400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық теңге тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5 «в»

Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге - мақтанышымыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау

Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан – жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р. картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар.


САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:


І Ұйымдастыру (1 минут)

1) Амандасу.

2) Сынып тазалығын тексеру

3) Оқушылар назарын сабақ барысына аудару.

ІІ Үй тапсырмасың сұрау. (15 минут)

І. Миға шабуыл: ( )

1) Рәміздер дегеніміз не?

Жауабы: (Мемлекеттерді бір-бірінен ажыратып тұратын нышан-белгілер)

2) Батыс Түрік қағанатының туы қалай аталған?

Жауабы: («Қош жалау»)

3) Көне түрік байрақтарында негізіне қандай аң беәнеленге?

Жауабы: (Қасқыр)

4) Уыз ханның алтыннан құйылған рәмізі қалай аталады?

Жауабы: (Бөрілі ту)

5) Ежелгі тулардың тарихынан мол мәлімет беретін аса құнды дерек қалай аталады?

Жауабы: (Таңбалы тас)

6) Найман тайпасының ұраны –

Жауабы: (Қабанбай)

7) Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер?

Жауабы: (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)

8) Қазақстан Республикасының туының авторы кім?

Жауабы: (Ш. Ниязбеков)

9) Әнұранның авторларын ата

Жауабы: (Ж.Нәжміеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)

10) Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?

Жауабы: (Екі жағдайда : 1 ) Мелекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда;)

ІІ Терминдердің мағынасын ашып айт

  1. Тарих

  2. Геральдика

  3. Виксикология

  4. Сфрагистика

  5. Герб

Жауаптары:

  1. «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.

  2. Елтаңбаларды зерттейтің ғылым саласы

  3. Туларды зерттейтін ғылым саласы

  4. Мөрлерді зерттейтің ғылым саласы

  5. Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.


ІІІ. Цифрлы диктант

  1. Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі мемлекеттер саны; (224)

  2. «Он оқ будун» рәміздік белгілері Батыс Түрік қағанатында қабылданды (635 жылы)

  3. Таңбалы таста қанша сурет салынған (2000-ға жуық)

  4. Қазақ АКСР-інің елтаңбасы қабылданды (1925 жылы)

  5. Қазақ КСР-інің елтаңбасы қабылданды (1937 жылы)

  6. Елтаңбадағ жазу латын әріпінен кириллицаға ауыстырылды (1940 жылы)

  7. Жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасының елтаңбасын бекітті (1992 жыл)

  8. Қазақстан Республикасының Туы бекітілді (1992 жылы маусым)

  9. Тұңғыш әнұран қабылданды (1992 жылы желтоқсан)


ІҮ. Рәміздердің айшықты белгілері нені білдіреді?

DrawObject1

DrawObject2


DrawObject4 DrawObject3


DrawObject7 DrawObject8 DrawObject5 DrawObject6






DrawObject9


DrawObject10

DrawObject11

DrawObject13 DrawObject12


DrawObject18 DrawObject15 DrawObject17 DrawObject14 DrawObject16






ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру. (20 минут)

Жоспар:

1).Нумизматика дегеніміз не?

2).Теңгенің шығу тарихы

Нумизматика–табылған теңге, ақша жасауға қолданылған материалдар бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтің ғылым.

Нумизматиканың негізін салушы – веналық коллекционер, оқымысты И.И. Эккель (1734-1798)

Пегуния латын тілінде ақша деген мағына білдіреді

Айырбас сауда түрлері:

Меланезия – акула тістері

Монғолдар – кірпіш шай

Көшпелілер – мал және мал терісі

Әр елдің өзінің ұлттық ақша бірлігі яғни валютасы болады.

Мысалы:

DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19

DrawObject24 DrawObject23


Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасықолға алды.

1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.

Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде үлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т,б суреттері салынды.

1 теңгеде – әл Фараби 3 теңгеде – Сүйімбай 5 теңгеде – Құрманғазы

10 теңгеде – Шоқан 20 теңгеде – Абай 50 теңгеде – Әбілқайыр хан

100 теңгеде – Абылай хан

Қазіргі қүні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.



ІҮ. Сабақты қорытындылау.

1..Тарихи басқатырғыш

А) ҢЕЕГТ

В) РОЛЛАД

С) НИЕ

Д) ЬБРУЛ

К) МУС

Ж) ВЕОР


2..Ақпараттық қағазды толтыру:


Ұлттық валюта атауы

Теңге


Туған жері

Қазақстан


Туған айы, күні, жылы

15.11.1993


Жасы

19 жыл


Авторлар тобы

М. Әлин, Х. Ғабжалилов. Т. Сүлейменов


Алғашқы шығарылған орны

Англиядағы «Харрисон энд санс»


Номиналдары

1,2,5,10,20,50,100,200,500,1000,2000,5000,10000




Ү. Бағалау сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалап баға қою.

ҮІІ Үйге тапсырма беру: § 58 оқып әңгімелеу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі