Материалдар / "Ұлттық құндылықтарды дәріптеген аналар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық құндылықтарды дәріптеген аналар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Форум екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде қоғамда өзіндік орны бар қазақ өнерін асқақтатып ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ардақты аналарымыздың ақыл кеңестерін өмірлік тәжірбиелерін тыңдасақ, екінші бөлімде ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген өнерлі аналарымыздың шеберлік сағаттарын тамашалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2024
114
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұлттық құндылықтарды дәріптеген Аналар»

атты аудандық аналар форумы

1-бөлім. Пролог «Ана қадірі»

Музыка әдемі күй ойналу керек.

 Сахнада  киіз үйдің макеті  тұрады (шаңырақ, кереге,уық).

(Сахнаға  ұлттық киімде анасы , анасы свечиді жағады да,балаларына акылын айтып отырады)

  (Қыз бала анасын құшақтайды.)

Анасы Лунара У...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

              Ойланбай –ақ кел- дағы от ал менен

              Түтін түтет, өс, өрбі, көгере берсін,

              Балаларым аман болып, өсе берсін

             Үш бірдей бақытым бар  алақанда,

              Құлындарым, жандарым, бақытым!

  1. Бала- Ару .: Ана! Бақыт деген не?

  2. Адамның үш бақыты бар.

2.Бала – :Апа сізде үш бақыт бар ма?

Анасы Лунара У. Иә, балам, ең бірінші бақытым,  халқым менің!

  • Ал екінші бақытым-Тілім менің,

  •  Бақытым бар үшінші - Отан деген

  •  Балаларым, мен кішкене жата тұрайын. Сендер ойнай тұрыңдар, мен тұрғасын шайларыңды берейін!

  • (Балалар ойнап отырады, мұңды күй ойналады)

Анасы: Балаларым , су ішкім келіп жатыр.

              Тамағым кеуіп қалды. Су әперіңдерші.

(Балалардың күлген дауыстары шығу керек)

Балалар : Сен баршы, жоқ сен әкеп берші.

  • (қиналған дауыспен ) Құлындарым суууу, әкеп беріңдерші...

Құстың дауысы ( Анасы құс болып ұшып кетеді)

Тайкелтір: Ерліктен де, еркелігің басым–ау.
Ойынның қызығына баттың ау,

Анасының үніне құлақ салмай,

Жараспады, қылықтарың балалар ай.

Өзге ананың қадіріне, мерейіне төр құрар,

Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар!

 

Ару: Анамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегім.

Сенің ғана сөзіңнен,
Ет жүрегім езілген.
Бақыт табам өзіңнің
Жылуыңды сезуден

Кімнен енді сезінем.

 2.Бала- Д.Айым : Қарызым бар өтелмеген алдыңда,
              Күнәһардай сезінемін жаныңда.
            
Анашым-ау не десем де баламын ғой,
              Кім анасын жек көреді коямын ғой.

            Анашым, енді не істейін?!!

Анашым, қош бол, құс болып кеттің – ау! (Тұрлан шығады.)

 Музыканы қатты қоямыз да, балалар жылап шығып кетеді.

 Ана мен бала монологы: 4 бала сахнаға шығады. 

Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, кіріңді жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң табақтарды жерге лақтырдың.

Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң дуалдарды шимақтадың.

Бес жасқа толғаныңда, анаң сені әдемі киімдермен киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.

Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.

Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшағына алу үшін мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.

Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.

Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң бар уақытыңды достарыңа ысырап еттің.

Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.

Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.

Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгін, ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.

Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.

Фанфары басталуы

«Ұлттық құндылықтарды дәріптеген Аналар» атты аудандық аналар форумы.

Жүргізуші:  Қайырлы күн құрметті аналар, ұстаздар және форумға қатысушы қонақтар. Аудандық «Ұлттық құндылықтарды дәріптеген Аналар» атты аналар форумына қош келдіңіздер. Қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген ұғым бар. Ұлттың болашағы да қазақтың әйелінің қолында. Сондықтан қазақ әйелі- отбасы қоғамының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны.

Қазақты әлем халқына ғажап халық екенін танытып тұрған ол – біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу – баршамыздың міндетіміз. Ендеше бүгінгі аналар форумының алғашқы сөзі кезегі Қошанкөл ауылдық округі әкімі Ильясов Ернар Аққалиұлына беріледі. Келесі сөз Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абишова Айша Уалиоллақызына беріледі. Келесі сөз кезегі Казталов ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі Кенжегалиева Асыл Закарияқызында.

