Бізге тәуелсіздік туын,
қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние
жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген
Желтоқсан оқиғасына биыл 33 жыл толып
отыр.
Тәуелсіздіктің түп тамыры
«Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта
алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан
шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар –
намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік
тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды
қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың
қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын
кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып,
қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев
сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін
бе?
Осы желтоқсан оқиғасы
салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп,
орынымыздан тұрып бір минут еске алайық! Бір минут
үнсіздік.
Сынып оқушыларын «Шаңырақ»
стратегиясы арқылы түрлі-түсті ленталармен топқа
бөлу.
Оқушылар хормен өлең
шумақтарын айтады:
Ынтымағы жарасқан береке
күн,
Білдіреді болашақ ел
ертеңін.
Татулық пен достығың арта
берсін,
Құтты болсын бүгінгі мереке
күн!
1-топ:
«Желтоқсан»
2-топ:
«Тәуелсіздік»
Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай
жылдар өтті. Қазақстан өмірінде көптеген айтулы өзгерістер болды.
Енді сол тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге
назар аударайық (слайд көрсету)
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі
жарияланды. 1991 жылы 29-тамыз. Семей полигоны жабылды 1991жылы
2-қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа
ұшты
1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш
президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1992 жылы
мемлекеттік рәміздер қабылданды 1992 жылы 11-желтоқсанда әнұран
қабылданды 1993 жылы 28 – қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші
конституциясы қабылданды 1993 жылы 15- қарашада ұлттық теңге
айналымға енді
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен
медальдары дүниеге келді 1995 жыл Қазақстан конституциясы
қабылданды 1996 жылы еліміздің астанасы Ақмолаға көшірілді 1997
жылы 1- шілдеде «тіл туралы» заң қабылданды 1998 жыл Ақмола қаласы
Астана болып өзгерді 1999 жыл – ұлттың бірлігі мен сабақтастығы
жылы 2000 жыл мәдениетті қолдау жылы 2003-2005 жылдар-ауыл жылдары
2007 жыл - қазақ тілін қолдау жылы
«Әдеби джем».
Екі топқа өлең шумақтары беріледі. Оқушылар
құрастырады.
1-топқа:
Намысымның шырағы да –
Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да –
Желтоқсан!
Жігіттіктің ұраны да –
Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да –
Желтоқсан!
Желтоқсан – заман, толғағы байтақ
даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік,
наланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен
Сәбира
Құрбаны болған
жаланың!
2-топқа:
Желбіресін байрағың желді
күнде,
Биіктесін мәртебең, елдігің
де.
Таныта бер, ұлы Тіл, бар
әлемге
Керегеңнің кеңдігін, теңдігін
де.
Сәулесі бар нұрында таңғы
үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан
ғұрыптың.
Даңқың артсын, егеменді елім
менің,
Серігіне айналсыншы
Мәңгіліктің.
Ойын «Сандар
сөйлейді».
1. 1723-1725 жылдар Ақтабан
шұбырынды.
2. 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы
көтеріліс.
3. 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс.
4. 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс.
5. 1932-1933 жылдар ашаршылық
кезеңі.
6. 1936-1938 жылдар репрессия
кезеңі.
7. 1941-1945 жылдар Ұлы Отан
соғысы.
8. 1986 жылы Желтоқсан
оқиғасы.
9. Көрініс көрсету немесе ән
айту
10. Тосын сый
|