«Ұлттық өнер білгірі»
сайысы
Масалимов Сейсен
Ешенгазинович, КММ «№35ЖОББМ» технология пәні
мұғалімі,
Семей қаласы,
ШҚО
Мақсаты: Технология сабағынан алған
білімдерін көпшілікке көрсету және қазақ халқының ұлттық өнерін
дәріптеп, келешек ұрпаққа үйрету, мақал-мәтел айтып жұмбақтар
шешу.
Білімділігі: Білім – біліктіліктерін
дамыту.
Тәрбиелілігі: Тәртіптілікке, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сайыстың өтілу шартын
түсіндіру. 7 оқушы ортаға шығады. Әр
кезең сайын аз ұпай жинаған 1 оқушы қатардан
шығады.
1-кезең: 7 оқушы жұмбақ
шешу;
2-кезең: 6 оқушы мақал-мәтел
жалғасын табу;
3-кезең: 5 оқушы сұраққа жауап
беру;
4-кезең: 4 оқушы сөзжұмбақ
шешу;
5-кезең: 3 оқушы жаңылтпаш
айту;
6-кезең: 2 оқушы киім моделін
сызу;
7-кезең: 1 оқушы сұраққа жауап
беру;
Құрметті ойынға қатысушылар
сіздерге сәттілік тілейміз.
І.кезең. Жұмбақтар
шешу.
1. Тау-тау ақ қар, ерімейді
ыстықта. (Мақта)
2. Тұтқасыз таба жай, ұнатады
көп апай. (Оймақ)
3. Інді көп-ақ қазады, өзі
жіптен қашады. (Біз)
4. Құрып қойып өрмегін,
ұршықтарын ойнатып,
Сәнді мата өрмегін, жасайтын
кім жайнатып. (Тоқымашы)
5. Қос таяқ бастары
дөңгелек,
Тұтастарды бөлектейді
бөлек-бөлек. (Қайшы)
6. Жиһанда 1 құс көрдім жалғыз
аяқ.
Аузына тістегені темір
таяқ.
Бір ұрсаң шапалақпен
семіреді,
Белбеуі бар белінде толып
жатқан (Ұршық)
7. Бар екен дүниеде жалғыз
көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін
кезді. (Ине)
Ал енді әділ-қазылар алқасы
ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп ең аз ұпай саны болған ойыншыны
ойыннан қошеметтеп шығарып салайық.
ІІ кезең. Мақал-мәтелдердің
ұйқасын табу.
-
Еңбек оның ішінде өнерлі
(еңбек) бақыт.
-
Өнерлінің 10 саусағы
(тең)
Өнерсіздің 1 саусағы
(кем)
-
Алтын балта (қол)
сәні.
Әшекей кесте (тон)
сәні.
-
Алтын (балтаның)сабы да
ағаш.
-
Көрнекті ісің (үлгі)
болады,
Көрнексіз ісің (күлкі)
болады.
-
Өнерлінің (қолы)
алтын,
Өлеңшінің (сөзі)
алтын.
-
Қыздың шебер боларын
(бармағынан) танырсың.
-
Өнер тамған он саусақ бар
болмай-ақ (құрысын)
-
Қол өнері
(кілемде)
Сөз өнері
(өлеңде)
-
Киім пішсең, кең піш
(тарылтуың) оңай,
Темір кессең, қысқа кес
(ұзартуың) оңай,
Енді осы екінші кезең бойынша
ең аз ұпай саны бар ойыншыны қошеметтеп шығарып
салайық.
ІІІ кезең бойынша сұраққа
жауап алу керек.
-
Ауруға ем, сауға қуат беретін
қандай сусын? (Қымыз)
-
Қандай қаланың атауын
білесіңдер басы сан, ортасы адам мүшесі, аяғы астың дәмін
келтіретін тағамның түрі. (Екібастұз)
-
Бұл көкеністен барлық ауру
қашады, оның емдік қасиеті ертеден белгілі, жесең дәрі, дәрумен.
(Пияз, сарымсақ)
-
Оңынан да, солынан да оқысаң
өзгерісі жоқ ұлттың атауы (Қазақ)
-
Жесең жеміс болады, қыздардың
атау есімі. (Алма)
-
7 жұт дегеніміз не?
(Құрғақшылық, топан су, жер сілкіну, өрт, оба, жұт,
соғыс)
-
7 атаны ата. (Бала, әке, ата,
арғы ата, баба, туа ата, тек ата)
-
7 жоқ туралы не білеміз?
(Жерде өлшеуіш, аспанда тіреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр,
таста тамыр, жылқыда өт, аққуда сүт жоқ)
-
7 қазынаны ата. (Ержігіт, сұлу
әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, берен
мылтық)
-
«Өлді деуге бола ма,
айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз
қалдырған», - деген сөз кімнің сөзі? (А.
Құнанбаев).
Ал енді, әділ қазылар алқасы,
ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншымызды
қошеметпен шығарып салайық.
IV кезең. Сөз жұмбақ
шешу.
-
Үй төсенішін және киім-кешек
тоқуға қолданатын табиғи зат. (Жүн)
-
Зергерлердің затты әсемдеу
әдісі. (Бедерлеу)
-
2 түсті жүннен жасалған
төсеніш. (Текемет)
-
Бағалы аң терісінен тігілетін
сырт киім. (Ішік)
-
Ұлттық бас киім.
(Бөрік)
-
Қолмен тігілетін тігіс түрі.
(Жөрмеу)
-
Мата атауын ата.
(Қырмызы)
-
Іс тігетін құрал.
(Ине)
9.Сөздің көркі не?
(Мақал)
10.Өсімдік тектес ою түрі.
(Ирек)
11.Далада өсетін ақ ұлпа зат.
(Мақта)
Әділ қазы алқасы ұпай санын
есептеп шығарған көрсеткіш бойынша 4-кезеңді қорытындылай келіп ең
аз ұпай жинаған сайыскерімізді қошеметпен ойыннан шығарып
салайық.
V
кезең.Жаңылтпаш.
1.Майға нан бұлғар,жай
бұлғағанша қол бұлғар.
2.Есет ет асатар, ет асатса 5
асатар.
3.Кенеден кенеп шығар,кенептен
елек шығар.
Електен кебек шығар,кебектен
керек шығар.
4.Көп гүлдер түпсіз бе,түпті
ме,
Көп кілемдер түксіз бе,түкті
ме?
5.Бұрандыны бұрандалай
алмады,
Бұрандаларға бұлар қарай
алмады,
6.Қалың қайың, бал қарағай,
ырғай өрік бал қарағай.
7.Ұлы таулар-ұлары
көп,
Ұларалы тұрары
көп.
5-кезең бойынша әділ қазылар
алқасы ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп ең аз ұпай жинаған
ойыншымызды ойыннан қошеметпен шығарып
салайық.
VI кезең. Ұлттық киім
үлгісінен сурет салу (киім үлгісінің атауын толық
сипаттап түсіндіру).
Енді осы 6-кезең бойынша
өткізілген сайысымызды қорытындылай келіп, ең аз ұпай жинаған
ойыншымызды қошеметпен шығарып салайық.
Келесі ойынымызға қатыса
беруге сәттілік тілейміз.
VII кезең. Сұраққа жауап
алу.
-
Дастарханға әкелетін ең
қадірлі ас. (Нан)
-
Бір қарын майды не шірітеді?
(Құмалақ)
-
Адамға есім ретінде қойылатын
маталардың атауын ата. (Мақпал, жібек,
қырмызы)
-
Үй жиһаздарын жасауда жиі
қолданатын ою-өрнекті ата. (Қошқармүйіз)
7-кезең бойынша ең озық ойлы
ойыншымыздың жинаған ұпай санын есептеп бүгінгі сайысымыздың атына
заты сай жеңімпазымызға «Ұлттық өнер
білгірі» деген аттаққа лайық деп
құрметпен марапаттаймыз.