Материалдар / Ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс. Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2022
313
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызы


Өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі ерекше. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу, ұяңдық сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.

Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс. Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.

Ата-ананың өзара тату-тәтті сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді. Отбасындағы ұрыс-керіс, орынсыз жанжал, балағат сөздер баланы жақсы әдетке тәрбиелейді. Өйткені бала іштей тынып, не істерін білмейді. Ата-ананың оғаш мінезі балалардың дөрекі, тілазар, қатыгез, өзімшіл болып өсуіне әсер етеді. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу — тəрбиенің басты міндеттердің бірі. Бұл саладағы күш-жігер, алдымен, бүлдіршіндерді отаншылдыққа тəрбиелеуге бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашатын туған жері, кең байтақ гүлжазира даласы. Балаға «Отан», «туған жер» дегеніміз — тарихи қалыптасқан əлеуметтік, саяси жəне мəдени орта. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тəжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тəрбиелеуді пайдаланған бала тəрбиесіне ерекше мəн бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген. «Болашақ ел қамқоры», «Отан қораушысы», «Шаңырақ иесі», — деп жақсы сөзін қазақ халқы баласына арнаған. Отанды сүю халық ауыз əдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында, халықтың тəрбие-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары, отбасындағы тəрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығырмалары, бейнелеу өнері, қол өнері туындыларында тəрбиелік мазмұнда көрініс тапқан. Жас ұрпақты намысшылдыққа, ерлікке, отаншылыққа «Ер жігіт елі үшін туады» деп, кішіпейілдікке «Кішіпейіл болсаң, кішіреймейсің» деп, бауырмашылыққа, білімпаздылыққа, ақылдылыққа «Ақыл азбазды, бегім тозбайды» деген, тазалыққа «Тазалық — саулық кепілі», еңбекке «Еңбек түбі — береке» дей келе туған жер табиғатын, ерлік дəстүрін сүюге тəрбиелеген. Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман əдет, жат мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жирену керек деген екен. Балалар тіл мəдениетін үйретіп, шығармашылыққа тəрбиеледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуға, адамгершілікке тəрбиелейді.

Халқымыздың ежелден берік ұстаған əдеп-салтының бірі — адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынастар, екі жақты сыйластық. Сол себепті жас үлкенді сыйлап атын атамай, оларды: «Ата, əже, апа, аға, тəте, көке, əпке, жеңге» — десе жасы кішілерді үлкендер өз тарапынан: «Інішек, қарындас, шырағым, бауырым т.б», — деп құрметтеп атайды. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегелі əдепті біз қазақтың мақал-мəтелдермен нақыл сөздерінен, бүгінгі таңдағы шығармалардан көптеп кездестіреміз. Мысалы: «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет», «Əдепті бала өсірсең, елдің абыройы» осы сияқты сөздер əрқашанда əдептілікті сақтағаның, сыпайы, кішіпейіл адамды үлгі, жас ұрпақтын тəлімді, тəрбиелі болып өсуіне назар аударып, көңіл бөліп отырған. Сондай-ақ сырттан жасы үлкен адам кіргенде, тұрып сəлем беру, орнынан тұруға көмектесу, шығарып салу — жас балаға тəн деп санаймыз. Қонаққа сай құрмет көрсету — үлкен арыс, бұлжымас міндет.

Мектеп жасына дейінгі балалар тəрбиесіндегі ұлттық тіл дамытуындағы басты міндет — балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тіл дамыту əдіс-тəсілдер арқылы жүзеге асыру. Ол сұрақ-жауап, сөздік қорды дамыту, сөйлесу, əңгімелесу, көрнекілік. Əр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекілік құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деген ойдамыз. Заман өзгерген сайын əдіс-тəсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Əр түрлі жаңа технологияларды өз тəжірибемізде қолданып жүреміз. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру əдіс-тəсілдерді таңдауымен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын түрлері қойылады. Адам мəдениеті ойын арқылы дамиды, демек, балалық шақтан бастап қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тəжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-əрекеттің бір түрі, яғни тəртіпті, өзін- өзі басқаруды жетілдіреді. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-əрекеті.


Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға-мектептегі сынып жетекшісі. Сынып жетекшісі, ол-қоғамның талабына сай белгілі бір сыныптағы оқу-тәрбие процесін ұйыдастырушы басты тұлға. Ол оқушылардың таным әрекетін ұйымдастырып, олардың әлеуметтену процесін қалыптастырады.

Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Соның ішінде негізі міндеті - қоғамның талабына сай азамат тәрбиелеу. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін қажет қасиеттер:

  • Педагогикалық білім деңгейінің сапасы жоғары;

  • Педагогтың шеберлігі;

  • Мектептің педагогттік ұжымы мен ата-аналар және жұртшылықты бала тәрбиесіне тарта білу қабілетін игеруі;

  • Идеялық сенімі айқындалған;

  • Тәрбие саласында теориялық және практикалық таныстығы жоғары;

  • Төзімділігі, шыншылдығы.

А.С Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған.

В.А Сухомлинскийдің тілшімен айтқанда: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін». Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше. Соған қарамастан бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жасады: ата-аналар жиналысы, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасында болу т.б.

Сондықтан да ата-аналар баларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас , тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарауы тиіс. Оқу тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс. Əр баланың жеке басы, оның моральдік дамуы үшін қамқорлық жасау — бүгінгі күннің жəне алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлу талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тəрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығы қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда басты рөлді атқарады. Оның ықпалы неғұрым белсендірек болып, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын олардың ерік- күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Əрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін өзіндік ерекше жағдайлар керек. Мəселен, ойында ұнамды əдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік парыздық сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т.б. қалыптасады.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы — балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер нені айтса соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетін бəріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені — ол үшін адамгершілік тəрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмытылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер, берер тəлімі мол болмақ.


Əдебиеттер тізімі


  1. Тілеужан М. Рухани өнегелі тəрбие // Бала тəрбиесі. — Алматы, 2006. — № 2. — 24-б.

  2. Ахметова М.Т. Адамгершілік-рухани тəрбиенің маңыздылығы // Өзіндік таным. — Алматы, — № 2. — 18-б.

  3. Бабаев C.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы // Бастауыш мектепте оқыту. — 2007. — №

  4. Аймауытов Ж. Тəрбиеге жетекші // Бала тəрбиесі. — 2008. — № 47. — 38–43-б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!