Бүгінгі форум екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде қоғамда өзіндік орны бар қазақ өнерін асқақтатып ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ардақты аналарымыздың ақыл кеңестерін өмірлік тәжірбиелерін тыңдасақ, екінші бөлімде ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген өнерлі аналарымыздың шеберлік сағаттарын тамашалайтын боламыз. Ендеше бүгінгі аналар форумының ерекше қонақтары спикер аналарымызды сахна төрінен орын алуға шақырамыз.

1. Шакенаева Күнслу Шакенайқызы- аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз, ілім және ғылым министрінің облыстық республикалық алғыс хаттарымен марапатталған.

2. Сапахова Гүлнар Мүтиғоллақызы- Аудандық №2 аурухананың аудит дәрігері, Қазақстан Республикасы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті төсбелгісінің иегері, Республикалық аналар кеңесі алғыс хаттарымен марапатталған, Жалпақтал аналар кеңесінің төрайымы.

3. Акимгалиева Жаркынай Рахметовна – кәсіпкер ИП «Рахмет », Jarkynai design studio жетекшісі, қолөнер «URSHYK» Республикалық қоғам бірлестігінің БҚО бойынша филиал директоры.

4. Шынтемірова Гүлбану Темешқызы – Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, ардагер ұстаз, Бостандық ауылдық округіндегі «Асыл әжелер» ансамблінің жетекшісі.

Аналар форумының негізгі мақсаты әйел- аналардың қоғамдағы орны мен рөлін күшейте отырып отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас өскелең ұрпаққа ата- баба дәстүрін жалғастыру, ана мен бала, әже мен немере, жеңге мен қайын сіңілі арасындағы жарастықты нығайту болса, ендеше осы тақырыптар бойынша сөз кезегі өздеріңізде.

1. Аса қадірлі Шакенаева Күнслу Шакенайқызы аудандағы аналармен жүргізіліп жатырған жұмыс туралы баяндап өтсеңіз.

2. Құрметті Сапахова Гүлнар Мүтиғоллақызы- Денсаулық сақтау үздігі ретінде, аналар кеңесінің төрайымы ретінде «Ата ана мәдениеті, туралы бала тәрбиесіндегі денсаулық туралы қандай ой қосар едіңіз?

3. Құрметті Акимгалиева Жаркынай Рахметовна – жеке кәсіпкер ретінде ұлттық өнерді дәріптеуші ретінде ұлттық қолөнерді қалай насихаттау болатыны туралы кеңестеріңізбен бөліссеңіз?

4. Аса құрметті Шынтемірова Гүлбану Темешқызы – Сіз Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, ардагер ұстазсыз, Қазіргі қоғамда Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі туралы және Баламен бірге тиімді уақыт өткізу болады деген сұраққа өз ойыңызды қоссаңыз)

Жүргізуші: Аналар форумының бірінші бөлімінде бүгінгі қоғамда өзекті мәселе болып отырған отбасы тәрбиесі аналардың қоғамдағы рөлі ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа сіңіру туралы көптеген ақпараттар, ақыл кеңестер алып рухани дүниеміз бір байып қалды. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Қоғам болып мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, ұрпақ тәрбиесі де өз жемісін берері анық.

Құрметті форумға қатысушы аналар спикер аналарымызға сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат, болмаса бірінші форумды қорытыныдылау үшін ортаға Казталов ауданының ішкі сасат бөлімінің басшысы Абишова Айша Уалиоллақызын және Казталов ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Кенжегалиева Асыл Закарияқызын шақырамыз.

Форумның екінші бөлімін тамашалау үшін бәріміз мектеп алаңына шықсақ.

2- бөлім «Шеберлік сағаттары»

Бүгінгі форумда ұлттық құндылықтарымыз яғни салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдармызды дәріптейтін аналарымыздың шеберлік сағаттарын тамашалап, сол аналарымыздан дәріс, тәлім- тәрбие алсақ дейміз.

