5-сынып-экономика.
Ұлттық валюта.
Сабақтын мақсаты:-Ақша туралы
оқушылардың білімін кенейту.
-Ақшаның қызметін
ашу
-ВалютаҰлттық валюта туралы
мәлімет беру. танымдық. деңгейлерін кеңейту, ойлау
қабілеттерін дамыту тәрбиелілігі -Оқушылардың белсенділігін
арттыру,ізденуге тәрбиелеу. -Шығармашылық міндеттерді шешуде
командада жұмыс істеу дағдысын дамту.
Сабақты баяндау:диалогтық
әнгімелесу,тапсырмаларды орындау барысында бұрын алған білімді
жинақтайды.
1.Үйымдастыру
кезені.
2.Өткен материалды
шолу..
Ақша деген не деп
ойлайсындар?(оқушылардын пікірін тындау)
Айырбас деген не? Баспа-бас
айырбас.
Тауарлық ақша түсінігін
беру.Тауарлық ақша түрлерімен таныстыру.
Неге адамдар тауарлық ақшадан
бас тартты?-ситуация талдап пікір алмасу.
Тауарлық ақшанын
кемшілігі.(талдау жасау)
Ақшанын пайда болуына не себеп
болды?-пікір алмасу.
Ақшанын қандай түрлерін
білесіндер?
3.Жаңа сабақ
.
Валюта.Ұлттық валюта.Біздің
валюта қашан енгеніне тоқтау.Сыртқы сауда ішкі саудадан немен
ерекшеленеді.
Мемлекеттер бір –бірі мен
сауда жасағанда қалай есеп айырысады?
Валюта бағамы түсінігін
беру.
Ұлттық валютаның қалыптасуы
мен дамуы
Кіріспе
1993 жылдың наурызында
«Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкі» туралы жаңа Заңы қабылданды.
Соған сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкінің басқару қүрылымдары терең
өзгерістерге үшырады. Сонымен, Қазақстанда Ұлттық Банк заңды түрде
танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезеңінен нақты жүмыс
істей бастаған болатын. Ұлттық банк жаңа заңға сәйкес жаңа басқарма
сайлады, оның қүрамына Президент әкімшілігінен, Парламент
аппаратынан, Үкімет пен Қаржы министрлігінен өкілдер
кірді.
Өз ұлттық валютамызды еңгізу
қажеттігі 1991 жылдың аяқ шені мен 1992 жылдың бас кезінде айқын
болды. Валютамыздың күрделі процесі ақша реформасымен түспа-түс
келіп жоне мән-жайы белгілі бір қиындық туғызды. Оның үстіне ақша
реформасы өз ақшасы, өз валютасы бар жерде жүргізілетіні белгілі
ғой.
Сонымен бірге, алтынның,
күмістің және басқа да асыл металдардың жеке меншік банктер мен
жеке тұлғаларға жылыстауы туралы қауіптер Мәскеудегі Орталық,
Ұлттық, Резервтік және басқа да мемлекеттік банктерді орағыта алтын
қүймалық жинақтамалардың даму үрдесін ескере отырып, орын алды. Осы
жағдайда республикамызда Жоғарғы Кеңес төралқасы мен сессисының
шешімін шапшандатқаннан басқа амал қалмады. 1991 жылдан 1993 жылдың
бас кезіне дейін 1 доллардың шамамен 100 рубльге ара қатынасы 1
доллар 980-990 рубль ара-қатынасына дейін көтерілді. Уақыт өтіп
жатты және жорамалданған 1 теңге — 1000 рубль арақатынасы туралы
айтуға тура келді…
О з ұлттық
валютасын еңгізген және бүрынғы Одақтың ыдырауынан пайда болған
тәуелсіз мемлекеттермен көп валюталық ақшалай айналыс кезінде
ҚР-ның Ұлттық Банкі өз үлггық валютасымен алтын валюталық қорын
рынокқа республиканың валюталық биржасы арқылы шығаруы және басқа
елдердің қажетті валютасын: РФ рублін, Украина гривнасын, литтерді,
латтарды, манаттарды, сомдарды, маркаларды, юаньдарды, швейцар
франкілерін, иендерді және т.б. алуы тиіс болды. Мәселе өте күрделі
бастады, сондықтан Достастық елдерінде жаңа рубль еңгізілген кезде
ҚР-ның Ұлттық Банкімен оның валюталық биржасы теңгенің айырбас
бағамының 1-ші сатысывда теңге тек қана РФ рублімен, АҚШ долларымен
және ФРГ маркасымен жұмыс істейтін
болды.
Қазақстандық
тенге
Біздің қазақстандық
теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы. Президентіміздің
Жарлығымен 15 қараша төл валютамыздың туған күні және қаржыгерлер
күні болып белгіленді. Ұлттық валютамызды теңге деп атаған -
Халықаралық инженерлер академиясының академигі, белгілі қоғам
қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет»
орденінің иегері - Сауық Тәкежанов.
Теңгеміз тәуелсіздігіміздің
айғағы, берік тірлігіміздің куәсі. Теңгенің дизайнына шетелдік ірі
мамандар жоғары баға берді. Сонымен қазіргі АҚШ долларының төрт
қана қорғанышы бар екенін ескерсек, біздің төл валютамыздың 14
қорғанышы болғанын ерекше айтқан
ләзім.
Ұлттық валютамыз еліміздің
өткенін, бүгінгісін және болашағын
бейнелейді.
Қазіргі кезде теңге тұрақтанып
келеді. Оның тұрлаулы валюта болуы үшін біраз істерді жүзеге асыру
керек. Атап айтқанда, өз өндірісімізді нығайтуымыз
қажет.
4.Жұмыс дәпрері.№37-38 беттегі
тапсырманы орындау,
5.Проблемалық
ситуация.
Неліктен әр мемлекеттін ақша
бірлігі басқа мемлекеттін ақша бірлігіне тен
емес?
6.Сабақты
қортындылау.
7.Үй тапсырмасы.Ақша және оның
пайда болу тарихы.