Материалдар / «Ұлттық валюта күніне арналған» сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық валюта күніне арналған» сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекші мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
2537
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















«Ұлттық валюта күніне арналған» сайыс





















Дайындаған: Аға тәлімгер: Еслям Эльмира Гумаровна






2020

«Теңге – ұлттық табыстың кепілі» сайыс

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай егемен елдің айшықты таңбасы ретінде белгіленген төл теңгенің тарихын өскелең ұрпаққа түсіндіру.

Білімділік:  Өз ұлттық теңгеміздің  тарихы туралы  мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру.  Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд -шоу қазақ ақшалар, кестелер.

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін». (Н. Ә. Назарбаев)

Аға тәлімгердің сөзі:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар! " Ұлттық теңге  — тәуелсіздігіміздің нышаны " қош келдіңіздер.

Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы

I кезең:  «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты  сұрақтарға жауап беру:

  1. -Он алтыншы Желтоқсан қандай мереке (Тәуелсіздік күні)

  2. -Қазақстанда тәуелсіздік туралы заң қашан қабылданды?

  3. -Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.

  4. -Конституция қай жылы қабылданды?(30тамыз 1993)

  5. -Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

  6. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?

  7. Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков )

  8. -Елтаңбаның авторы кім?(Жандарбек мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов )

  9. -Жаңа әнұранның сөзін, әнін кім жазды?(Н.А. Назарбаев )

  10. -Алғашқы рет жаңа әнұран қайда орындалды?( Ел Президентін ұлықтау рәсімінде.)

  11. -Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды(1993)

II кезең: «Әр елде  — өз валютасы ». Әр елдің дұрыс валютасын анықтау.

«Табыс» тобы үшін берілген қиынды кеспелер.

а) «Табыс»   тобына

Италия – (лира)
Үндістан – (
рупия)
Қырғызстанда- (сом)

Ресейде –(рубль)

Германияда- (марка)

Америкада- (доллар)

Әзербайжан валютасы-(манат )

Монғолия валютасы – (Тугрик)

Грузия валютасын ата – Лари

б) «Тиын» тобына

Ұлыбританияда- (фунт)

Украинада — (гривна)

Қытайда — (юань)

Тәжікстанда — (манат)

Өзбекстанда — (сум)

Түркияда –(лира)

Латвияда – ( лат)

Кореяда — (йена)

Армения валютасы-(Бран.)

III кезең: Жағдаяттар  шешу . Топ болып талқылап, жауабын  сахналау керек:.

«1» тобына-1-жағдай: Биылғы оқу жылында  қазақ  тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық  бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі.жыртық. Сен оқулықты  ұстағың келіңкіремей  тұр. Сенің іс-әрекетің

2-жағдай: Сен екі ініңді  бала бақшадан алып  қайттың. Інілерің  қарындары ашқандарын айтты. Сенде  тек 60 теңге бар.

Балмұздақ- 60 теңге,  3 алма – 60 теңге, 1қорап сағыз – 60

теңге

Қай затты алар едің?  Неге?

2 тобына – 1-жағдай: Сенің  былтырғы етігің өзіңе шақ. Бірақ оны кигің  келмей тұр. Жыртық болмағанмен, ескі. Ойыңды әкеңе айтып едің, әкең айлық әлі алмағанын айтты. Сенің  әрекетің…?

2-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк  болады деді. Билет  бағасы – 300 теңге. Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды, сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ?

IV кезең: «Менің қиялымдағы теңгем»:   ( өздері салып келген  теңгелерін қорғау.)

V кезең:  «Кім жүйрік» атты топ басшыларының сайысы.  1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс:

1.     Қазақстан Республикасының валютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-
Инфляция
3.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-
Валюта
4.Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал

5. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
6. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
7.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-
Банкнот
8. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-
Транзит
9. ҚР ең алғаш астанасы-
Қызылорда  (Қамыс қала,  Ақмешіт)
10.Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар -
Ақша
11. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы – Инвестиция.

Ақша көп жинаған  «Табыс» тобы жеңіске жетті.
Жүргізуші: Біздің  Отанымыз  – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан  аса  ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса, Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!  Еліміздің экономикасын дамытушы,  жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз  боламыз.

Қорытынды (аға тәлімгердің сөзі):

Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да,  29  жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым!» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі сайысты аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!

Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!-дей келе «Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!