Материалдар / "Ұлттық өнер- ұлттық қазына"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық өнер- ұлттық қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Ұлттық өнер- ұлттық қазына ” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2020
2557
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Ұлттық өнер- ұлттық қазына

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге баулумен қатар эстетикалық танымын дамыту, өнерге қызығушылығын дамыту.
Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер

Жоспары:
І. Жылы жүрек. Көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Оқушыларды 4 топқа бөлеміз.
І-топ Бейнелеу өнері

ІІ- топ Би өнері

ІІІ- топ Зергерлік өнер

ІҮ- топ Ұлттық қазына

Кіріспе

Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Ұлттық өнер- ұлттық қазына ” деп аталады.  “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген.

Ал балалар осыған орай ұлттық өнердің қандай түрлерін білесіңдер?

Күй өнері Қол өнер



Бейнелеу өнері


Ән өнері




Күй өнері

Зергерлік өнер Кино өнері


Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.   

Видео.

Тапсырма:

І топ «Туған жер» тақырыбына сурет салу.
ІІ топ Би өнері. Қара жорға биі.

ІІІ- топ Зергерлік өнер Макет құрастыру.

ІҮ- топ Ұлттық қазына

Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.

Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған..

Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.

Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.

Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.

Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.

Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі 1. Бүгінгі сабақта мен....түсіндім. 2 Бүгін сабақта қуантқаны..... 3 Енді мен......аламын. 4 Қызықты болғаны.....


Рефлексия.Екі жұлдыз,бір тілек.

Қорытынды.

 



Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық. тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.


Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған. Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. 

Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастардың міндеті.

























Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі



Тәрбие сағаты





Тақырыбы: Ұлттық өнер- ұлттық қазына

Өткізген: Жумагулова Т.С

Сыныбы: 5Б























Арқалық қаласы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!