Ұлттық құндылықтар -тәрбиенің түп қазығы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар -тәрбиенің түп қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлттық құндылықтар -тәрбиенің түп қазығы" атты эсседе балаларды ұлттық бағытта қалай тәрбиелеу керектігі, ұлттық тәрбиенің неге негізделгені және оның пайдасы туралы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылықтар ‑ тәрбиенің түп қазығы.

Ұлт қай кезде ұлт болып қалады? Өз тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт‑дәстүрі болғанда ол ұлт бола алады. Осы құндылықтары бар ұлт өз алдына бір ел, мемлекет болады. Сондықтан «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деп айтылған сөз бар халық арасында. Әрбір ұлт сол өзінің құндылығымен ерекшеленеді. Осы құндылықтарды сақтап қалу, оны ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жеткізу сол халықтың міндеті, парызы. Ал осы мұраны болашақ ұрпаққа жеткізудің бірден бір көзі- тәрбиенің ұлттық құндылықтар негізінде болуы. Барлық ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен бала ғана өз елінің патриоты болады, отанын қорғайтын нағыз азамат боп өседі. Сондықтан ұлттық құндылықтар ‑ тәрбиенің түп қазығы деп айтамыз.

Академик жазушы Мұхтар Ауезов «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген. Неге десеңіз сол ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру де, баланы тәрбиелеу де сол баланың сәби кезінен бастау алады. Қазақтың салт- дәстүрі де, мәдениеті де, ұлттық бұйымдары да сол бесіктен басталады. Атап айсақ баланы бесікке салу кезіндегі және бесікке байланысты ырым тыйымдар, бесік жырларын айту. Сөзге щешен халғымыз бесік жырын айтқанда оның мән мағынасына өте қатты көңіл бөлген, баланың болашағын армандап шырқаған. «Батамен ел көгерер» дегендей барлық балаға қатысты салт- дәстүрлерде балаға бата беріп отырған. Ал бала сол батаны алу үшін үлкендерге қызмет қылып, ізеттілік көрсетіп отырған. Мұның өзі баланың сыпайы, инабатты, ибалы болып өсуіне, кішіге құрмет, үлкенге ізет көрсетіп отыруға ықпал еткен. Кішкентай кезінен балаға әжелері ертегі, аңыз, жырлар айтып отырған. Бала ертегі, аңыз жырларды, шешендік сөздерді неғұрлым көп тыңдаса, соғұрлым ойы зерек, арманшыл, тапқыр, батыл боп өседі. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» демекші, ұлттық ойындар баланы ептілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелейді. Балаға ойыншық таңдауда дана халқымыз бала денсаулығына кері әсері жоқ ойыншықтарды таңдаған. Мысалы: асық. Ол нағыз таза мал сүйегі. Қазақ халқы төрт түлік мал шаруашылығымен айналысқандықтан бала асықпен ойнай жүріп, оны әр қырынан мысалы, қай малдың сүйегі екенін зерттеуге де ынталанады. Сөйтіп баланың ойынға қызығушылығымен қатар, оның зерттеушілік қабілеті дамиды, төрт түлік малды баптауға да қызығушылығы оянады. Дәл осы асық секілді қазақтың тұрмыстық бұйымдары да адам өмірі мен денсаулығының кепілі іспетті. Ұлттық тұрмыстық бұйымдарды көбіне ағаштан, мал терісінен, жүннен жасалған. Кейінгі кездері қолданыстан қалып бара жатқан осындай бұйымдарды қайта қолданысқа енгізу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске қосылды, Қәзіргі таңда халқымыз ұмытылып бара жатқан бұйымдарға қызығушылық танытып келеді.Осы орайда шеберлер мен ұсталардың еңбегіне көп қолдау жасалып жатыр. Балабақшалар мен мектептерде балаларға ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстары жүргізіле бастады. Балалардың да қолөнер бұйымдарына қызығушылығы оянып жатыр. Ұлттық тұрмыстық бұйым болған жерде ұлттық тағам да болады. Ұлттық тағамдар адамның даму кезеңіне, денсаулығына ыңғайланып жасалған. Мысалы мойын омыртқа баланың буыны тез қатаюы үшін болса, құрт, сүзбе баланың сүйегінің қатаюына т. с. с. Кез келген тағамды алсақта, бәрі сол пайдалы тағамдар. Балаларға қәзіргі түрлі пайдасынан зияны басым тағамдарды ұсынғаннан гөрі осы ұлттық тағамдарды көп насихаттау бала денсаулығы үшін таптырмас құндылық. Сөзімді қорыта келгенде ұлттық құндылықтардың қайсысын алсақта адам баласының игілігіне арналған. Салт- дәстүрлер адалдыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке, шешендікке тәрбиелейді. Ұлттық ойындар ептілікке, шапшаңдыққа, алғырлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ұлттық өнер еңбекқорлыққа, шеберлікке баулиды. Ұлттық тағамдар мен ұлттық бұйымдар денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді. Осының бәрі ұлтжандылыққа, өз елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелейді. Осылай бала ұлттық құндылықты неғұрлым бойына көп сіңірсе, соғұрлым рухы жоғары азамат болып қалыптасады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2024
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі