Материалдар / Ұлттық құндылықтар-асыл қазынам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық құндылықтар-асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
материал наурыз мерекесіне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2024
144
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар -асыл қазынам»

Мақсаты:  Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: слайд, «Наурыз» ойыны, ою-өрнектер,


Сабақ барысы

І. Кіріспе бөлім.Мұғалім.

Сәлем сөздің — анасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар, ер данасы. Баршаңызға сәлем бердік, Сәлемнің де болады өз бағасы деп құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар баршаңызға сәлем. Барлықтарыңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Оқушылар: Сәлеметсіздерме , рахмет.

Балжан:

Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

(Шашу шашылады, )

Келіңдер балалар наурыз ойынын ойнайық.

Психологиялық ахуал: «Наурыз ойыны» («Наурыз» әні қойылып тұрады)

Мұғалім: «Наурыз мерекесі»

Бүгін - көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Ұлыстың ұлы күні деп аталып кеткен бұл мейрамның қандай ерекшеліктері бар. Бұл жайлы оқушылар ұсынған мәліметтерден біле аласыздар.

Айзере:

Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді.Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі.

Феруза

Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі.

Бупатям

Наурыз мейрамы мүмкіндігінше көңілді және шулы етіп атап өтіледі. Ежелде мейрам 13 күнге жалғасқан. Сонда адамдар ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм татып, «Наурыз» әнін айтып, бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, жақсылақтар тілейтін. Бұл күні ұлттық-ойындар мен көңiлдi кештер өтеді. Мысалы, қыз қуу, алтыбақан құру, ұлттық билер, көкпар, бәйге және т.б.

Балжан

Қасиетті жетілік. Наурыз  мейрамының басты тағамы – Наурыз көже. Ол 7 ингредиенттен дайындалады: су, сүрленген немесе кептірілген ет, тұз, май немесе жануар май, жарма, айран. Ал Наурыз көже ішкен адамдарға сәттілік күлімдеп, денсаулығы жақсарып, отбасы қуаныш пен молшылыққа кенеледі делінеді.

Ерзат

Наурыз батасы. Осы күнгі дәстүрге сай ақсақалдар халыққа жақсы тілек айтып, бата береді. Бұл жақсы тілек: «Халық гүлдене берсін! Ақ мол болсын! Бұл күн молшылық әкелсін! Бүкіл жамандық пен барлық қара іс жер бетінен жойылсын! Ата-бабамыздың рухы бізге әрдайым қолдау көрсетсін!» деген сөздермен аяқталады.

Мұғалім:Балалар барлығымыз тақтада берілген суреттерге назар аударайық.

Оқушылар әрбір берілген суретте суреттелген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық-ойындар, туралы айтады. (слайд)

Сұрақ: салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындарымыз, ою-өрнектеріміз, ұлттық тағамдарымыз, киімдеріміз балалар біз үшін қандай маңызы бар?

Бұл суреттердегі ортақ тақырып қандай?

Оқушылар жауабы: Ұлттық құндылықтарымыз.

Тақырып айтылады. «Ұлттық құндылықтарымыз-асыл қазынам».

Мақсаты жеткізіледі.

«Фортуна» бойынща салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың атаулары арқылы екі топқа бірігеді.

Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.

Айзере:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.


Мұғалім: балалар сіздер қандай салт-дәстүрлерімізді білесіздер?


Балалар:Бесік той, қыз ұзату, сырға салу, үйлену той.

Мұғалім: Балалар өзіміздің салт дәстүрлеріміз, әдеп ғұрыптарымыздан қаншалықты хабардар екенімізді көрермендерге айтып көрейікші.

1-тапсырма: «Ассоциация» әдісі арқылы оқушылар тапсырма орындайды

1-топ. Салт- дәстүрлер. Салт-дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс.

2-топ. Әдеп-ғұрып. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады

Әрбір топ өз жұмысын қорғайды.

2-тапсырма. «Тапқыр болсаң тауып көр» оқушылар сурет арқылы салт-дәстүрлерді анықтап, сол дәстүр туралы мәлімет береді. ( «Ерулік» деген салт-дәстүрге оқушылар қиналып жауап береді).

1-слайд: Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі.

2-слайд:Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

3-слайд: Айдар – балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұлғұрып ер балағажасалады. Сәбилергешашорнынакекіл, тұлым да қойылады.

4-слайд: Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.Тұсау кесер жырлары айтылады.

5-слайд:Баланы атқа мінгізу салты (ашамайға мінгізу)– баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.

6-слайд: Тілашар – баланың ұстаз алдын алғаш көруіне арналған ізгі ниет, бата-тілек.

7-слайд: Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға Салу кезінде жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Осы аралықта “той малы”, “сойыс”, “бала күту”, “әке күші” деген кәделерді орындау керектігі келісіледі.

8-слайд: Қыз ұзату – қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының бірі. Қызды алып қайту үшін жеті не одан да көп адам келуі мүмкін, бірақ жалпы саны тақ болуы міндет. Құда-құдағилар алдымен келеді де, күйеу мен күйеу жолдасты қыздың жеңгесінің өзі барып ертіп келеді.

9-слайд: Келін түсіру – отбасылық сән-салтанаттардың бірі, жанұядағы ер жеткен ұлдың үйлену қуанышы. Қазақ халқының түсінігінде келін түсіру – әр әулеттің, ата-ананың көптен күткен қуанышы саналады. Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай салтанатқа бүкіл ауыл болып дайындалған.

10-слайд: Асату – ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

11-слайд: Ерулік. (Балжан)

Ерулік – жаңадан көшіп келген көршілерді үйге шақырып, дастархан жайып, қонақ қылу дәстүрі. Тұрғылықты ауыл тұрғындары жаңа қонысқа көшіп келген отбасы сол ортаға тез үйренісіп, бір-бірімен жақын араласып кетуін ойлап, барынша көмек берген.

Көшпелі қазақ халқы шұрайлы қоныс табу үшін ұзақ жол жүрген. Алыстағы мекенге жеңіл жету үшін азық-түлік алмаған. Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолдан шаршаған кезде, тынығу үшін жолдағы ауыл жанына аялдайды. Мұндай аялдауды "еру" дейді. Барлық ауыл болып жаңа қоныс иелерін қарсы алып, жүгін түсірісіп, киіз үйін тігісіп, отын-суын әкелген. Атына жем-суын беріп, адамдарға дәм ауыз тигізген. Оларды бала-шағасымен қоса кезек-кезек үйіне шақырып, көрші-көлемді таныстырып, ерулік ас берген. Балалар бір-біріне үйренісіп, бір үйдің балалары секілді өскен.  Ерулік беру дәстүрі адам мен адамды жақын етеді. Ертеде малшылар жаз жайлауда, қыс қыстауда көшіп жүрсе де, қоныстанған жерінен жақын адамдар тауып, бауырмал дос болған. Қазір бұл дәстүр ұмытылып барады. Қалада көпқабатты үйдің тұрғындары бір-бірін танымайды, көршілерінің кім екенін де білмейді.

Ұмытылып бара жатқан салт дәстүрлерімізден «Ерулік» деген дәстүрімізді тамашалайық. Көрініс қояды

3-тапсырма. «Мақалды толықтыр» жылдамдыққа берілген. Оқушылар мақал мәтелдерді толықтырады. Сергіту сәті ( уақытқа қарап)

1. Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас … қалдыр

 2.Саналы ел ... сақтар.

3. Егілмеген … жетім, Елінен айырылған … жетім.

4.Ел боламын десең, ... түзе

5. Елінен безген … болмас, Көлінен безген … болмас.

1. Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр

2.Саналы ел салтын сақтар.

3. Егілмеген Жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

4.Ел боламын десең, бесігіңді түзе

5. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.


Рефлексия . «Киіз үй»

Қорытынды сөз.Мұғалім:Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты — заман өзгерсе де ұлттык салт-дәстүріміздің өзгермейтіндігін, ұмытылмайтындығын еске салып, ұлттык мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге токып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.


Жүргізушілер бірге:Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар! Сау болыңыздар.

Оқушылар Сау болыңыздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!