400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ою-өрнекті технология сабағында қолдану арқылы оқушыға эстетикалық тәрбие беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге, пайдалануға, қолдануға, эстетикалық тәрбие беруге көмегі бар, оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Султанова А.Д
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«С.Көпбаев атындағы №186 ЖББМ»КММ
технология пәнінің мұғалімі

Ұлттық ою-өрнекті технология сабағында қолдану арқылы оқушыға
эстетикалық тәрбие беру
Ұлы ойшыл Әл-Фараби: «Адам баласына алдымен тәрбие керек.Тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы.Ол оның өміріне қауіп төндіреді»
дегендей, халық дәстүрін санасына сіңірген, потриот, жан-жақты дамыған
ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық өнерге баулудың маңызы зор.
Өркенитетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең
ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен
шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.
Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу
саласының түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер
түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбие, мол
тәжірибе негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырады.
Сондай қажеттіліктің бірі-халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек
өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді
пайдалана білу болып табылады.Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай
тарихы, терең мазмұны мен эстетикалық тұрғыда әсер етіп, оның сапалық
қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.
Ою-өрнектердің символдық мәнге ие болуы, оның ұлттық
болмысымызды бейнелейтін заттарды көрініс табуы.Сондай-ақ ою-
өрнектердің түрлі танымдық нышандарының болуы қазіргі зерттеушілердің
көптен көңіл бөлуін қажет етіп отыр.Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің мәнін
қазақтың ұлттық дүниетанымымен байланыстыру жұмыстың өзектілігін
көрсетеді.
Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің құпиясын ашуға деген қызығушылық жыл
санап өсіп келеді.Ұрпаққа мұра болып қалатын дүниенің сырын ашып, оны
келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыруды біз өзіміздің алға қойған
мақсатымыз деп білеміз.


Page 2

Біз бағдарламамызда баланың жас ерекшелігіне сай халықтық қолөнерді,
яғни кестелеу өнерін игерудің тиімді тәсілін қарастырдық.
Қазақтың ою-өрнектеріндегі бояу композициясының тереңдігі,
көркемдігі мен оның белгілі бір идея әуенінен туындайтындығы- бұл өнердің
эстетикалық әсерлілігін байыта түседі.Бояу түсінің құнарлылығы,
қайталануыназар аударарлығы көп жағдайда қазақ ән-күйіне, ою сарындас
болып келеді.Сайып келгенде бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде
адамға идеялық және эмоциялық жағынан мықты әсер ететін негізгі арқау
болып табылады.
Қорыта айтқанда, ою-өрнек арқылы баланы тәрбиелеу дегеніміз-
дәлдік, есеп, теңдік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік,
парасаттылық, жылылық, сұулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге
шабыт, шаттық ұялтады, ептілікке, іскеорлікке, шеберлікке,
икемділікке,дәлелдікке баулиды, тәрбиелейді.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі