Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ұлттық зияткерлік ойыны "БЕСТЕМШЕ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойын "БЕСТЕМШЕ" балабақша мен бастауыш мектепке зияткерлік ойынын үйрету әләппесі. "БЕСТЕМШЕ" ойынын үйренген балаға тоғызқұмалақ ойынын үйрету жеңіл болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлтық ойынын БЕСТЕМШЕ үйрету әдісі

Түйінді сөздер: ойлау қабілеті, бестемше, логикалық ойлау, ойлау жылдамдығы,

Ключевые слова: мыслительная способность, бестемше, логическое мышление, скорость мышления,

Key words: thinking ability, bestemche, logical thinking, speed of thinking,

Аңдатпа

Ұлттық зияткерлік ойынының бірі бестемше, тарихы мен ойын ережелері, ойын жүрістері, тактикаларының диаграммасы мен бағдарламасы ұсынылады

Аннотация

Предлагается одна из национальных интеллектуальных игр «Бестемше», история и правила игры, диаграмма и программа игровых ходов, тактик

Abstract

It offers one of the national intellectual games, the history and rules of the game «Bestemshe», a diagram and a program of game moves, tactics

Дүниежүзінде зияткерлік ойындардың көптеген түрі дамыған, ойындар өскелең ұрпақ қәбілетін дамыту мен қатар олардың физикалық қасиеттерін дамытады. Дара тұлғаның біліктілік қасиеттері ойындар арқасында шыңдалады, шығармашылығын дамытады. Ата-бабаларымыз баланы ойындар арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрлерінді, ұлттық ойындарды балдырғандарға үйрету арқылы бойына сіңдірген. Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы – халқымыздың бай ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау болып табылады. Қазіргі таңда көп ұлттық ойындар ойналмай ұмытылып қалды. Қазақ халқының ұлттық зияткерлік ойындарының бастысы да, үзіліссіз ойналып келген түрі  - тоғызқұмалақ. Бұл ойын ойнаушы талғамайды: бала да, жас та, кәрі де, ер бала да, қыз бала да ойнай береді. Алайда, тоғызқұмалақтың күрделілігі қанша дегенмен балдырғандардың ойлау жүйесіне салмақ салады. Бұл ойынның барынша қарапайым жеңіл түрлері бар, ол - бестем (бестемше). Бестемше ойынын тоғызқұмалақ ойынын үйренудің алғашқы сатысы деп таныстырсақ та болады.  Ойындарының тарихы 4 мыңжылдық кезеңді қамтығанымен, нақты жазба деректерінің болмауы кесірінен ойынның хронологиялық кезеңдері бірізді емес. Ауыз әдебиеті үлгілері мен аңыз-эпсаналарда ғана тоғызқұмалақ туралы мәліметтер бар, бестемше туралы жоқ. Ең алғашқы жазба әдебиет үлгісі ретінде Махмуд Қашғаридің Диани Луғатит-ат-турк шығармасын айтуға болады.   Шығарма ХІ ғасырда жазылған. Осы еңбекте Бестемше ойынына ұқсас ойын – «көшүрме» деген атпен ұшырайды.Бестемше – тоғызқұмалақ ойындарының шағын түрі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойыны.

«Бестемше»

«Бестемше»



« Бестемше» - бұл математикалық есеп ойыны, бұл ойын арнаулы тақтада ойналады. Ойын екі ойыншының арасында өтеді. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, келесі жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен тасты жасыру арқылы анықталады.



1 сурет Бестемше тақтасы.



Shape1

Shape3 Shape2



отау тастары қазан

Ойын тақтасы– 2 қазан, 10 отау, 50 тас болады. Ойын басында әр ойыншыға 1 қазан, 5 отауға бес-бестен салынған 25 тас тиесілі. Ал ойын тек 10 отаудан ғана жүргізіледі. Сондықтан да қарсыластардың отауына 1- ден 5 – ке дейін рет сандары қойылған. Рет саны солдан оңға қарай қойылған. Ойын тақтасында әр отау екі өзекшеге бөлінгендіктен, тастардың өзі екі қатар болып жатады да, не тақ (ашық), не жұп (жабық) екені анық көрініп тұрады. Әрбір отаудың белінен бөліп жүргізілген (тақтаның суретіне қараңыз) сызыққа дейін 5 тас салынады. Ойында қарсыластар алма-кезек жүріс жасап отырады. Ойыншылар өз қазанына 25 тас ұтып алғаннан кейін де ойынды тоқтата салмай, аяғына дейін жеткізуі керек. Бұл ойынның қандай есеппен аяқтағанын білу үшін қажет. Жүріс жасайтын ойыншы өзінің кез келген отауынан жүре алады.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздың отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған тастарды қолға алып, солдан оңға қалай бір-бірлеп таратамыз.Тарату сәтінде тастар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз.Егер соңғы тастар қарсыластың тақ санды тасы бар отауға түсіп,ондағы тастарды жұп қылса (2 ,4, 6, 8, 10 ,12),сол отаудағы тастарды ұтып алынып,өз қазанымызға салынады.



2 сурет.

Үшінші отаудан жүрген бастаушының бірінші жүрісі.







Жүріс кезегі қостаушынікі. Қостаушы кез келген отаудан тастарды алады да (біреуін орнына қалдырып)жоғарыдағыдай тәртіппен таратады.

Егер соңғы құмалақ түскен отаудағы тастар отаудағы саны тақ болатын болса,(1,3,5,7,9,11) немесе өз отауымыздан асып түссе,құмалақ ұтып алынбайды. Жүріс кезінде соңғы тас өз отауыңызға келіп түссе,онда жай жүріс боп есептеледі. Отаудағы жалғыз тасты көрші отауға жүруге болады.Жүріс жасаған кезде отауларға тастар салмай кетуге болмайды.Тастарды жүргенде әр отауға салу керек. Қолдағы тастардың барлығын тарату қажет.



3 сурет. Қостаушының жүрісі







Жоғарыда келтірілген ойындарда шығатын қортынды: жұп санды тас бар отаулар «жабық отаулар» болып саналады да, тақ санды тасы бар отаулар «ашық отаулар»болып есептеледі.Әркім өз отауын жабық, ал қарсыласының отауын ашық етуге тырысуы жөн.Бестемшеде ұтқан адам 1ұпай алады.

Бестемше ойынның бір ерекшелігі әрі басқа ойындардан артықшылығы -әр отаудың ішінде жатқан тастың саны яғни соңғы тастың дәл қай отауға барып түсетінін көрсете алатындығы.Сондықтан ойын барысында қай отауға қанша тас жиналса да соңғы тас қарсыластың немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласының қай отаудағы тасы сенің ашық отауыңа қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады. Отауда жатқан екі тастың барлық жүрістердің санын табу үшін,жүрісті жүретін отау мен тастар жинайтын отаудың арасындағы отаулар санын отаудағы тастар санына көбейтсек болғаны.Отауда жатқан 2 тасты отау санына көбейту. Ойынның алғашқы жүрісін қарап өтелік.

1-кесте:Төмендегі тақтадағы алғашқы жүріске назар аударайық




Бастаушы қазаны


6

6

6

6

1

5

X

5

5

5

5


0


Қостаушы қазаны



Бастаушының №2 отаудағы 5 тастың 1-ін қалдырып 5-1= 4 тасты қолымызға алып отауларға бір-бірден салып жүріс жасаймыз, тастың соңғысы қарсыластың №1 отауына барып түседі және ондағы 5 соңғы таспен 5+1=6 болып , ұтып алынады және қазанымызға салынады.

Жазылу үлгісі: 21

2- кесте:Төмендегі тақтадағы екінші қостаушының жүрісіне назар аударайық


6


6

6

6

1

X

X

1

6

6

6


6




Қостаушы №2 отауда жатқан 5 тастан 4-ін алып , басқа отауларға оң жақтан бір-бірден таратамыз. Таратқан тастардың соңғысы қостаушының №1 отауына келіп түсіп 5+1= 6 тас болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Ойын табысты жүріс болып есептеледі.

3- кесте:5 отаудан жүрген жай жүріс


6


1

6

6

1

X

1

2

7

7

7


6




Бастаушы №5 отаудағы тастары 6 тасын таратса, соңғысы қарсыластың №5 отауына барып түседі және 6 тас соңғы таспен 7 болып, орнында қалады. Бұл жай жүріс болып саналады.

4- кесте: Қостаушының 3 отаудан жүрген жүріс


6


1

7

7

2

1

1

2

1

8

8


6


Қостаушы №3 отаудан 7 таспен жүріп ,№2 қарсыластың отауына жай жүріс жасады.

5- кесте: Бастаушының №1 отаудан жүрген жүріс


8


X

7

7

2

1

X

2

1

8

8


6


Бастаушының №3 отаудан 1 таспен жүріп ,№5 қарсыластың отауынан 2 тас ұтып,жүрісі табысты болды.

6 - кесте: Қостаушының №2 отаудан жүрген жүріс


8


X

7

7

2

1

X

1

2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2024
1806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12