Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлттық стильдегі қалыңдық киімі жинақталымын тігу бірізділігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұлттық стильдегі қалыңдық киімі жинақталымын тігудің технологиялық бірізділігі
Байжанова П.И.
Түлкібас агробизнес
және саяхат колледжі
1.Кіріспе
Ұлттық киім мен оның элементтері , яғни, бас киімдер, иық бұйымдары,
белдіктер,сәндік әшекейлері т.б аксессуарлары республикамыздың барлық әлеуметтік топтары арасында үлкен сұранысқа ие. Дәстүрлі киім үлгілері елімізде өткізілетін түрлі ұлттық мерекелерде ( «Наурыз», «Республика күні», «Тәуелсіздік күні» ), түрлі әдет-ғұрып дәстүрлерде, тойларда ( «үйлену тойы», «қыз ұзату», «бесік той», «шілдехана» т.б), ұлттық ойындарда («қыз қуу», «ақсүйек», «алтыбақан» т.б), әртүрлі жарыстарда («қыз сыны», «жігіт сұлтаны» т.б) киіледі.
Қазіргі сән үлгілерінде ұлтаралық белгілерге қоса, әр елдің өзіне тән интернационалдық тұрмыс-салттық ерекшеліктері, ұлттық мәдениет түрі, ұлттық дәстүрі көрініс тапқан. Ұлттық киім халықтық өнер сияқты қазіргі модельдеу үлгісін дамытып, әрі байыта отырып, онымен сіңісіп кететінін уақыт көрсетті. әрбір тігінші модельердің ұлттық өнердің заңдылығын терең түсіне отырып, дәстүрді жаңаша ойлауы оның шығармашылық іс-әрекетіне жаңа бағыттар ашады.
Жаңалыққа ұмтылушылық мәдениет пен техниканың дамуында қозғаушы күш болып саналады. Бұл жағдайда шығармашылық үшін белсендіәрекет жасау құралы болып- халық философиясын бойына жинақтаған ұлттық киімдер саналады.
Мәдениеттің бір құрамдас бөлігі ретінде киімді модельдеу де ұлттық бояуға, нақышқа, сипатқа ие болуы тиіс.
Ұлттық киім ансамблінің сәндік құрылымдық және көркемдік- бейнелілік бірлікке қол жеткізуінің тәсілдері мен құралдары оларға терең талдау жасауды қажет етеді.
Оған түстердің қарама-қарсылығы , үйлесімділігі және конструктивті сызықтар жасаудың пластикасы мен айқын силуетті сызықтардың сәйкестігіне негізделген принциптер жатады. Киімнің түрлі безендірулері мен кию тәсілі адамға шад- шадыман , мерекелік көңіл –күй немесе байыптылық, салмақтылық сипат береді.
Бүгінгі таңда киім дайындаушылар ұлттық киімнің эмоцианалдық-көркемдік бейнесінде қазіргі өндірістің жаңа технологиясын, жаңа әдісін,жаңа матасын пайдалана отырып, бүгінгі күн талабына сай киімнің моделін жасауға ұмтылады. Ең басты міндет – жаңа модель құруда ұлттық киімнің рационалық (тепе-теңдік) принципін, құрылымдық ерекшелігін сақтау.
Белгілі бір қасиетіне , сапасына сәйкес жаңа маталар мен сәндік , көмекші материалдардың пайда болуы киімді пішінге келтірудің, оның технологиясын дайындау принциптерінің жаңа әдіс- тәсілін тудыртады.
Ұлттық мотивтерге негізделген қазіргі киім (басқа да дизаин заттары сияқты) утилитарлық қызметке бағынады.
Ұлттық киім интерпретация обектісі бола отырып,мынадай мәселе қояды: қазіргі костюмнің көркемдік шешіміне эмоционалдық сезімнің артуы мақсатында ұлттық киімнің басты белгілері тұтасымен қалай енуі керек. Сондықтан тігінші эскиздік жұмысқа кіріспес бұрын,ұлттық киімнің бұрынғы кезеңдік өмірін, оның атқаратын қызметін, түр-түсін, әдет-ғұрып дәстүрінде алатын орнын, қоршаған ортамен байланысын зерттеп, бойына сіңіруі керек.
