Материалдар / "Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру арқылы бастауыш сынып оқушысының тіл байлығын дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру арқылы бастауыш сынып оқушысының тіл байлығын дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының өз ұлтына еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тіліміздің қадір қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз ұалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену,қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білумен иөлшенбек. Ананың ақ сүтіне уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтшыл да болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керектігін дәріптеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҰЛТТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ»

Түйіндеме:Бастауыш сынып оқушыларының өз ұлтына еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тіліміздің қадір қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз ұалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену,қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білумен иөлшенбек. Ананың ақ сүтіне уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтшыл да болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керектігін дәріптеу.

Түйін сөздер: қазақ тілі, ана тілі, дәріптеу, оқушы, Отан, құрмет.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.

Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеумет- тік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес

Қазақ халқы басқа елдерден дінімен, салтымен , тілінің тазалығымен ерекшеленеді. Тіл тазалығының шұбарланбауы ұлттың жойылып кетпеуіне зор мүмкіндік сыйлайды. Тілі бар халықтың болашағы жарқын, тәуелсіздігі мәңгі болмақ. Қазақтың басынан небір зұлмат күндермен жау көз алартқан кезеңдерден құндылықтарымызды оның ішінде тілімізді аман алып өтіп, бізге аманаттағандығын қастерлеуіміз қажет болар. Тіл жоғалса, тұтас халық жоғалатынын білгеніміз абзал. Тілі жоқ халық, жоғалып жер бетінен ғайып боларын ескерсек, тілдің тазалығын сақтау жолдарында қажырлы еңбек ете отырып, өткеніміздің өзектілігін айқындайтын тілдің теңдессіз байлық екеніндігін ұрпаққа айта отырып, келер ұрпаққа жеткізуге аманаттау біздің яғни бүкіл қазақ халқының міндеті, парызы деп айта аламыз. Тіл жолында талай жүрегі қазақ деп соққан ұлтжанды жандарымыздың жазбаған жыры, айтылмаған сыры, жырланбаған жанашыр жазбасы кемде-кем деп нық сеніммен айта аламын. «Тәрбие басы -тіл» деп, Махмұд Қашқари айтып еткен болатын. Тәрбиенің басында тілдің тұратындығы айқын. Ана тілін ұмытқан адам өзінің де өткенінімен болашағын ұмытады.  [ 2. 136-бет ]

Тіл біздің ұлттық құндылығымыздың басты байлығы дей отырып, соның ішінде қазақ тілінің қазақ халқының асыл да құнды байлықтарының бірі деп мақтана да, марқая айта аламын. Қазақ тілі қашанда біздер үшін басты өзіміздің кім екенідігімізді айқындауға көмектеседі. Тіл арқылы қуанышыңды білдіріп, жақсы сөздермен жаны құлазыған адамды жұбатып, қуанышқа ортақтаса қуанып, жан-жағыңды жанды жадыратар жақсы сөздермен жылыта аласың. Қазақ тілі еш өзгеріске ұшырамаған, барлық халыққа ортақ тіл. Тіліміздің тектілігі, көркемділігі деп, талай жау –жанжалдарды, келіспеушіліктерді тілдің құдіреттілігінің арқасында шешіп, елімізде тыныштық, бейбітшілік орнатуға басты тілдің пайдасы бар деуге болады. Осыған дәлел бұрынғы шешендерімізбен билеріміздің тапқырлығы яғни тілдің көркемдігімен бір ауыз сөздің шеберлігінің нәтежесінде қазақ халқының басқа елдермен келіссөздер жүргізгендігінің арқасында бейбіт өмір кеше білгені белгілі. [ 1. 188-бет ]

«Тіл адамның белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»-деп айтқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың нақыл сөзінен көптеген ой мен ғибрат алуға болады. Адамның сөйлеген сөзінен яғни тілінен қандай адам екендігі байқалады. Адамның аузынан шыққан әр-бір сөз жүрекке барып қонады. Сондықтан да сөйлеген сөздің ғибратты, мәнді жағына назар салып, барынша сөйлер сөздің тұшымдылығын ой елегінен өткізіп отырсақ адамдығымыздың белгісі болар. Қазақта «Ат кісінегенше, адам сөйлескенше» деген тамаша сөз бар. Сөз тіл қаруы. Сөзді қалай сөйлесең, солай саған қарай оралады. Сөздің киесі бар деп ата-бабаларымыз айтып кеткен. Сондықтан да сөйлер сөзіңе мұқият болу, ой мен жүректен өткізе білу, бұл да ерлікпен пара-пар дүние. Барлық белесті, кез-келген қиын кезеңдерді, тығырықтан шығар жерді тілмен яғни сөзіңді қаруыңа айналдыра білсең жетістікке жеткенің болар.

Қазіргі заманның бір алаңдатар мәселесі жастардың өзге тілде еліктеуінде. Сәнге де айналған ба?-деп қаламыз. Осы алаңдатар жағдайды қолға алу, тілге деген сенімдерімен сезімдерін арттыра түсіп, қадіріне жете білу керек . Сондықтан да цифрлы сауаттылық артқан тұста бастауыш сыныптан бастап тіліміздің баға жетпес асыл қазына екенін ұғындыруымыз қажет. Әдеби кітаптармен сусындап, тереңіне бойлаған оқушының сөздік қоры молайып, сөзге, тілге деген сауаттылығы арта түседі. Тілдің әр-бір элементтері аса құнды.

Бастауыш білім – білімнің негізі қаланатын үздіксіз білім берудің алғашқы cатысы. Ал жас ұрпақтың ұлттық санасын оятып, тілін дамыту оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе.Тілдің тәрбиелік мәні де күшті.

