Материалдар / «Ұлттық құндылыққа негізделген мектеп» бағдарламасы бойынша іс тәжірибе бөлісу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық құндылыққа негізделген мектеп» бағдарламасы бойынша іс тәжірибе бөлісу

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз зайырлы мемлекетте тұрамыз. Біртұтас халқымыз бар. Шекарасы қазақ ұлтының ата қонысымен белгіленген Қазақстан Республикасының негізгі ұлты - қазақ, оған ешкім талас болмақ емес. Сондықтан келер ұрпақтың тәрбиесі қазақ ұлтының дәстүрімен салт-санасынан тамыр тартып жатқаны дұрыс. Қазақстанда 100 -ден астам ұлттардың өкілдері тұрады. Олардың тіліне, дініне еш шектеу қойылмаған. Әрбір ұлт өкілі өз отбасында ұрпақтарын өз тілі мен дәстүрі аясында тәрбиелей алады. Бұл нағыз демократия - еліміздегі татулық пен кемелденген саясаттың төл жемісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2022
450
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ










Баяндама




Тақырыбы:

«Ұлттық құндылыққа негізделген мектеп» бағдарламасы бойынша іс тәжірибе бөлісу


Дайындаған:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саркытбай Ақнұр Болатханқызы


















2021 жыл



«Ұлттық құндылықтарға негізделген мектеп» бағдарламасы бойынша іс тәжірибе бөлісу


«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында

өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,

тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

М. Жұмабаев



Кіріспе.

Біз зайырлы мемлекетте тұрамыз. Біртұтас халқымыз бар. Шекарасы қазақ ұлтының ата қонысымен белгіленген Қазақстан Республикасының негізгі ұлты - қазақ, оған ешкім талас болмақ емес. Сондықтан келер ұрпақтың тәрбиесі қазақ ұлтының дәстүрімен салт-санасынан тамыр тартып жатқаны дұрыс. Қазақстанда 100 -ден астам ұлттардың өкілдері тұрады. Олардың тіліне, дініне еш шектеу қойылмаған. Әрбір ұлт өкілі өз отбасында ұрпақтарын өз тілі мен дәстүрі аясында тәрбиелей алады. Бұл нағыз демократия - еліміздегі татулық пен кемелденген саясаттың төл жемісі.

Қазақтың ұлттық болмысының қазаны қарапайым ауылдарда қайнаған. Қазақ ұлтының әр ауылы ұлт қара шаңырағының бір уығы іспетті. Олай болса, қазақ ауылдарындағы қазақ мектептерінің тәрбие саласы ешқашан ақсамауы керек. Қайта керісінше ұлттық салт-дәстүрді, құндылықтарды бойына сіңірген бірегей брендтік деңгейге көтерілуі тиіс. Ұлтымыздың әр шаңырағында ұйытқысындай болған батагөй қариялары, ауыл абыздары, асыл аналары мен батыр аталарының өнегелі жолдары жас ұрпаққа үлгі ету, егемен еліміздің ертеңін кемел келешекке бастайды деген сенімдеміз.


Негізгі бөлім.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы біліетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.

Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқутудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.



«Ұлттық құндылықтарға негізделген мектеп» бағдарламасының негізгі мақсаты қандай?

  • Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Қандай міндеттері бар?

1) Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, тұлғаны патриотизмге, Отанына адал қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Тұлғалық қасиеттерді дамыту; бәсекеге қабілеттілікті, сын тұрғысынан ойлауды және функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өздігінен шешу қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау;
3) Білім алушыларды еңбекқорлыққа жетелей отырып, бойында өзін-өзі тану, өз-өзіне баға беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен даму, әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтену дағдыларын қалыптастыру;
4) Білім алушылардың да, ұжымның да табыстылығын және денсаулығы мен жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін, мектептің эмоционалды ахуалын жақсарту, білім беру ортасын дамыту;
5) Оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың қатысу рөлін арттыру;

Тәрбиелік бағыты қандай?

Бағдарламаның басым бағыттары

  Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің қазіргі жағдайының ерекшелігі оның мазмұнын әлеуметтік сұранысқа орай, "Рухани жаңғыру" бағдарламасында  тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, тәрбиенің жаңартылған базалық мазмұны  басты бағыт ретінде анықталған.

 

1.   Қазақстандық Патриотизм

Мақсаты: Мемлекетке, туған жерге, өзінің мәдени ортасына сүйіспеншілігін қалыптастыру. Жас буынның бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсауға, жерін, тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрмет тұтуға тәрбиелеу.