Халық киімдерін зерттей отырып, оның барлық пластикалық байлығын,пропорционалды қарым – қатынас көркемділігін, түр-түсінің гаммасының, фактурусының әртүрлілігін және ритм байлығын сезінуге болады.
Киімді жобалау кезінде ұқыпты, әрі тиянақты іздену және жан-жақты зерттеу нәтижелері ешқандай еліктеушіліктерге жол бермейді. Қазақтың ұлттық киіміне негізделген қазіргі заман киімінің даралық шешімін оның негізін еске ала отырып, толық көшірмей, тек қана тақырып түбірін әрі оған қатысты сапаларын ескерген жөн.
Қазақтың ұлттық киімдері халқымыздың өмір тіршілігімен, философиясымен, дәстүрі және әдет ғұрпымен тығыз байланыста дамыды.
Ұлттық киімдер эстетикалық жағынан үздіксіз жетілу процесін бастан кешірді. Оның пішіні түр-түсі, конструкциясы көп ғасырлық тәжірбиеден өтті. Халық өзінің эстетикалық талаптарына,іс-әрекетіне,тұрмысына,географиялық және климаттық ерекшелігіне байланысты киім пішінін жасап, оны сақтап қалды.
Ұлттық киімнің негізгі мазмұны оның демократиялығында,пішін логикасы мен конструкциясында, рационалдығы мен тұтастығында.
Ұлттық киімнің барлық құрамдас бөліктері (бас киім, көйлек, қамзол, шапан, аяқ киімі,безендірілуі) бірін-бірі толықтырып, біртұтас көркем ансамбль құрайды. Оған көркем сипаттағы құрылым тән . Халқымыздың ұлттық киімдерінің мата дайындау тәсілінен, киім түрлерінің әртүрлі пішімі мен кестеленуінен, апликациялануынан, нәзік ойықтарынан рухани мәдениетпен астасқан маңызды дәстүрлік жай- күй орын алған.
2. Әйелдердің ұлттық үйлену той киімдерінің тарихына шолу
Әйелдердің ұлттық үйлену той киімдері – ұлттық киімдер ішіндегі ең сәнді және айырықша әшекейлі жинақталым(комплект).Ол негізінен көйлек, қамзол және сәукеледен тұрады.
Сәукеле – ХІХ ғасырдың соңына дейін қолданылған ежелгі киімнің бірі. Я.И.Ибрагимовтың сипаттауынша: «Сәукеле – күміс және алтын тиындармен, маржанмен, інжумен әшекейленген конус тәріздес биік етіп жасалған бас киім. Оның ұзындығы – 1.5 аршын. Бұл бас киімді алғашқы үйлену кезеңінде, бір жылға жуық уақыт киген. Сонан соң төрт-бес жыл бойы тек қана үлкен той-томалақтарда ғана киген. ХІХ ғасырда алтынмен апталып, күміспен қапталған, гауһар тастармен безендірілген, шебер қолдан шыққан сәукелелер мың сомға, яғни, жүз аттың құнына деиін бағаланған».
Сәукеле төбесінің ұшына үкі тағылған. Мұнда да халқымыздың астарлы ырымы жатыр. Үкі жас келіншекті тіл- көзден, бәле- жаладан сақтайды деп сенген.
Сәукеленің артқы жағына ақ үлбірлі желек қадаған. Ол ең нәзік те жұқа матадан жасалып, ұсақ моншақтармен жиегі әсемделген. Келіншек
жаңадан түскенде , беташар тойынан бұрын бұл желекпен жас келіннің жүзін жасыру мақсатында сәукеленің алдына түсіріп қояды.
Сәукелеге тағы бір көрік бере түсетін әшәкей – шекелік деп аталады. Ол сәукеленің екі шеке тұсына әртүрлі пішіндегі әсем су моншақтармен тізілген,бірнеше қатар боп төгіліп тұрады. Шекелікті сәукелеге қолданған матадан да жасаған, әртүрлі ою-өрнек кестелеп, ұсақ моншақтармен безендірген. Оның ұзындығы иыққа дейін, кейде тіптен көкірекке, белге дейін де жасалған.