Сабақ үстінде жаңа сөз үйретілумен қатар сол сөзді дұрыс қолданудың қажеттілігі туралы мұғалім тарапынан ескертіліп, ана тілінің ұлылығы, байлығы туралы мәселе кешенді қарастырылғанда ғана оң шешімін таппақ.
Тіл байлығы - сөз байлығы. Лингвист - ғалым М. Балақаев: «Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы». Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді.

Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы.Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту. Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар, үнтаспалар, бейнетаспалар, дидактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б.Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай - ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады.

Мұндай жұмыстар оқушының білімін ғана жетілдіріп қоймайды, жеке дара шығармашылық қабілетінің ашылуына түрткі болады.
Сабақ үдерісінде мұғалімнің басшылығымен мұндай жұмыстар жүзеге асырылып, жүйелі орындалып отырса:
- оқушының сөздік қоры мен тілін байытуға ықпал етеді;
- ауызша және жазбаша тіл мәдениеті талаптарын меңгереді;
- сауатты жазуға үйретеді;
- оқушы өз бетімен шығармашылықпен айналысуға үйренеді.
Сабақ сайын өтілген тақырып ауқымына қарай кем дегенде екі - үш сөзден болсын оқушының лексикалық минимумы артып отырады. Және барлық үйренген сөзі күнделікті өмірде белсенді қолданыла бермеуі мүмкін. Көнерген сөздер (зат, киім - кешек, салт - дәстүр, музыкалық аспаптар, ай, жыл, қару - жарақ атаулары), кәсіби сөздер т. б. қажеттілік болмаса, үнемі белсенді қолданысқа түсе бермейді. Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы. Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту.Бала жұмысына сын көзбен қарап, бағалауға,ойын еркін,дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.

Тіл дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу. Мұның пайдалы жағы бастауыш оқушылары сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді.ОХалқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Байлығын дамытуға ертегікітаптардың маңызы зор. Ертегі кітаптарды оқу оқушыға шабыт сыйлап ғана қоймай, отаншылдыққа, батырлыққа баулиды.Сөз байлығын еркін пайдаланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. «Қай ертегіде кездесемін?», «Мені білесің бе?» деп алып кейіпкерлердің үлкейтіп салынған суреттерін көрсету арқылы кім екенін, қай ертегіде кездесетінін айтқызып, мінездеме бергізу арқылы білгендерін ауызша жеткізе білуге үйрету жұмысы да тіл дамытудың негізгі бір жолы. Мұның өзі оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Ең бастысы оқушылардың өзін сөйлету арқылы сөйлеу тілдері дамиды. Жаттау, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білу, сұрау - тапсырмаларға жауап жазу, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, салыстырмалы әдіске негізделіп жазылған үлеспелі кестелерді толтыру т. б. Әдістер үзбей ақтарылып отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Тіл адамзаттың қаруының бірі деп мақтана айта отырып, менде өз еңбек жолымда яғни мамандықтың ең қадірлісі ұстаздықты таңдаған жайым бар еді. Тілдің қашанда таразы басында тұратынын, тіліміз жоғалса, біздің де жоқ болатынымызды ескере келе, тілге қызмет етуді сондай-ақ, тіл мәртебесін көтеру тұсында еңбек етіп келе жатқанымды мақтаныш тұтамын. Мен үшін қазақ тілінің әр-бір сөзі, әріпі, буыны, дыбысы ыстық әрі қымбат. Тілдің құдіреттілігімен ұлтқа керек екендігін күнделікті алдымдағы шәкірттеріме ескерте және ескере отырамын. Тіл жоғалса, біз өзімізді яғни мемлекетімізді де жоғалтып аларымыз хақ. Біздің болашақ ел басқарады деген балаларымздың тілдері бұзылып бара жатыр. Тілдің таразыға түскен шағында бар тілге қатысты жағдаяттарды әрине өзімізден бастағанымыз жөн болар. Өйткені шәкірт яғни ұрпақ бізге қарап бой түзейді, ой қалыптастырады. [ 3. 300-бет ]

Оқушылар өз тілін басты орынға қойып, шұбарландырмай, өзгеріске ұшыратпай таза ұстай білсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл үлкен жағдаятты білім негізі бастауыштан бастай отырып, дыбыс пен әріптің жүйелерін оқушы санасына сіңдіре отыра, үйрету ұстаз еншісіндегі іс. [ 5. 120-бет ]

Біз бейбіт елде өмір сүре отырып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болғанын мақтан ете отырып, әнұранымыздың қазақ тілінде шырқалуы құлағымыздың құрышын қандырарына зор үмітпен қараймыз. Тілдің тазалығын сақтап, тілді басты орынға қоя отырып, қазақ тілінің қастерлі де құдіретті үнмен астасып жатқандығы көз қуантады. «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау» деп Ахмет Байтұрсынов тегін айтпаса керек-ті. Тіліміз мәңгі жасаса, біздің мәңгілік жасарымыз хақ. Тіл тазалығын паш етейік, әріптес дегім келеді сөз соңында.........

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектепте апробациялау үшін сынақ нұсқасы). - Астана, 2015. - 27 б.

  2. "Ашық мектеп" ақпараттық-әдістемелік журналы, 2011ж. №2 (103), 12 бет.

  3. "Білім-Образование" ғылыми-педагогикалық журналы, 2009 жыл №1(43) С. 16

  4. Ф. Оразбаева" тілдік қарым-қатынас теориясы мен әдістемесі " Алматы. РБК 2000ж.б. 208.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!