2.   Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту

Мақсаты: Жас ұрпақтың санасы мен көзқарасында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оларды заманауи жаһандық даму ағынымен келетін өзгерістердің бәріне ашық болуына дайындау.

3.   Білімнің салтанат құруы

Мақсаты: Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, жаңашылдыққа жақын, үздіксіз білім алуға құштар, саналы әрі сапалы тұлға қалыптастыру.

4.   Бәсекеге қабілеттілік

Мақсаты: Жаңа дәуір ұрпағын 21 ғасырға лайықты қабілеттерге, сандық сауаттылыққа, шет тілдерін үйренуге, мәдени ашықтыққа бағыттау.

5.   Еңбекқорлық

Мақсаты: Тұлғаның бойында ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерін сіңіруге, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалануға ықпал ету.

6.   Функционалдық сауаттылық

Мақсаты: Білім алушының алған білімін практикалық жағдайларда және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау.


Қалай жүзеге асырылады?

Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері:

1-кезең. Білім беру ұйымы әкімшілігінің жауапкершілігімен ұйымдастыру тобы құрылады.

Ұйымдастырушы - жетекші топтың құрамында бола алады:
•педагогтар
•педагог-психолог
•әлеуметтік педагог
• әдіскерлер
• техникалық қызметкерлер
• ата-аналар
• білім алушылардың өкілдерінен тұратын жауаптылар

Жұмыс тобы білім беру ұйымында бағдарламаның орындалуына, мектеп оқушыларының құндылықтарды меңгеруіне педагогикалық жетекшілік жасауға, мазмұнына құндылықтар қамтылған қарым-қатынас орнатуға және қайта жаңғыртуға жауапты.

2-кезең. Оқу жылы барысында қолға алынатын құндылықтар таңдалады.

Таңдау оқу-тәрбие процесіне қатысы бар барлық қызметкерлер, білім алушылар, ата-аналар пікірімен санасу арқылы жасалады.

Бір құндылық кемі бір ай бойы дәріптеледі.

Таңдауға төмендегі құндылықтар тізімі ұсынылады.
1) Патриотизм
2) Ұлттық құндылықтар
3) Құрмет
4) Ынтымақтастық
5) Жауапкершілік
6) Адалдық
7) Еңбекқорлық
8) Тазалық
9) Кішіпейілділік
10) Әділдік
11) Денсаулық
12) Батылдық
13) Жомарттық
14) Табандылық
15) Сүйіспеншілік
16) Эмпатия
17) Әдептілік
18) Кемелдену

3-кезең. Ұйымдастырушы-жетекші топ құндылықтарды білім беру ұйымының оқу-тәрбие бағдарламасындағы барлық жоспарларына кіріктіруге атсалысады.
• Оқу бөлімі процестерінің барлық жоспарында мақсатты түрде орындалуына
• Тәрбиелік шаралардың басты мақсаттары сол айдың құндылығына сай болуына
• Пәндік бірлестік шараларының мақсаттарында және орындалу барыстарында
• Ұжымдық шараларда
• Ата-аналармен бірлескен барлық шараларда
• Күнделікті айналымды жұмыс барысында


Қандай нәтиже күтіледі?

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарында оқушы жастардың бойында
• қазақстандық патриотизм
• азаматтық сана-сезім
• толеранттылық
• жалпы және құқықтық мәдениет
• салауатты өмір салты
• шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру
• өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру
• бос уақытын тиімді қамтамасыз ету

бойынша даму сатыларының көрінісі күтіледі


Тәжірибемен бөлісу (слайд)


Қорытынды

Бір сөзінде Ғ. Мүсірепов атамыз «жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс»деген екен. Ата-баба дәстүрлері де бір замандағы тәртіп, өмір сүру заңдылығы болған, уақыттар өте келе әдет-ғұрыпқа айналды. «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деп Б. Момышұлы айтқандай бабалардан қалған тәртіппен тәрбие болашақ ұрпаққа заманға сай түрленіп түп негізін сақтай отырып жетсе деп ойлаймыз. Және сол бағытта тоқтаусыз қызмет етіп келеміз. «Тәрбие – тал бесіктен басталады». Бүгінгінің сол киелі тәрбие бесігі – мектеп. Олай болса, бесігіміз түзу, еліміз берекелі болсын!


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н. Бижанова «Ұлттық құндылық қасиеттері». Алматы. «Қазақстан мектебі», №3, 2007 жыл.

  2. С.Әбішқызы, Ж. Сарманов. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008 жыл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!