Бүгінгі шеберлік сағатымыз 3 бағыт бойынша болады:

1. «Өнерлі ана – өнерлі қыз» мұнда (мәнерлеп оқу, би, ән, домбыра өнерін көрсету)

2. «Қол өнер – сырлы өнер» (құрақ көрпе жасау, ұршық иіру, тоқыма бұйымдарын жасау, шаш өру өнері)

3. «Ас адамның арқауы» (ас пісіру өнерін көрсету).

Ендеше «Өнерлі ана – өнерлі қыз» (мәнерлеп оқу, би, ән, домбыра өнерін көрсету) бағыты бойынша спикер аналарымызды ортаға шақырамыз. Габдрахова Жансулу Арыстанқызы Гали Бегалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, қызы Букебай Марал Қуанышбайқызы аудандық, облыстық Әбіш оқулары, Қадыр оқулары, Дариға оқуларының жеңімпазы, ұстазы Айткалиева Дарига Кабдоловна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ғұмар Қараш атындағы мектеп гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Марданова Элмира Қадырғалиқызы, қызы Шамгон Нұрай Нұрланқызы. Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебінен көп балалы ана, алтын алқа иегері Ишенова Ақтоты Серікбайқызы, қызы Мұсағали Еркеназ Ерланқызы аудандық Көктем шуағы байқауының, республикалық Күй күмбірі байқауының жүлдегері. Қараөзен мектеп лицейінің ата аналар кеңесінің төрайымы Гүлмереке Тыныштығалиқызы.

Жансулу Арыстанқызы қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне сапалы білім беру дәрежесіне айрықша назар аударылып отырғаны бәрімізге аян. Осы орайда сіз алтын алқа иегері, көп балалы ана бола тұра балаларыңыздың білімге, өнерге деген талпынысын ұштап жүрген ана әрі ұстазсыз сіз балаларыңыздың жетістікке жету жолында ұстаз бен тығыз байланыс жасаудың үздік үлгісі болып отырғаныңызды бір ауыз сөзбен түйіндеп кетсеңіз.

Дарига Кабдолқызы шәкірттерімізді аудандық облыстық кезеңге даярлап жүрген тәжірбиелі ұстазсыз оқушыны жетістікке жеткізуде ең қажет нәрсе не деп ойлайсыз?

-Ендеше отбасында поэзия оқуды әдетке айналдырған ана мен баланың өлең шумақтарын тыңдасақ.

Өнерлеріңіз өрге жүзсін, отбасылық жарастықтарыңыз ұстазбен байланыстарыңыз одан әрі нығая берсін, алар асуларыңыз көп болсын.

Ән, күй, музыка, Қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан берік орын алып, сенімді серігіне айналған дүниелер. Өнер болсын музыка немесе ән болсын оның мақсаты адамдардың көңіл күйіне әсер етіп оларға рухани қорек беру. Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп, қазақ халқының әдибеті мен өнерін зерттеген Шоқан Уалихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. Элмира Қадырғалиқызы және Ишенова Ақтоты Серікбайқызы, Қараөзен мектеп лицейінің аналар кеңесінің төрайымы Гүлмереке Тыныштығалиқызы. Сіздер өз балаларыңызды өнерге баулып жүрген ұстазсыздар өнер жолы қиын жол деп айтады баланы өнерге тәрбиелеудегі тәжірбиелеріңізбен бөліссеңіз.

- Ендеше сіздердің өнерлеріңізді тамашаласақ.

Элмира Қадырғалиқызы мен қызы Шамгон мен қызы Шамгон Нұрай Нұрланқызының орындауында Ән: Ана мен қыз.

Ақтоты Серікбайқызының орындауында Ән: Жақсы адамдарым

Мұсағали Еркеназ Ерланқызының орындауында күй: Жазғы қайғы.

Қараөзен мектеп лицейінің аналар кеңесінің төрайымы Гүлмереке Тыныштығалиқызы

Өнерлеріңіз өрге жүзсін, отбасылық жарастықтарыңыз ұстазбен байланыстарыңыз одан әрі нығая берсін, алар асуларыңыз көп болсын.

Көрермендер қатарынан орын алуларыңыз сұралады.



Аудандық «Балдәурен» «Айгөлек» би байқауларының жүлдегерлері Шапағат би тобын ортаға шақырамыз. Жетекшісі Габдрахова Жансулу Арыстановна бастауыш

2. «Қол өнер – сырлы өнер» бағыты (құрақ көрпе жасау, ұршық иіру, тоқыма бұйымдарын жасау, шаш өру өнері)

 Қазақ өнерінің,оның ішінде қолөнердің түрі көп. Ұлттық құндылығымыз заман ағысына сай жаңарып,жаңғырып келеді. Қазіргі таңда оюлы текемет басып, кесте тігіп,құрақ құрап, қазақи нақышымызды дәріптеп жүрген жандарды көптеп кездестіруге болады. Ондай жандар біздің ауданымызда да жетерлік. Солардың ішінен сіздердің алдарыңызда өздерінің шеберліктерімен көрінгелі отырған аналармызды, әжелермізді ортаға шақырамыз. Республикалық «Мерейлі отбасы 2022» байқауының жеңімпазы Халықовтар отбасының отанасы Ахет Тойған Шотқызы қыз келін, немерелерімен, Казталов мектеп лицейінен Абулхайрова Лилия Сергейқызы (ұршық иіру), Бірік жалпы орта білім бертін мектебінен Кабиева Мағзия (қолөнер), Талдыапан жалпы орта білім беретін мектебінен Тукенова Куралай Орынгалиевна.

Қолөнердің қай түрін насихаттайын деп келдіңіз ортаға салсаңыздар.

Ахет Тойған Шотқызы(тоқыма өнері)

Абулхайрова Лилия Сергейқызы (ұршық иіру)

Тукенова Куралай Орынгалиевна(қолөнер)

Құрметті көрермендер, жақындап келіп, көрсеңіздер болады.

(Бұйымдарын жасап, көрсетіп таныстырады.) (музыка ойнатылады)

Он саусағынан өнер тамған қолөнершілеріміздің қолынан қандай керемет әпсәтте қандай бұйымдар жасалып шықты. Қолөнерімізді насихаттап, ата бабаларымыздың дәстүрін жалғасытырып отырған сіздерге рахмет айтамыз. Шеберлігіңізден үлгі алған ізбасарларыңыз көп болсын. Көрермендер қатырынан орын алуларыңыз сұралады.

- Мектеп оқушыларының мектеп формасының талаптарын сақтай отырып, ұлттық нақыштарды енгізу қазіргі заманның тренді десекте болады, осы орайда мектепішілік дәстүрлі ұзын бұрымдылар байқауының жеңімпаздары болған 5 сынып оқушыларының қазақы шаш өру үлгілерін тамашаласаңыздар.

Мектеп оқушылары осындай шаш үлгілерімен жүрсе қандай тамаша керемет болар еді.

(музыка әуенімен қыздар шаш үлгісін көрсетеді)

  1. «Ас адамның арқауы» (ас пісіру өнерін көрсету).

Ас адамның арқауы. Ас пісіруде үлкен өнер. Әр ауылдың бармағынан бал тамған аспазшысы болады олай болса алдарыңызда бармақтарынан бал тамған аспазшы аналармызды ортаға шақырамыз.

Қошанкөл аулының тұрғыны Қайсағалиева Маржан Пазылқызы, Тереңкөл мектеп бөбекжай кешенінен Бекешаева Айзада Асылбековна (ұлттық тағам)

Ас шеберлері сөз кезегі өздеріңізде өздеріңізді таныстырып, тағамадарыңыздың жасалу жолдарын көрсетсеңіздер.

Құрметті шеберлік сағатқа қатысушы аналар мақсатымыз үйрену болғандықтан тағамның жасалу жолдарын үйренулеріңізге болады.

Шеберлік сағатқа қатысушы аспаз аналар астарыңыз әрқашан дәмді болсын, осы саладағы кәсіптің төрінен көрінуге тілекшіміз.

Жүргізуші:   Шеберлік сағатымыз осымен өз мәресіне жетті. Келесі кезекті мектеп психологы Каримуллина Сая Ғайсақызына беріледі.

Тренинг Жүректегі суреттер

Кері байланыс Жылы жүрек « Ана туралы жыр» жәй әуенмен.

Бүгінгі «Ұлттық құндылықтарды дәріптеген Аналар» атты аудандық форумының қорытынды сөзі мектеп директоры Айткалиева Гулназ Зейнқызына беріледі.

«Ұлттық құндылықтарды дәріптеген Аналар» атты аудандық форумы өз мәресіне жетті, келесі кездескенше сау саламатты болыңыздар.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!