Материалдар / Ұлттық құндылық ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық құндылық ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс жобасы мұғалімдер үшін қажетті материалдарға бай
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Шілде 2018
3019
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ –ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Мукамбетказина Гулжан Насырадиновна

Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы,С.Жиенбаев атындағы орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі


Бұл мақалада тәрбие негізі ұлттық құндылықтар туралы айтылады.Әрине біз үшін,біздің ұлтымыздың тәрбиесі үшін көңіл бөлетін басты мәселе – ол біздің ұлттық құндылықтарымыз.


В этой статье основой образования являются национальные ценности. Для нас основной проблемой, которая касается образования нашей нации, является наши национальные ценности.



In this article, the basis of education is national values. For us, the main problem that concerns the education of our nation is our national values


Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады. Ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – еңселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? 
Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады
.

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәләм-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал ол жазу-сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағылымынан, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бір сөзбен айтқанда мәдени мұраларынан өзекті орын алып, көрініс береді. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес.Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақ тәрбиеленуі еш күмән тудырмайды.Күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы, сырнай үнімен асқақтата салған әсем сазды әнімен де ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп көкірегіне ұялатқанын ұмытуға болмайды. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген рухани-мәдени мұрасының тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр. Әрбір халық «өз тарихын, философиясын мейлінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес». Ұлттық тәрбиенің ұлттық құндылықтардан нәр алатын адамгершілік ұстанымдары мәдени құндылық ретінде ғасырлар қойнауынан нәр алып, мәдениет біткенмен тепе-тең, өзіне байыта, астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың, руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелепотырады. Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Әр ұлттың баяғы заманнан келе жатқан тәрбиелеу жүйесінің өзіндік жолы бар. Тәрбие ұлттық табиғи тамырынан кіндік үзсе, тәрбиелік қасиетін жоғалтады. Сондықтан оны рухани тұрғыда ұлт тағдырымен байланыстыра отырып, бүгінгі қоғам келбетімен санаса отырып, алға бастыру қажет.Мақсатқа жету үшін алдымен нақты теориялық негіз керек. Осындай негіз тәжірибеден жинақталған белгілі бір дәлелдемелерге арқа сүйейді. Ал бұл дәлелдемелер педагогика ғылымының ғана құзырында жатқан жоқ. Оны тереңірек іздеу қажет.Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық мәдениетті сақтайтын мәдени бағдарды анықтауда идея дегеніміз рухани ізденіс, бастауыш, жол көрсеткіш болып табылады. Бірақ әлі де болса ол идея қандай тұжырымдарға сай құрылып, қандай құндылықтар жүйесіне сүйенетінін бірауыздан құптай алмай отырмыз. Ол қалыпты жағдай. Себебі дамудың өзінде шығыстың білім беру парадигмасы руханилыққа бастаса, батыста керісінше, ол құндылық шетке ығыстырылып қойылған. Ал біздің жағдайда адамзат мәдениетінің екі тарихи типі – Шығыс пен Батыстың да үлес салмағы бар. Алайда біздің ойымызша, идеяға халықтың шүбә келтірмес сенімі керек. Ол ұрпақтан ұрпаққа жетелейтін, биік те құнды, рухты болуы тиіс. Тәрбиелік мәнді идея қанша жерден құнды болғанымен, ол өмірлік іс-әрекеттен өз орнын таппаса, оның нәтижесі жоқтың қасы деуге болады.Демек, тәрбие негізі – ұлттық үрдісте. Халқымыздың мәдениеті ұлттық ерекшелігімен қасиетті де қадірлі. Жаңа ғасыр бастауында әлемдік мәдени сұхбат пен өркениеттердің ұлы тоғысуы дүниежүзілік даму процесінің ең басты критерийлеріне айналып отырғанда, ұлттық идеяны әлемдік өркениетпен өзара үйлестіру мәселесі заман ағымына сай туындаған өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып отыр. Сондықтан мәдени дамудың шыңына жетіп, өркениетті елге айналу халқымыздың табиғи қасиеттеріне, күш-қуатына, менталитетіне, даналығына, көрегендігіне, қабілетіне және т.б. ұлттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болмақ.