Ұлттық құндылықтар арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылықтар арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, балалардың бойында отаншылдық сезімін қалыптастыру туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылықтар негізінде отаншылдыққа тәрбиелеу

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік сұранысының негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Біздің алдымызда бабаларымыздың игі дәстүрін сақтайтын, өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр. Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді.

Осы мақсатта Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттауға және қазақ халқының салт-дәстүрлерінің астарында жатқан даналық философиясы арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық ерекшелік қасиеттерді қалыптастыруға баса назар аударылады.

2017-2018 оқу жылынан бері жүргізіліп келе жатқан «Қазақтың 100 әні» жобасы осы мақсатты іске асыруда қолайлы болып келеді. Биылғы оқу жылында жатталатын әндер күнтізбедегі атаулы күндерге арналып отыр. Апта сайын жатталып, бүкіл мектеп фойеде жиналып орындалатын қазақ әндері балалар мен ұжым мүшелеріне жағымды көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жас бүлдіршіндердің көңілі мен жүрегінен орын алып, санасына ой салары анық.

Сонымен қатар, сабақтар арасындағы үзіліс кезінде қыздар фойеде қазақ халқының би өнерін насихаттауды қолға алды. Бұл да игі бастама болып отыр.

Тәрбие жоспары аясында қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқушыларға таныстыруға бағытталған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылады. Соның бірі 8 Ә сынып оқушыларының «Қазақ халқының ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері» тақырыбында дайындаған қойылымын атап өтуге болады.

Оқушылар тақырып бойынша презентация дайындап, көпшілікке таныстырды. «Қазақ дастарханы» көрмесін безендіріп, қойылымды тамашалауға жиналған бүлдіршіндерге жаңа піскен шелпек және бауырсақ үлестірді. Ұлдар күй тартып, қыздар ортада би билеп, қазақ ауылының кішігірім бейнесін көз алдымызға әкелді. Жиналған көрермендер жақсы әсер алды.

Біздің ойымызша, қазіргі жаһандану үрдісі кеңінен қанат жайып отырған уақытта отбасында және мектепте қазақ халқының озық дәстүрлері мен бала тәрбиесіне қатысты ұлттық педагогикасы мен құндылықтарын насихаттау өте өзекті болып отыр.

Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып біліп, оны жақсы меңгеріп, келер буынға дұрыс тәрбие-тағылым беруге күшімізді салайық.

Ойымның қорытындысын, Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы

орта мектеп-гимназия директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Мейрбекова







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2022
720
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі