6. Өтірік пен шындықтың арасын көзбен құлақ арқылы қалай өлшейді?

7.

III.Жаңа сабақ.

«Болжау» стратегиясы.

Екі топқа қима қағаздарға сандар, сөздер жазылған парақтар таратылады. Әр топ өздеріне берілген сан мен сөзден ұлттық ойынның атауын тауып, сол туралы мәлімет береді.

1 топ: 9, қыз, салым.

2 топ: 6, жарыс, тартыс.

Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Ұлттық ойындарымыз.

1.Суретте қандай ойын түрлерін көріп тұрсыңдар?

2.Қай ұлттық ойындардан спорттық жарыс өткізіледі.

Назарларын экранға аудартып бейнеролик көрсету.

Мұғалім түсіндірмесі.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді.Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.

Қазақтың ұлттық ойындары-бабаларымыздан қалған асыл қазына.

Ұлттық ойындар –ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауықтардың бір түрі.

ЕБҚ: «Анаграмма» әдісі

Адасқан әріптерден ұлттық ойындардың атауын табады.

йгбеә - _________

ықас-_________

сйекқаү- _________

өкпкар- _________

ууқықз- _________

«Білгенге маржан» айдары
Тақтаға көңіл аудартып,асық атауларымен, асықтың түсуіне қарай атауларымен таныстыру.

Асық атаулары

Сақа- ұсақ асықтарды ату үшін таңдалған, қорғасын құйылған, салмақты, ірі асық.

Топай- сиырдың асығы.

Кеней-ұпайға тігілетін кішкентай асық.

Ешкімер- ешкінің асығы.

Жабайт- еліктің асығы.

Қойлақ- қойдың асығы.

Шүкейт- жас малдың асығы.



Асық- төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек.Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді.Ал асығы басқа пішінді болады.Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады.

Сергіту сәті:

Асық ойнап көрдің бе?

Оқулықпен жұмыс

«Броундық қозғалыс» әдісі

Қабырғадағы мәтінді оқу, мәтіндегі ақпаратты жеткізу.

1 топ «Орамал тастау» мәтіні

2 топ «Хан» мәтіні
"Сәйкестендіру" әдісі

1-топ: "Асық атаулары"

Сақа – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Кеней – ұпайға тігілетін кішкентай асық. Ешкімер —ешкінің асығы.

Қойлақ- қойдың асығы.

2-топ: Асықтың түсуіне қарай атаулары: Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Шік– асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Бүк – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Оңқа – асықтың ашасы немесе мұртша жағы төмен қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқа – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

ЕБҚ: «Зуылдақ» әдісі

Тақырып бойынша бір сұрақ қойылады, берілген уақыт ішінде сол сұраққа жылдам жауап табады.

1.«Хан» ойыны ертедегі ұлттық ойын екенін қалай дәлелдер едің?

«Мюсcенберг» әдісі:

1-топ. Алонегапренкөкпар<

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2023
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12