Қазақ халқының тәрбиелік және тәлімдік ой-пікірлері мен жол-жораларының маңызы мынадай жайттарда айшықтала түседі: қазақ халқының өміріндегі үлкенді сыйлау мен қонақ күтудің елеулі маңызы; халық ойындары мен мерекелерін өткізудің де өзіндік ерекшеліктері мен қалыптасқан жүйесі, табиғаттың сырын терең меңгеріп, үйлесімділік табуы; өсиет айту, терме, айтыс, шешендік сөздер; қазақтардың поэзиясы; туыстық қарым-қатынастар; қонақжайлылық, тектілік, т.б. Әсіресе қазақтың шешендік сөздері тәрбие берудің аса қасиетті де құнарлы қаруы болып табылады. Себебі «шешендік сөз өнері өмір шындығымен, әлеуметтік уақыттың қатал да құбылмалы мінезімен бетпе-бет келгенде, адамға рухани жәдігер болып, көзден алыс, көңілге жақын құбылыстарды түсінуге жетелейді». Мұның мәні қазақ даласында аузы дуалы, елге беделі бар адамның белгілі бір мәселеге қатысты айтқан ұтымды сөзі, пайымды пікірі ауыздан ауызға жылдам тарап, көпшілікке үлгі болған. Сондықтан «шешендік сөз өнерін – қазақтың әдеп кодексі деп айтуға болады.       Екінші сөзбен айтқанда қазақ би-шешендерінің ұлттық моральдық құндылықтарды қалыптастыру әдіснамасының өзіндік қалпын білдірмек». [1; 58 б.]Тәрбие мақсаттарының бірі – адамды, ұлтты зиялы, мәдениетті, бақытты етіп баулу. Ұлт мүшесі — әрбір адам бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. М.Жұмабаев тәрбиенің мақсатын: «Тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адамның, ұлттың, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі — әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі — әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» [2;14 б.]  – деп атап көрсетеді.Адам мәселесінің ғаламат күші – оның өткені мен бүгінін, бүгіні мен ертеңін жалғастыратын біртұтастық, шексіздік, тұрақтылықтың бірлігі болып отыруында. Адам мәселесі мәңгілік, бірақ ол тарих толқындарында өзінің жаңа қырларымен көрініп отырады. Салт-дәстүрсіз халық болмайды. Салт-дәстүр халықтың сапалық қасиетінің, моральдық өмір сүру нормасының басты өлшеуіші. Жақсы дәстүр уақытты жатсынбайды; уақыт өзгерісі, даму диалектикасына орай дамып отырады, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, сабақтасады. Ата салты мен халықтың қасиетті ардақ тұтқан ұтады. Уақыт өлшемімен өтіп, тұрмыс сынына төтеп берген кісілік қасиеттеріміз бен салт-дәстүрімізді қастерлей түскеніміз жөн. Халқымызда әдепті, инабаты мол жасты «көргенді елдің баласы» деуі тегін емес. Бұл – ұлттық тәрбиені дамыта беру деген сөз. Сонымен тәрбие дегеннің өзі не? Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Тәрбие білім берумен тығыз байланысты. Сонымен бірге ол адамға қоғам құылысы, ғылым мен техниканың дамуы, әдебиет, өнер, бұқаралық ақпарат және насихат құралдары (баспасөз, радио, телевизия) арқылы ықпал етеді. Тәрбиенің негізгі түрлері – отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие. Тәрбие – қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориасы. Жас буын мен аға буын арасындағы байланыс пен мирасқорлық тәрбие арқылы жүзеге асады. Тәрбиенің мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи, мәдени дамуына сәйкес өзгеріп отырады. Тәрбие мәселесінде айрықша мән беріп сол жайында қазақ тілінде алғаш «Педагогика» атты еңбек жазған Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие, кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтқанда адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі деп байлам жасайды [2;13 б.]. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық тағылым ұрпақ тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі.Қазіргі таңда сол құндылықтарымыз қаншалықты сақталып,ұрпақ санасына қаншалықты беріліп жатқандығы басты мәселе.Адам өміріндегі тәрбие,ұлттық сана басты мәселе болуы тиіс. Ұстаздар жүктелген міндетті дұрыс орындай отырып, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыруға күш салатынына сенімдімін.

Адам болып туылу оңай, ал адам болып қалыптасу қиын. Адамдық қасиетке бірден бір әсер етуші фактор ол тәрбие, ұлттық салтымыз.  Сол халық даналығы қорытқан қазына байлық, тәжірибені халық игілігіне жарату, үлгі етіп ұсыну жас ұрпақтың еншісі

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Шал ақын. Өлеңдер зерттеу деректер. Алматы, 2003.

2 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, 2001.

3 Касымжанов А.Х.  Духовное наследие казахского народов. Москва, 1992.

4 Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогически исследования. Москва, 1992.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!