Сәукеленің жиектері кейде бағалы аң терісімен қапталып,маңдайшасына үлкен бағалы тас қадаған.
Қалыңдыққа арналған көйлектер түрлі жібек, креп-сәтен, органзы, шифон секілді жеңіл де нәзік маталардан тігілген. Баулармен, моншақтармен, стразамен, жылтырақ түймелермен , шыны моншақтармен, ызбамен, алтын көмкерме жиектермен әшекейленіп өңделген.
Көйлектер белінен бөлінеді де белі резіңкемен жинақталады. Белдемшесі төрт қиықты.,толық шеңбер немесе жартылай шеңбер болуы мүмкін.
Әдетте белдемше етегін айналдыра бірнеше қатар желбіршектер салынып тігіледі.
Желбір ені санына және жиілігіне байланысты өзгереді. Кейбір түрлерінде белдемше қиықтарына қосымша қиықтар қосылуы мүмкін.
Мұндай қосымшалар көйлекке айырықша әсемдік берген. Оны жасау үшін қосымшалар бұрыштан басталып екіге айырылады,гофре немесе плиссе техникалары арқылы орындалады.
Көйлектің етегі ызбамен , жиектікпен, алтын немесе күміс шашақтармен әшекейленеді. Желбірлері ирек тігіспен немесе жиектікпен өңделеді.
Көйлектің омыраушасы шағын көлемді болып келеді. Жағалары мойын түбіне дөңгелене ойылады. Қайырма жазық жағалы, тік жаға салынады. Көйлек омыраушасының түймелігі артқы бойдың орта тігісіне түсірілетін сыдырма түимелік немесе түйме арқылы бекітіледі. Мойын ойындысы желбірмен,алтын және күміс қамқамен әшекейленіп, біз кестелеу арқылы аралас өсімдік тектес ою - өрнек түрлерімен кестеленген. Көйлекке қондырма жең салған. Қондырма жең түрлері де әртүрлі, мысалы, жең тардан басталып кең желбірлі,желбіршекті қаттамалармен жең аузына қарай кеңітілген немесе қаттамаға бүрмеленіп жинақталады.
Қамзолдардың үлгілері әрқилы, көбіне қынама силуетті болып келеді. Түймеленуі қапсырмамен түйісе ілгектеледі. Омырауы алтын қамқамен оюланады. әртүрлі әшекейлермен сәнделеді. Үйлену той жинақталымы құрамында қамзолдар көбіне шапан түрінде, ұзын, жеңі бар болады, кейбір түрлерінде көкірекше, қазіргі тілде айтқанда – балеро және белшалғы түрінде тігілген бүгінгі күнге лайық моделдері де болады
3.Әйелдердің үйлену той бас киімі сәукелені дайындау.
Біз сәукелені дәстүрлі сәукеледен ерекшелеу, бүгінгі заманға лайықты моделін таңдадық. Ол төрт қиықтан тұратын, тысы қамзол матасымен қапталған, биік әрі сүйірленіп келген ұшына табиғи үкі тағылып, желбір мен жапсырма ою түрлерімен, су моншақтармен әшекейленген.
Үлбірді (мех) қолданбаған себебіміз, жылдың ыстық маусымдарында үлбірлі бас киім кию қолайсыздық туғызады. Ал біздің жеңіл материалдан әзірленетін сәукелеміз кез-келген маусымға қолайлы.
Әйелдердің ұлттық бас киімін дайындаудың технологиялық бірізділігі.
Операциялар мазмұны |
Жұмыс түрі |
Дәреже |
Уақыт, сек |
Пішіп алу,бөлшектердің түгелдігін, жаймалардың қиылуын тексеру , пішім бөлшектерін комплектілеу, тігуге жіберу |
Қол жұмысы |
3 |
200 |
Қаңқасын дайындау |
|
|
|
1.Қатты картоннан ұшы сүйір төрт қиықша кесу 2.Қиық араларын тігіп қосу |
Қол жұмысы |
2 |
300 |
Сыртқы қабын өңдеу |
|
|
|
1.Сыртқы бөлшектерін қосып сырып тігу |
Машинамен тігу |
3 |
240 |
2.Тігістерді айыра үтіктеу 3.Төбесін қосып тігу 4.Дайын болған тысты өңіне айналдыру. 5.Ою мен моншақтар тігу 6.Дайын болған тысты қаңқаға қыстыру |
Машина Үтіктеу Қол ж Қол ж машина |
3 3 3 3 3 |
60 40 20 300 60 |
Астарын өңдеу |
|
|
|
1.Астардың орта тігісін тесік қалдыра отырып сырып тігу 2.Тігісті айыра үтіктеу 3.Жиектерін тысқа қосып тігу |
Машина Үтіктеу Машина |
2 2 2 |
40 40 35 |
Жиегін өңдеу |
|
|
|
1.Сәндік ызбамен әрлеп көмкеру 2 Екі шекелігіне моншақ тігу |
Қол және машина Қол ж |
3 3 |
120 180 |
Құрастыру-әрлеу жұмыстары |
|
|
|
1.Дайын бұйымды тазалау жұмыстары. 2. Төбесіне үкі тағу 3.Артқы желбірін қыстыру. 4. Желбіріне моншақтар тігу |
Қол ж Қол ж Қол ж Қол ж |
2 2 2 2 |
60 120 60 300 |
Уақыт шығыны |
|
|
3175сек |
Тігу құны |
|
|
1640тг |
Балеро-қамзолды, белшалғыны, көйлекті дайындаудың технологиялық бірізділігі.
Көйлек пен қамзолдың құрылымы өзара көмек беретін экономикалық елдердің киімді конструкциялаудағы бірегей әдістемесі бойынша жасалды.
Бұл әйелдер үйлену той костюмдері ұлттық мотивте жасалғанмен, этнографиялық вариант емес, тарихи дерекнамалардың ұлттық нәрін ала отырып, бүгінгі таңдағы сән бағытының дамуына сай дамытылған түрі болып табылады.
Біздің инновациялық әдіспен жасалған үйлену той жиынтығымыз негізінен корсетті жібек көйлектен, балеродан және белшалғыдан тұрады.
Балеро-қамзолды дайындаудың технологиялық картасы
Бөлінбейтін операциялар атаулары |
түрі |
Дәреже |
Уақыты Сек. |
Дайындау секциясы |
|
|
|
1.пішіп алу,жаймалардын түгелдігін,қиылуын тексеру, пішім бөлшектерін комплектілеу, тігуге жіберу. |
Қол жұмыс |
3 |
500 |
Артқы бойды өңдеу |
|
|
|
1.релеф тігістерін сырып тігу. 2.релеф тігістерін торлау. 3релеф тігістерін жатқыза үтіктеу. |
Машина Оверлок үтік |
3 2 3 |
240 100 150 |
Алдынғы бойды өңдеу |
|
|
|
1.релеф тігістерді сырып тігу 2.релеф тігістерді торлау 3.релеф тігістерді жатқыза үтіктеу. |
Машина Оверлок үтік |
3 2 3 |
240 100 160 |
Жеңді өңдеу |
|
|
|
1.жең бөліктерін біріктіру. 2.торлау. 3.бұйымға қондыру |
Машина Оверлок Қ. М |
3 2 3 |
130 80 210 |
Астарды өңдеу |
|
|
|
1.артқы бой тігістерін сырып тігу 2.алғы бой тігу 3.жең тігістерін сырып тігу 4. астар бөлшектерін құрастыру 5.астарды негізгі бөлшекке қосып тігу 6.бастыра үтіктеу. |
М М М Қ. М Қ. М. Ү |
2 2 2 3 3 2 |
240 240 180 210 320 100 |
Сәндеп-әрлеу жұмыстары. |
|
|
|
|
Ү Қ Қ. М. М |
2 3 3 3 |
160 300 240 180 |
Соңғы өңдеу жұмыстары |
Қ.м.ү |
|
<
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |